Тілдің құбылғаны заманнаң ба,адамнан ба?

 

Еліміздің,халқымыздың тұғыры байлығы ана тіліміз,қасиетті қазақ тіліміз.Бірлік пен еркіңдіктің адал белгісі,нышаны тұғыры биік тіліміз.Тарихымыз тереңде жатқан қазақ халқымыз.Намысын қайраған ұлтшыл халықпыз.Бірақ заманнаң ба әлде адаманаң ба? тіліміздің күрмеліп ойнақтап бара жатқаны басым секілді көрінеді.Тілдің тірлігін тәнті етіп жүрген жастарымыз да шамалы.Өзге тілден міндет емес індет жұқтырғандай секілдіміз.Ана тілімізден алшақтап ұмыт қалдырып жатырмыз.Осы кезде көкейге “Қазақ тілінің дамуына не кедергі?деген сұрақ жанды қинайды.Қазіргі таңдағы қазақ халқының шұбарланған орыс тілін тілге тиек еткендей еркін сөйлеуде болмышы қазақ тілі тағы бей жай қалғандай.

Бірталай  уақыт өтседе 31-арнада өтетін қоғамдық саяси «Дода» бағдарламасы естен кетпейді.Өтіп кеткен уақыт аралығында аты шулы бағдарлама көрермен қызығына айналған еді.Қоғамның саяси тұлғаларының халықпен ой қозғау,қызу пікір-талас орталығына айналған болатын.Ел ішіндегі негізге елең етіп жатқан оқиғаларды қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы бұл жоба ерекшеленген.Аты шулы бұл бағдарламаның халық арасына келуі де бөлек ерекшелік еді.Жоба осы тұсына қарай өзге жобалардан әлдейқайда ерекше болды.

       2006 жылы 1 ақпанда 31 арнада өткізілген “Дода” бағдарламасының “Қазақ тілінің дамуына не кедергі? тақырыбын еске түсіргім келеді. Студия қонағы болып Алматы қаласы түрік мәдени орталығының төрағасы Қазақбай Таштемірұлы және белгілі қоғам қайраткері Болатхан Тойжан.Хабардың алдияр сарапшысы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов болды.Бағдарламаның негізгі ойыда алғашқы кездегі қазақ өлкесінің мемілекеттік тіліміз қазақ тіліне көшуіміз болды.Жүргізушінің Болатхан Тойжан ағамызға қойған сұрағы қазіргі кезбен ұштасқандай.”Болатхан мырза,біздің елімізде шын мәнісінде қазақ тілі орыс тілін ығыстырып жатыр ма? осы тұстағы Болатхан ағамыздың жауабы Әлі күнге дейін “мемілкеттік тіл,мемілекеттік тіл”дейміз неге біз қазақ тілі демейміз?Қазақстанда тұратын азаматтардың барлығы қазақ тілін білуі керек деген шарт болу керек еді,ол жоқ деп өз жауабымен тіл тірегін көрсеткендей болды.Жанға жалау еткендей орыс қызы Ольга Спирина:Қазақтың ұлы ақыны Абай барша ақынды сөз арасын бөтен сөзбен бағаламауға шақырған.Менде қазақ халқын өзінің қазақ тілінен бөтен сөзбен былғамауға шақырамын.Және де менің ойымша,Қазақстанның әр азаматы қазақ тілін білуі керек”.Жанымызды ашытқан бұл сөздер қазақ тілінің бастамасы басынан басқа тілмен ұйқас болғаның дәлелдейтіндей.Мұхтар Шахановтын өзі Парламент өзі -өз болғалы бір-ақ “Көші-қон туралы”заңды ғана қазақ тілінде қабылдаған.Одан басқа заңдардын барлығы тек қана орыс тілінде әзірленді деп өкінішпен айтты.Осылайша ой қортындысы тіл мәселесі өзегін жүректі ауртарлықтай екендігін көрсетті.Қазақбай Таштемірұлының  тілдің дамуына келген кезде үкімет басынан,Парламенттен бастауымыз керек.Одан кейін халқымыздың өзінде кішкентай ғана құштарлық болса,жөңді болар еді деп ашығынан ой тастады.Бұл тұста эфир қонақтарының тіл білімінің бастау,жоғарыдан басталмаса тіл мәселесінің абыроймыздын дұрсталмайтының дәлелдеді.Жобанын соның жүргізуші Берік Уәли “Қай елдің суын ішсең,сол елдің сөзін сөйле”деп жас ұрпақ санасына сіңіруіміз керек деп аяқтады.Бұл ақпарат көздері мен талқылау ойы 10 ақпан 2006 жылы айқап газетіңде жарық көрді “Көненің көзі,ескінің сөзі ” деп қазақ атамыз айтпақшы парақ көздерін ашшы шыңдықпен көріп күрсінгенім бар.Қазақ тіліміз ұлтымыздың бастау екенің жас ұпақ санасын ерте кезден құлақтарына құйып өскеніміз жөн деп санаймын. «1, 8-9-б»

         

    Қазіргі таңдағы қазақ тілінің ауқаты артпағандай.Маңыздылығы бар тілдерді оқу міңдеттелген олар:қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі.Заман талабы әрине тілді біліп бала санасын алдыға тарту бірақ тілді тиек етеміз деп жүріп қазақ тіліміздің таңдайдан талып бара жатқаны көкейді өртеп жанға батады.Болат Дүйсембі ағамыздың айтуынша Қазіргі қазақ тілінің қалыптасуына кириллица мен орыстардың тіл ғылымы теориясының ықпалының салдарынан қазақ тілі өзінің генетикалық төл қасиетінен айрылған.Сөйлеу сөйлем құрау,сөз пайдалану тәсілдері ұлттық нәрін жоғалтып,үлкен өзгеріске ұшырау салдарынан шұбарланып кеткен дейді.Орыс тілінің сарапталуы қазақ тілі деңгейін төмендетіп басып барады деген ой түбінде шығып отырғандай.Қазақ ауруын жасырған өледі дейді.соныдықтан біз қазақ халқының мәңгі  сақталуы тілінің жоғалмауына байланысты екенің мойындай отырып,тіліміздің сақталуын ғылыми негізде қолға алуымыз қажет.Тағы бір маңызды мәселе-қазіргі қазақ тілі мәселесін көтеріп,жанашыр болып жүрген азаматтар қазақ тілінде сөйлеуді ғана жолға қойып,ұрандатудан гөрі қазақ тілінің қазіргі жағдайын ұғып алға тартуы керек.Қазақ тілінің нағыз мемілекеттік тіл болуы тек барша жұрттың қазақ тілде сөйлеуі ғана емес,ол-қазақ тілінің барша жұртта рухани тәрбиелеп,ұлттық мемілекеттің діңгегін бекітетін еліңе адал мемілекетшілдікке әкелетін жол деп сөзін тәмәм қылды.Ұлттық құндылығымыздың басты нышаны тіліміз.Күрмелеп тілімізді сараптап,екі ауыз сөзді біріктіре алмай отырудың өзі құндылығымыздың құнасызданып бара жатқандығын білдіреді. «2.5-6.б»

        Тіл құдіреті елдің намысын,елге деген махаббаты көрсететін басты қару.Тіл болмаса ел болмайды тілдің қадірін елден кетіп жол асқанда көресін деген халқым.Сондықтан тіл ел тағдырын шешетін жалғыз қару жапанда жалғыз қалғанша,жол шетінде жолаушы болып қалған дұрыс деп те айтуға болатындай.Тіл тағдыры ел тағдыры тіліміздің бастамасы ол өз қолымызда екенің естен шығармауымыз қажет.Осы тұста Өмірзақ Айтбайұлының кітап бетіне қалдырған сөздері көкейдегі ашшы шыңдықтын бетін ашқандай болады.Ағамыздың айтуынша қазіргі кезде намысымыздың артқы тартылып бәсеңдеп кеткені жанды қинайды.Егер намысымыз тасқындап тұрса,жиырма жыл өтседе мейлі отыз жыл өтсін аманат қылып белесіміздің тұғырын ұстап тұрған ана тіліміздің өз тұғырына қонбауына жол берер медік.

Атыжөніміздегі -ов,-ев,-ович,-евич деген жат қосымшалардан құтылмай жүрер медік,қазақы аты-жөніміздің орыс тілінің ережесіне сай түрліше бұрмалануына мүмкіндік берер ме едік,балаларымыздың орыс тілінде сайрап тұрған мектептерге өз қолымызбен жетелеп барар ма едік,орыс тілінде сайраған кейіпкерлерді тілі шықпаған бала қолына ұстатып көр деп айтар медік.Өзін өзі сыйлаған тілінің,елінің амандығын ойлаған әр мемілекет бұндайға ешқашан жол бермейді.Тіліміздің намысын көтеріп ер мінезді ер баланы,сыр мінезді қыздарымызды тілімізбен тәрбиелей алмасақ абыройымыз,арымыз қайда жатыр деп Өмірзақ атамыз көкірегін өртеген заман ырғағын айтты.Заман ырғағы жастарымыздың санасын барынша улап жатқандай.Тілімзден алшақта заманға кірсек,кейінгі бағытымыз не боларын ойлау қиын.“Мен жастарға сенемін”деген Мағжан Жұмабаев атамыздың сөзіне кір келтіргенмен тен болатындаймыз. «3.237-238.б»

     

       Шындықты айтпай,жан жай таппайды деген рас екен.Мемілекеттік тіліміз шұбарланып өзінің бағытын жоғалқандай.Жастарымыз қазақ тілін түсінби орыс тілінде сайрайды айналдырған қазақ тілінде екі сөздің басын қоса алмайды.Үйдегі тәрбие көзі орыс тілінде беріліп жатыр ма қалай өзі?Жастарымыз бала тілін өз тіліңде емес өзге тілде сайратып бастады.Арғы болмысыз не болмақ,қара қилы қас мінезбен,екпіңді тілмен шауып түсетін сөз тапқырлығымыз қайда қалды?Тәрбие тал бесіктен,бала не естиді не көреді соны жасайтының естен шығармағанымыз жөн.Рәбиға Сыздық апамыздың Мәдениеттілік тілден басталады деген мақаласы есіме түседі.Рәбиға апамыздың теледидар артыңда болып жатқан түрлі ой қозғайтын мысалға Көзқарас,Еркін сөз атты пікір талай бағдарламаларының көрермендері,қатысушыларының қазақ тілінде таза сөйлей алмайтыңдығы қазақ тіліңде ой пікірін ашық түрде жеткізе алмайтындығы қазақ тіліңде ойлау қабілеттері төмен екеңдігін теледидар қосып естігеннен бастап таңға таңба басқандай көрінетіңдігін алдыға тартады.Бұны ақаулық деп айта алмаймыз дейді бұны ана тіліміздің сұрқын қашыры,берек-сін алып жүрген ең жиі кездесетін сорақылық,бүгінгі сөйлеу  тілімізге жабсысқан індет болып отыр.Ой арасында орыстың жалғауы жоқ сөздерін қосып сөздерін араластырып жіберді.Соныңда не ой жоқ не бағыт жоқ болып түсініксіз кейіпте қала береді. «4,373-374-б»

         

       Тағдырдың тәлкегіне ұшырап,қасіретке шалдыққан қайран қазақ тілінің қайғы-мұны айта берсек,көп-ақ.Ұлт бойындағы бұл індеттің ғасыр бойы толыстамай,бірде асқынып,бірде бәсеңдеп,күні бүгінге дейін созылып,халықтың санасын сарсатып,болашағын мұнаралаңдырып келе жатқандығы кімді болса да ойландырмай,толғандырмай қоймайды.Өткен тарих бетін ашып теренінең қарасақ тіліміз тірегіміз деп жан ұшырып тілдің таза болғаның,тілімізде әр қазақ баласының бұлбұлдай сайрағаның қалаған жанашыр азаматтар мен зилы қауым өкілдері аз болмаған екен.Кешегі Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы,Сәкен Сейфуллин секілді сынды азаматтардың тілімізге деген жанашыр сөздері мен әрекеттері аумалы-текпелі заманның бір дәуірі болып тарих жадында,жас әулет санасында сақталуда.Сондықтанда болар кешегі естен кетпес Желтоқсан оқиғасы,ескке түссе жүректі тербеп,көзге жас үйірмелейді.Қанға бөленген қазақ жастарының «Елім менің,тілім менің…»деген жан айғайының кеуде тұсты теуіп түсетіні жанды ауртады.Мемілекет мәртебесіне ие болған өз тілін «Ата заңы арқылы қорғау»деген тіл жанашырларының асыл арманы осы күнге дейін толық жүзеге асырылмай отыр. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап,қасіретке шалдыққан қайран қазақ тілінің қайғы-мұны айта берсек,көп-ақ.Ұлт бойындағы бұл індеттің ғасыр бойы толыстамай,бірде асқынып,бірде бәсеңдеп,күні бүгінге дейін созылып,халықтың санасын сарсатып,болашағын мұнаралаңдырып келе жатқандығы кімді болса да ойландырмай,толғандырмай қоймайды.Заманның ырғағы жылжыған сайын кекештеніп тілімізде өзгеріп бара жатқандай.Атам заманнаң жыр болған тіліміз әлі күнге дейін толық шешеім таппай жатқан тәрізді.Жаңа заманға оралып,қазіргі уақыттағы қазақ тілімізге жөн салайық. Ұлттық тілімізді құрмет тұту әрбір қазақ халықының тұрғыны орындауға маңызды міндет.Қазақстан Республикасының азаматтары немесе азаматшалары құрметтеуге тиіс ұлттық тілқазақ тілі.1995 жыл 30 тамыздғы референдумда қабылданған жаңа конституцияның 7-бабында ұлттық тілімізге байланысты «мемілекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтыны»және де «Мемілекеттік ұйымдар жәге өзінөзі басқару органдарында орыс тілі ресіми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған болатын.Заман ілгегі деп ана тіліміздің деңгейін түсіріп бара жатқандаймыз ба қалай өзі?Тілімізді мақтан етсек,ел тірегі тіліміз деген ұстанымды ұстансақ,тілімізді құрметтейтін ұлт ретінде алдымен қазақ тілмізді  тереңдетіп біліп,орыс тілі мен ағылшын тілдерін белгілі бі мақсатта меңгеріп үйренуіміз қажет.Еліміздің бәсекеге қабілетті екендігін білген ел басымыз «Үш тұғырлы тіл»саясатын елімізге еңгізген еді.Бұндағы мақсаты ағылшын тілін,орыс тілдерін үйреніп тілдерің жаттықтырып алдағы уақытта қазақ тілін ұмытып естен шығару деген мағынаны білдірмейді. «Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін»деген даналы,даралы халқым.Өз тіліміздің тізесін шығарып,қаймақ майын тамызып сөйлей алмасақ өзге тіл жанымызда қандай адемілік сыйлайды.Сайраған орыс,ағылшын тілдері шетімізден жаулап жатқан тәрізді. «5,355-356-357-б

        Өз ойымды қортындылай келгенде еліміздің тірегі бастамасы тіліміз.Өзге тілдің санасында көреміз деп терең балшыққа батып теңіз түбінен шыға алмай жатқандаймыз.Заман талабы деп ысқырып тілімізді шетттеіп жатырмыз.Заман әр қашан құбылмалы жер түбі қытай тілін тірек етті десе тілімізды бұрмалатып,шайқалған қытай тіліңде тілі шықпаған баламызды үйретуге дайын отырамыз ба?Халықтың екпіні заман,баланың арманы сүйіп өскен жеріңдегі ана тілі.Ұлттық тілдің құндылығын жоғалту ел келешегі мен болашағы үшін ең үлкен қасел.Тілдің болмышы да болашағы да өз қолымызда. «Тілді тиек еткендей»демекші тіліміздің тамыры ата заманнаң қалыптасып өзінің екпінің құрып  келе жатыр.Әсем сөздер,керемет ойлар,таза ойлар.Тіліміздің сұлулығы қаншама ұлт өкілін таң қалдырғанын естен шығармаған жөн.Батыр-бабаларымыз қолдарына найза ұстап ұлтымыз үшін елеіміз,жеріміз деп жан беріскен.Тілімізді тірек етеміз,еркіңдікті ұран етеміз,ана тілімізде туып өскен жерімізде бұлбұлдай сайрап қалықтаймыз деген қыршынынаң қиылған жастарымыз да жетерлік.Тіліміздің шұбарлануы ұлтымызға төнген қауіп.Жау алыстан емес жақыннаң.Тілімізді шұбартып,балалықты балдайлатып құртып жатқан өзіміз.Көп ұлтты мемеілекетпіз оны дат естен шығармағанымыз жөн.Бірақ жар салып жанымыздан тілімізді өзгерте беретін болсақ ардақтап,аялаған тілімізден не қалады?жас ұрпақ санасын өзге тілде дәріптесек ұлтышлдығымыз,намысымыз қайда қалады?Жаубы жоқ сұрақтар көп.Көкейді өртеп елеңдетіп жатқан жайыпта көп.Саналы ұрпақты ақылды,дәріпті қыламыз деп ұлтышылдығымыздан безіп барамыз.Еліміз бен жереімізден кейінгі басты байлығымыз тілімізді ұсақтап халқымыздың қазыналы байлығынан айрылып барамыз.Сол себептен әуелі тілімізді дәріптейік.Отбасымыздағы тәртіпті өзгертейік.Орысша сайрандаған баламызды қазақ тіліңде сайратып орыс тілін уақытында пайдалануды үйретейік.Жора жолдастарымызды тілі бұрмаландаған құрбы құрдастарымызды өз тілінің мағынасына еңгізіп қазақ тілін үйретейік.Солай ғана өз тілмізді қадірлеп ана тілімізді мадақтап кеуде көтеріп ұялмай жүре аламыз.Даланың тілін өз тілін құрметтеген жан біледі әуелі өзге тілді емес өз тіліміздің туын көтеріп,кеуде көтеріп мақтанышпен сөйлейік.Өз тілінің сөзінен ұялған жастарымыздың сабын басып мақтан қылайық.Осындай көмекпен өз еліміздің сағын сындырмай,саналы дара ұрпақ тәрбиелей аламыз. Тілдің бастауы халық және қоғам.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *