Цифрлы Қазақстан

Цифрлық Қазақстан

          Уақыт бір орында тұрмайды, зымырап күн санап жаңа өзгерістермен жаңалықтарға толы. Біз ХХІ ғасырда техника мен технологияның дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз.  Қоғамның дамуына сай ғылым да, техника да жаңарып, оның басқару жүйесі де өзгеріп жатыр. Адамдардың өмірге көзқарасы мен мақсат, мұраттары да өзгеше. Кешегі мен бүгінгіні салыстыра алмаймыз. Себебі, ғылымның дамуына сай адам мүмкіндігінің шексіздігі пайда болуда. Техника мен инновацияның жандануы — жаһанданудың жаңа бір лебінің келуі. Соңғы жылдары әлем елдерінің  ең өзекті мәселесі  –цифрлы мемлекет құру болып отыр. Осыдан цифрлы мемлекет, цифрлы экономика, цифрландыру не деген сұрақтар еріксіз ойға келеді.

      Дүниежүзілік банктің мәліметінше халықты он пайыз интернетпен қамту қолға алынса, экономикада бір пайыз өсім байқалады екен. Цифрландыру өмірді жеңілдетеді, уақытты үнемдейді. Цифрландыру- бұл қарапайым сөзбен айтқанда  сандық технологияларды өмірдің әртүрлі салаларына кеңінен енгізу (өнеркәсіп, экономика, білім, мәдените, қызмет көрсету және сол сияқты салалар).

     Бүгінде көптеген елдер үшін цифрландыру дамудың негізі болып табылады.  Дүние жүзіндегі он бестен астам ел цифрландыру бойынша ұлттық бастамаларды жүзеге асыруда, соның қатарында әрине бізде бармыз. Қытай «Интернет плюс» бағдарламасы арқылы цифрлық салаларды дәстүрлі салалармен біріктірсе. Сингапур «ақылды экономиканы» құруда, Канада Торонтода АКТ хабын салуда, Оңтүстік Корея адам капиталын дамытуға, кәсіпкерлік пен АКТ-ға назар аударуда, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруда.  «Өздеріңіз көріп отырғандай, цифрлық трансформация саласында әртүрлі елдердің басымдықтары әртүрлі. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы тұрақты экономикалық өсу үшін цифрлық экожүйені кезең-кезеңімен дамытады деп үміттенеміз», — деді Руслан Еңсебаев.Эволюция нөлден басталған жоқ. 1990 жылдары ұлттық міндетті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске қосылып, 2005 жылы электронды үкімет қалыптаса бастады. Еліміз осы технологияны қолдану арқылы әрбір азаматтың өмір сүру деңгейін көтеруді көздеп отыр. Жалпы жұмыс процесі, жұмыспен қамту, білім беру мен денсаулық сақтаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға, ШОБ үлесін еңбек өнімділігі мен ЖІӨ-ге арттыруға мүмкіндік береді. Күнкөріс үшін тиімді. Жауап ретінде, екі мың он жетінші жылғы он екінші желтоқсанда , Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» ұлттық бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсатты Қазақстан Республикасының халқының өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ осы ұлттық бағдарламасының дамуын түбегейлі жүзеге асыру болып табылады. Экономиканың жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына көшу болып табылады.Тіпті қазір осы бағдарлама аясында елімізде «Цифрлы ХАБ» бар. Бұл халықтың сұранысын орындайтын білікті It мамандар тобы. Еліміз күннен-күнге осы қарқында дамыса болашақта дамыған 30 ел қатарына кіретініміз сөзсіз.

         Цифрлық экономиканың мүмкіндіктері іс жүзінде шексіз және қарқынды дамуын жалғастыруда. Сандық және коммуникациялар технологиялар барлық экономикалық әлеуметтік және саяси салалар қамтуда. Заманауи халықаралық корпорациялар цифрландыруды дамытуды өз қызметінде ғана емес, жалпы әлемдік экономикада да әлеуметтік  – экономикалық табыстың ең маңызды көрсеткіші ретінде атап көрсетеді. Президент Қасым – Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында «Егер біз қазір жұмыстың, оның ішінде экономиканы цифрландырудың баяулауына жол берсек, біз жай ғана артта қаламыз » – деді. Расында, заман ағымына сай жылдам шешім қабылдап цифрлы мемлекетке айналуға тырыспасақ экономикалық даму жағынан артта қалатынымыз сөзсіз. Қазіргі уақытта Қазақстанның жаһандық цифрлық ортада мамандануы — дәстүрлі экономиканы жаңғыртудың бағыттарын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан елдегі цифрландыруды дамытуға айтарлықтай үлкен көлемде қаржылық және адами ресурстарды инвестициялауда. Сол арқылы әлемдік аренада өзінің халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға және дамыған елдер үшін лайықты сауда серіктес болуға ұмтылуда. Дегенмен, Қазақстан халықаралық деңгейде әлі де артта қалып келеді. Оның экономикасының басым секторларының инновациялық дамуы бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуде. Мәселен,  Дүниежүзілік экономикалық форумының мәліметтерінде «Қазақстан экономикалық мүмкіндіктері»  бойынша сексен жетінші орында, ал Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының индексі бойынша жетпіс төртінші орында.

          2018 жылы ел ITU жаһандық киберқауіпсіздік индексінде өз рейтингін жақсартты.  Халықаралық электр байланысы одағының екі мың он сегіз, екі мың он тоғызыншы жылғы деректеріне сәйкес, Қазақстан ғаламдық киберқауіпсіздік индексінде қырық екінш тармағының (сексен екінші орын) қырықыншы орында тұр.   Бұл көрсеткішке жүзеге асырылып жатқан ұлттық бағдарламаның нәтижесінде қол жеткізілді деп есептейміз. Жалпы, бұл бағдарлама бес бағыт бойынша жүзеге асырылады:

               Экономика секторын цифрландыру – цифрлық технологияларды пайдалану және енгізу арқылы Қазақстанның дәстүрлі экономика секторларын түрлендіру; Цифрлық мемлекетке көшу – қызметтерді көрсету тәсілін және мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара әрекеттесуін, сұранысты болжауды өзгерту; Цифрлық Жібек жолын іске асыру – Транзиттік әлеуетті іске асыру үшін жоғары жылдамдықты және қауіпсіз деректерді беру, сақтау және өңдеу инфрақұрылымын ел ішінде дамыту; адами капиталды дамыту; инновациялық экожүйелерді құру – бизнес, ғылыми орта және елдер арасында технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға жағдай жасау.

       Осы цифрлы Қазақстанға айналу үшін біз не істеуіміз керек? Бірінші кезекте, ақпараттық сауат мәселесін көтеруіміз керек.Яғни, картаны дұрыс қолдану, алаяқтардың қолына түсіп қалмау, жеке мәлімет-деректерді біреудің қолына беріп қоймау деген сияқты.Екіншіден, It мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарын еліміздің түкпір-түкіпрінен ашу қажетпіз.

   Цифрлық технологияларды әрі қарай жүзеге асыру Қазақстанның жарқын болашағы мен әлемнің дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарынан табылуы үшін маңызды.

         Цифрландыруды енгізуде жақсы нәтижеге жету үшін ең үлкен мәселе, интернет желісінің жылдамдығы болып отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында ауылдық-елді мекендерде интернет жиілігін жоғарылату үшін кең жолақты интернет қосу жұмыстары қолға алынды. Екі мың жиырмасыншы жылы сегіз жүз сексен ауылды кең жолақты интернетке қосу сексен төрт пайызға жеткен. Сонымен қатар, 5G пилоттық жобалар елордасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылды.

        Мемлекетің құнды байлығы-халық. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарған сайын, мемлекеттің дамуы ілгерілей береді.

       Мемлекеттік әл-ауқатты жақсарту және жұмыспен қамтуды цифрландыру мақсатында электронды «жұмыс күшінің клирингтік орталығы» құрылды және қазір табысты жұмыс істеуде.  Осылайша, жұмысқа орналасу процесі жеңілдейді.  Жиналатын құжаттардың саны азайды.

               «Индустрияны цифрландыру» бағыты бойынша Индустрия 4.0 элементтері бар өнеркәсіптік кәсіпорындарды технологиялық түрлендіру Отын-энергетика және тау-кен металлургиялық кешендерде цифрлық технологиялар енгізіліп, рөл атқаруда.

            «Денсаулық – зор байлық» дегендей, цифрландыру денсаулық саласына да енді.  Медициналық цифрландыру саласындағы ұйымдардың тоқсан жеті бүтін оннан бес пайызы компьютермен жабдықталған және жүз пайызы интернетке қолжетімді.  Қазақстан халқының өңірлік электронды денсаулық паспорттары жасалып, олардың денсаулығы туралы барлық ақпарат электронды файлдарда сақталады.  Қабылданған шаралар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетті.

          Сонымен қатар, емханаларда «жергілікті» кезекке тұруды отыз пайызға қысқартып, дәрігерлердің қабылдауына жазылу «электрондық қызмет» құрылды.  Бұл пациенттердің емханада өткізетін уақытын екі есе қысқартады.

          Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі.  Жаңа технологияларды игеріп, заманауи тұлғаны қалыптастыруда білім беру саласында цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, табысты жүргізілуде.  Білім беруді цифрландыру аясында білім беру ұйымдары компьютерлік техникамен және төрт Мбит/с және одан жоғары интернетпен жабдықталған.  Оқушылар мен оқытушылар электронды журналдар мен журналдарды пайдаланады.  Ата-аналар баласының үлгерімін электронды күнделік арқылы бақылай алады.

          Балабақшаларда электронды кезек бар, мектептердің жетпіс бүтін оннан үш пайызы оқушыларды онлайн қабылдайды.  Мемлекеттік білім беру қызметінің жетпіс төрт пайызы автоматтандырылған.

            Халық арасында цифрлық сауаттылықты арттыру науқаны да жүргізілуде.  Цифрлық сауаттылық курстары құрылып, оқыту жүргізілді. Бес жүз отыз екі мың адам цифрлық сауаттылықты арттырды (жоспарланған төрт жүз алпыс екі мың).  Атап айтқанда, аз қамтылған топтағы жетпіс сегіз мың үш жүз адам цифрлық сауаттылық бойынша оқудан өтті.

        Бізге сиқырлы Қазақстан емес, Цифрлы Қазақстан қажет. Адамзат баласы сағат санап жаңа технологияның құшағына еніп барады. Қазір шетел өнімдеріне тамсанып, бізгеде өсу керек деп отыра беретін заман емес. Цифрландыру ең бірінші жайлы өмірге ұмтылу.

      Атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарды ескере отырып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының белсенді жүргізіліп, жүзеге асады деп сеніммен айта аламыз. Цифрлық технологияларды одан әрі интеграциялау ел үшін, ел экономикасының қарқынды дамып, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан табылуы үшін өте маңызды. “Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлері өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет”,- деп Ғабиден Мұстафин айтпақшы заманға сай болу-үлкен маңызға  ие. Жарқын болашақты қалыптастыру үшін Қазақстан халқы біріге отыра бар күш-жігеріміз бен білімімізді өз мақсаттарымызға жету үшін жұмсауымыз керек. Экономикасы мықты, халқы бай-қуатты, жастары жалынды, тәуелсіздіктің тұғыры берік мемлекет болу үшін заман ағымымен алға жылжып, цифрландыру жұмыстарын қолдап, жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Алпауыт мемлекет қатарына ену, қазіргі жастар біздердің ынта-жігеріміз бен білімімізге, мақсатшылдығымыз бен арманшылдығымызға, ұлтжандылығымыз бен отансүйгіштігімізге байланысты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *