Найман ас

Жансая Сағынбай

Найман ас

Бұл жарық дүниеден өткен жақындары мен жайсандарын еске алып аруағына бағыштап ас беру халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген ұғыммен тамырлас бұл үдірістің мазмұны — бақиға көшкен ата-баба рухына ізінің қайырлығын білдіруге сырттай желеп жебеп жүрулерін тілек етуге саяды. Сондықтан да болар өлінің рухына арнап берілетін басқа садақаларға қарағанда аста салтанаттылық нысаны басым қарарлық сипаты жоққа тән.

Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңнің кірпіші қаланбайды демекші, Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылдық округі Үкі ауылында ағымдағы жылдың шілде айының жиырма үшінші жұлдызы күні Найман Жабай руының еске алу асы берілді. Тамыры тереңге жайылған Найман Бағаналы-Жабай ата ұрпақтары, бабалар рухына бағытталған іс-шараға Қазақстанның барлық обылыстарынан Жабай ата ұрпақтары ғана емес, ерте кезде сол ауылда тұрған тұрғындарда жиналды, оны келген қонақтардың саны қалың болғанынан-ақ байқауға болады.

Жиының ашылуын Жақсы аудандық Уәли мешітнің бас имамы Райымбек  Қадырбайұлы ашып, «Сыйға сый, сыраға бал» — деп сөз кезегін Сейт Мұратұлына берді. Әкесінің арманы ағайын-туған, құда-жекжат, көрші-көлемнің  басын қосып ас беру еді. Әке арманын орындаған Сейт ағамыз жиналған қауымға барша ат салысқан азаматтарға алғысын айта отырып, жас ұрпаққа өнеге көрсетті. Ұлытау  обылысындағы Жабай ата ұрпақтарының Президентті, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы,қоғам қайреткері Асқар ЕРМЕКБАЕВ – тың үшбу құттықтау хатын Сейт ағамыз оқып берді.

       Ас беріліп болғансон, ұлттық төл спортымыз қазақша күреске кезек берілді. Отыз сегіз палуан 60, 70, 80 салмақ бойынша боз кілемде бақтарын сынасты. Тартысты жарыстың нәтижесінде: Ғайып Төрехан (60кг), Абишев Бахтияр (70 кг), Бейсеков Асылхан (80 кг) бірінші орында жеңіп алды.

Ал, екінші орынды: Қуаныш Әліби (60 кг), Сыздыкпаев Ержан (70 кг), Аманжолов Арлан (80кг) иеленсе, Өтегенов Олжас (60кг), Серікбай Жарас (70кг), Султанбеков Сунғат (80 кг) үшінші орынды қанжығалады. Барлық жүлдегерлер арнайы тағайындалған ақшалай сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды. Түйе палуан белдесуінде қарсыластарын айқын басымдылықпен Сейтенов Жандос бас жүлдені жеңіп, 100мың теңгені қанжығасына байлады. Екінші орынды Алтынбаев Бекзат иеленсе, үшінші орын Журнусов Асетке бұйырды.

Күрес тамашалап болғансон, қазағымыздың ұлттық спортының ішіндегі ең маңызды болған, бәйгені тамашалауға шақырып, жазық далада болып жатқан жылқылар жарысын назарымызға ұсынды. Жылқы бар жерде бәйге бар демекші. Бәйге десе, делебесі қозбайтын қазақ баласы жоқ шығар. Ол туралы ақиық ақын Ілияс Жансүгіров:

 

«Бәйгенің куәсі болып, жүрегіміз лүпілге, көңіліміз қуанышқа толды. Жиналған барша жұрттың делебесін қоздырып, патша көңілін тасытқан.»

Бұл тартысты ат жарысында шабандоздарымыз біраз тер төгіп, шабысты нәтижесінде Тай жарысынан Атбасар қаласынан келген Санжардың «Майбах» атты жылқысы бірінші болып мәреге жетсе, Ширен ауылынан келген Сайлаубайдың «Толғанай» атты жылқысы екінші орынды қанжығасына байлады, үшінші орынды Державинск қаласынан ат терлетіп келген «Ойнақ» атты шабандозы Жанагенов Д, иеленді.

«Тайың өсіп – тұлпар боласын, құнаның өсіп дүлділ боласын!» демекші құнан жарысында Ширен ауылынан келген «Болашақ» атты жылқы  бірінші келсе, екінші орынды Амангелді ауданынынан «Керім» атты жылқы, ал үшінші орынды Кеңарал ауылынан «Наурыз қасқа» атты жылқы шауып келді.

Көп күтірген Аламан бәйге Бірінші орын Соркен, «Елтаңба», Екінші орын Искеновке, «Загдан», үшінші орынды Шанбарбай , «Сухарь»  атты жылқылармен шабандоздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бәйге тамашалап болғансоң жаппай көкпар назарға ұсынылды. Жаппай көкпарға үш команда өз ара бақ сынасты, осылайша 50мың тенге қаржылай сыйлықты Жақсы ауданынан келген «Жастар» тобы қанжығасына байлады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *