Әлеуметтік желінің адам санасына әсері

Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің студенті

Қоспанова Әсия Амандыққызы

2021 жылы We Are Social әлеуметтік агенттігі және әлеуметтік медиа қызметі Hootsuite цифрлық жағдай туралы статистиканы белгіледі. Статистика бойынша әлемде өмір сүріп жатқан адам саны 7.83 миллиард адамды құраса, оның 4.66 миллиард адамы интернет қолданушылары болып шықты. Бұл сандар 2020 жылға қарағанда 316 миллионға (7.3%) көбірек қолданушыны көрсетті.

Интернет — бұл күнделікті өмірде ғана емес, кәсіби өмірде де көмегін көрсететін  қазіргі заман талабының бір бөлігі. 2021 жылғы We Are Social және Hootsuite статистикасына сәйкес әлеуметтік желілерді пайдалана отыра хабар алмасып жататын адамдар 4.20 миллиард адамды құрады. Әлеуметтік желілер тізімін WhatsApp, VK, YouTube, Instagram, Snapchat, TikTok және тағы басқа қосымшалар толықтырады.

Сан ғасырлар бойы адам және оның психикасы ғылыми зерттеудің құнды объектісі болды, әрі уақыт өткен сайын актуалды орын алып келеді. Психологиялық тұрғыдан қарағанда әлеуметтік желілер адам санасына тікелей әсерін тигізе алады. Таң атқаннан кеш батқанша смартфон қолдана  мағлұмат тұтынатын адамның ой санасы пішінделеді. App Annie мәліметтері бойынша, Android қолданушылары қазір күніне 4 сағаттан астам уақытын телефонмен өткізеді . Сол себептен, өмірімізде үлкен рөл атқаратын әлеуметтік желілердің қалай әсер ететінін түсіну өте маңызды. Барлық бағыттар мен салалар секілді әлеуметтік желілердің жақсы мен жаман жақтары бар. Оған дәлел бірнеше психологтардың ғылыми дәлелдемелері.

Алғаш депрессия мен интернетте өткізілетін уақыт арасындағы байланысты 1998 жылы америкалық психолог Роберт Краут ашты. Зерттеулерінде адамдардың Интернетті күнделікті қалай пайдаланатынын және оның оларға және олардың әлеуметтік қарым-қатынастарына қалай әсер ететінің баяндады. Краут депрессия мен интернетте өткізілетін уақыт арасындағы байланысты- парадокса деп атады. Парадокса-пайдаланушылардың оқшаулануына әкеледі, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір тудырады. Парадоксты шығу жолын табу мүмкін емес логикалық қайшылық деп те атайды. Адам және оның миы, санасы, интеллектісі, мінез-құлқы үздіксіз бір парадокс. Парадокс күнделікті өмірде әртүрлі сипатталады. Мысалы, ақшаның жоқтығын айтып, қалған  соңғы ақшасына керексіз зат сатып алу немесе бейтаныс адамды ренжітуден қорқу, бірақ туысқандардың қорлығына төзу парадокстың бір көрінісі.

Әлеуметтік желілерді қолдануда 80% адамдар өздерінің шынайы өмірі туралы сирек айтады, көбіне өздерінің кіршігсіз өмірін көрсетеді. Толығымен посттардан немесе әдемі суреттерден тұратын үйлену тойлары, қуанышты демалыс, жеке адам жетістіктері. Біреудің өмірін күнделікті қараумен өткізетін қолданушылар өз өмірін басқалармен салыстыра бастайды. Британдық зерттеуге сәйкес 62% желі қолданушылары «достар» жазбаларының фонында өз өмірі мен жетістіктерін теріс бағалайды. Ал, неміс ғалымдары 600 студенттен сұхбат жүргізе олардың көңіл-күйі мен жағымсыз эмоцияларға достарына деген қызғаныштан туындайтыны анықталды. Өзін басқалармен күнделікті салыстыру өзін-өзі бағалауды әлсіретіп, төмендетеді және басқа адамдардың мінсіз селфилері мен сәтті оқиғаларының фонында пайдаланушыларды өмірден кем сезіндіреді. Адамның өзін кем сезінуі өзіне  деген құрметтің  төмендеуіне әкеледі, ауыр сезім тудырады. Басқалармен кез келген салыстыру, сын немесе қызғаныш сезімі толыққанды өмірге келуге мүмкіндік бермейтін шектеу. Осындай хальге түскен адамдар проблемаға  назар аударып, түсінуге тырысу маңызды. Әлеуметтік желілер пайдаланушы тұлғасының шынайы өмірдегі бейнеден мүлде басқаша бейнесін жасау мүмкіндігіне ие екенін түсініп, психологтардың айтуы бойынша: «осы әлеуметтік медианы көру маған қалай әсер етеді?» , «бұл дамуға жұмылдыра ма, әлде керісінше, мені пассивті үмітсіздікке жетелейді ме?» деген сұрақтар қоюы маңызды шешімдердің бірі. Адам өзі туралы нені бағалайтынын ойлап, өзін басқалармен салыстырмас бұрын , өзінің жақсы қырларын көруі маңызды. Өз маңызын білетін адам жетістікке жақын болады, әрі өз жетістіктеріне назар аудара қызығушылық сезіміне жақын болмайды.

Әлеуметтік жүйелердің адам санасына әсер ететін факторларды ресми түрде ауру деп енгізуге   классификациялардың ешқайсысында жоқ. Дегенмен батыстық және ресейлік психотерапевтер ауруға ұқсас мәселенің бар екенін мойындайды. Әлеуметтік жүйелер адам санасына психологилық, әлеуметтік әсерін тигізуіне байланысты  жылдар бойы эксперименттер жүргізілуде, әрі актуалды тақырып болып қалып отыр. Әр адам өзі туралы ,қоршаған ортаның және әртүрлі факторлардың әсерін түсініп, жақсы мен жаманың айыра білуі тиіс. Бұл 21 ғасыр талабы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *