Поэзияның атасы-Джеффри Чосер

Жансая Сағынбай

Поэзияның атасы — Джеффри Чосер

Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болып жатады.            

Англия халқы үшін сондай дара тұлға, әрбір сөзі даналықтың үлгісіндей болған ұлы ақын, Шекспирге дейінгі поэзиянын атасы атанған ойшыл-философ, дипломат Джеффри Чосер еді. Джеффри Чосер 1340 жылы немесе 1341 жылдың басында дүние есігін ашқан. Тәлім-тәрбие берген әкесі өзін «Лондон азаматымын» деп атайтын Джон Чосер (1312/1313-1366) — беделді арақ-шарап сатушысы, сонымен қатар жылжымайтын мүлік сатып-алумен айналысқан сол ғасырдың бай адам болған.

Джеффри Чосердің шығармалары ағылшын әдебиетін ХV ғасырда пайда болған, сол кезден бастапоқырмандарын таң қалдырды, оны замандастары сол кезде жасалып жатқан поэзия мектебі ретінде қарастырды. Оның стилін замандастары қайталам өздеріне үлгі тұтқан, өз шығармаларымен ғасырлар бойы сүйсіндіруде. Джеффри Чосер бүгінгі күнге дейін танымал, мәдениетке үлкен үлес қосты. Оның жұмыстары опера, фильм, тіпті телехикаяларда сомдалуда. Сонымен қатар, оның құрметіне астероид пен ай, «кратері»- аталды.

Шығармаларының өз кезенінде, қазіргі кезендеде өзектілігін жоғалтқан жоқ.

1369 жылы «На смерть герцогини Бланш», 1382 жылы II Ричардтың Анне Богемскаяға құдаласуы туралы «Птичий парламент» поэмасын жазады.

Екі рет 1373 және 1378 жылдары Италияда болады, онда ол итальяндық ақындар Данте, Петрарка және Боккаччолардың шығармаларымен танысады. Дантенің «Божественная комедиясымен» танысуы Джеффридің «Птичий парламент» , «Храм Славы» (1384), тіпті «Кентерберийские рассказы» туындысының бірқатарында байқалады. Боккаччоның «Достославные женщины» туындысы Джеффридің «Легенда о Добрых Женах» (1380-ші жылдардың ортасында жазылған) еңбегіне үлгі болды, Боккаччоның «Тезеидасын» Джеффри рыцарь Паламон және Арсит туралы қысқа әңгімеге айналдырады. Барлық ұстаздарынан өзіне керектісін іздеп, алып, шығармаларына жаратты, әсіресе «Троил и Хризеида» (1370 жылдардың аяғы және 1380 жылдардың басы) поэмасы соның ерекше көрсеткіші болды.

Джеффри Олдгэйт мұнарасында (Лондон) ешкіммен араласпай өмір сүрген кезінде көп оқиды, кейінірек қариялық шағында көптеген жылдар бойы Боэцияның (римдік философ) «Об утешении философией» трактатын оқиды және оны аударады.

1380 жылдырдың аяғында бірнеше жылдар бойы «Кентерберийские рассказы» өлеңдер жинағының негізгі бөлігі жазылады, одан кейін 1390 жылдары елдегі жағдайға байланысты шығармашылығы тоқырап қалады. Джеффридің мүшкіл жағдайын сол жылдары жазған «Великое шатание», «Былой век», «Жалоба пустому кашелю» сияқты поэмалары айқындайды. 1399 жылы патша тағын Джеффридің бұрынғы қолдаушысы Ланкастердің (1340-1399, ағылшын патшасы Эдуард III-тің ұлы) ұлы Генри Болингброк тартып алынғаннан кейін, Джеффриге қамқорлық көрсетіледі.

Өзінді стильі бар жазушының шығармаларына мұқият қарасақ ол үш кезеңнен өткен секілді, яғни, алғашқысына негізінен француз әдебиеті әсер етті. Содан кейін ол итальяндықтарды сілтеме ретінде қабылдады және ақырында ағылшын дауысын таба алды. Ол жазған кезде Тройлус және Крессида, Чосер өзінің эволюциясының ортасында болды. Ол итальяндық классикалық шығармаларға терең бойлады, Боккаччо шығармасымен таныс болғаннан кейін шығар. Содан кейін ол жазған кезде Кентербери ертегілері, Ол британдық темпераментке сәйкес әзілге толы және Англияға тікелей әсер еткен тақырыптарды меңзеген жеке стилін дамыта алды.

Осы соңғы жұмыста Чосер қажылардың әңгімелерін әртүрлі жанрлар бойынша саяхат жасау үшін, әртүрлі тақырыптарды қозғау үшін және кең баяндауда ұқсамайтын көзқарастар тұрғысынан пайдаланды.

Джеффри Чосер 1400 жылы 25 қазанда өмірден өтті. Оны алдыңғы патша Ричард II-нің жаулары өлтірген болуы мүмкін делінеді. Ол Лондондағы Вестминстер аббаттығына жерленді және осылайша Ақындар бұрышының негізін қалаушысының шығармалары мәңгі естен өшпейді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *