Мамандық таңдау- өмір таңдау

Өмірдегі маңызды 2 таңдаудың бірі- мамандық таңдау.Мамандық таңдау деген өзіңнің қалауыңдағы жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да дұрыс таңдау.Қазіргі таңда мамандықты жынысқа қарап бөліп жару ұғымы қалып барады.Заман өзгерген сайын адамдар да жетіліп,жаңа көзқарастар пайда болып, қоғам дамып,әлемге түрлі жұмыстар, мамандықтар енді.Кез- келген еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: маман атануыңыз үшін аянбай білім алып, сол саланың дипломын немесе сертификатын алуыңыз қажет болса, ал еңбек түріне – ақының төлену қажеттілігі жатады. Ең маңызды дүние-өз ісіңді сүйіп, өз салаңа деген махаббат, қызығушылық керек.Яғни өз мамандығыңмен айналысқанда ләззат алып, беріліп жасау дегенді білдіреді.

Достар, қазіргі таңда өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген көптеген адамдарды көріп жүрміз. Одан да олардың қателіктерін қайталамас үшін жақсылап ойланып, саралап өз бойымыздағы дарын қабілеттерімізге қарай отырып өз қалауымыздағы сүйікті мамандықты таңдап, сол саланың білікті маман иесі болып, елімізге пайдасы тиетін дарынды жастар қатарынан болайық!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *