Зертханалық істер техникасы пәнінен сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Күні 06.09.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Кіріспе.Пәннің маңызы мен мақсаты, даму тарихы.

Ветеринариялы-санитариялык зертханалар және олардағы техника кауіпсіздігі

Оқыту нәтижесі Зертханада қолданылатын ыдыстармен таныстыру,оларды қолдануды үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Студенттерге зертханада қолданылатын ыдыстармен таныстыру,оларды қолдануды үйрету,зертханалық ыдыстармен жұмыс жасауды меңгеру,техникалық ережелермен танысу.
Бағалау көрсеткіштері Ветеринариялық-санитария туралы жалпы ілімін дамыту, зертханаларда қолданылатын ыдыстармен таныстыру;

Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету.

Сабақ типі

 

Теориялық сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері Кітап,реактивтер,электронды материалдар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары Қырықбайұлы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жұмагелдиев А.А. Лабораторное дело. Алматы, 2009г.
                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут       I.          Білу деңгейі

Ветеринариялық зертханалар,еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін түсіндіру.

 

https://ru.essays.club/Гуманитарные-науки/Экология/Ветеринарлық-клиникадағы-қауіпсіздік-80275.html

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Ветеринариялық зертханалардағы бөлімдерді қарастыру.2 тапсырма. Ветеринариялық зертханалардағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігімен танысу

 

 

 

 

 

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V020002100_
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

  1. «Зертханалық іс» пәні зертханалық кондырғылармен, техникамен, сондай-ақ зертханалық жануарлармен жұмыс істеу тәсілдерін үйретіп,болашақ мамандардың өз беттерінше ғылыми-зерттеутжұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Зертханалық іс пәнінің негізгі міндеті барлық жүргізілетін зертханалық зерттеулерді толығымен әдістемелік, техникалық және олардың тәжірибелік жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Сондықтан да «Зертханалық іс» пәні жалпы биологиялық, клиникалык,ветеринариялық, технологиялық және техникалық ғылым салаларымен тығыз байланысты.

  1. Ветеринариялық зертханалар, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі

Ветеринариялық зертханалар әртүрлі биологиялық нысандарды, олардың кұрылысын, құрамын, қасиеттерін және оларда жүріп жатқан химиялы-биологиялық процесстерді зерттейтін мекеме болып табылады.

Ветеринариялы-санитариялық зертханалардың негізгі міндеттері: аурулардың алдын-алуға және жоюға бағытталған ветеринариялы-санитариялық шаралар ұйымдастыру;ауруды анықтау мақсатында балау жұмыстарын жүргізу; мал өнімдерінің (ет, сүт, май,жұмыртқа, балық, т.б.) технологиялық шарттарының сақталып және санитариялық сапасын анықтау; адам мен мал арасында індетті аурулардың таралмауын қадағалау және т.с.с.

Ветеринариялы-санитариялық және жалпы тағамдық зертханаларда бактериологиялық,биологиялық, серологиялык, токсикологиялық, патоанато-миялық,гистологиялық және технологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Ветеринариялы-санитариялыкнысандарөкілдерініңбіріветеринариялық

зертханаларда мынадай бөлімдер орналастырылады:

— қабылдау бөлмесі — зерттеуге түскен материал қабылданып, құжатталады;

бактериологиялық бөлім — бактериологиялық зерттеулер жүргізуге арналған;

серологиялық бөлім — қан сарысуымен серологиялық реакция қоюға арналған;

-клинико-диагностикалықбөлім — биологиялықсұйықтықтардызерттеугеарналған;

-химико-токсикологиялықбөлім-материалдағыулызаттардыанықтауғаарналған;

-патологоанатомиялықбөлім — мал өлекселерінжәнеолардыңпатологиялықматериалдарынзерттеугеарналған;

— Асколикабинеті — сібіржарасынанықтауғаарналғанбөлме;

— Паразитология бөлімі — гельминтологиялықжәнепротозоологиялықзерттеулержүргізугеарналған;

— гистологиялықбөлім — патологогистологиялықзерттеулергеарналған;

— қоректік орта дайындайтынбөлме;

— автоклав бөлмесі;

— жууға арналған жәнет.б. қажеттібөлмелер.

Жоғарыдааталғанбөлімдерденбасқакейбірзертханаларда «өндірістікбөлім» бар.Мұндабиопрепараттардайындалады. Сондай-ақірізертханалардарадиологиялықбөлімболады. Бұлжердематериалдардыңрадиоактивтіластануызерттеледі.

Кез-келгенхимиялық, медициналық, ветеринариялық, бактериологиялықжәнебасқада зертханалардажұмысістеуқауіпсіземес. Солсебептензертханадажұмысқа кіріспесбұрын техника қауіпсіздігіментанысқанжөн.

3 Ветеринариялықзертханалардағы еңбектіқорғаужәне техника қауіпсіздігі-жұмысшылардыңденсаулығыназиянкелтіретіннемесежарақатқаұшырататынқауіптіфакторлардыңалдыналуғабағытталғаншараларжүйесіболыптабылады. Техникақауіпсіздігіеңбекқорғаудыңажырамасбөлігіжәнеолжұмысшылардыеңбекқауіпсіздігіментаныстырып, жұмысжүргізілетінғимараттытехникалықзиянсызжағдайда ұстауды, корғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды, оқыс оқиға орын алғанда алғашқыкөмек көрсету шараларын үйретеді.

Ғылым мен өндіріс салаларында қажетті қауіпсіздік пен еңбектің зиянсыз деңгейлерін еңбекті корғау жүйесі қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Бұл жүйеде бір-бірімен тығыз байланыстағы, бірақ өздерінше дербес бірнеше бөлім бар, олардың негізгі мақсаты адамзат пен жан-жануарларды қорғау, түптеп келгенде, жалпы коршаған тіршілік ететін ортамызды қорғау, олар:

— еңбекті корғаудың құқықтық және ұйымдастыру мәселелері;

— өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;

— өртке қарсы және өрттен сақтандыру шаралары:

— техника қауіпсіздігі.

Кез-келген зерттеу зертханаларында болсын, басқада жұмыс орындарында болсын,міндетті түрде техника қауіпсіздігімен танысқан жөн. Сонда ғана адамдардың денсаулығына зиян келтіретін шаралардан корғана алуымыз мүмкін. Техника қауіпсіздігі негізінен еңбек заңына сүйене отырып дайындалады.

1.Зертханаға тек қана халат және қалпақ киіп кіру керек (халат түймеленген, шаш орамал астына жиналған болуы керек).

2.Зертханаға бөгде заттар, тамақ алып кіруге болмайды. Портфель және сөмкелер арнайы орында қалдырылады.

3.Зертхана ішінде тамақ ішуге, темекі шегуге болмайды.

4.Тек арнайы бекітілген бір орында және бір құрал-жабдыкпен ғана жұмыс істеу кажет.

5.Жұмыс орнында жұмысқа қажетті құрал-жабдыктардан басқа бөгде заттарды ұстауға-қоюға болмайды.

6.Жұмысты бастар алдында барлық қажетті құрал-жабдықтарды тексеріп алу қажет және кемшілігі болса ұстаздарды немесе жауапты мамандарды хабарландыру керек.

7.Жұмыс орындарында міндетті түрде тазалық сақтау керек.

8.Жарылыс,басқа да қауіпті кездейсоқ жағдайларды болдырмау үшін спирт шілтерлерін (шамдарын) бір-бірінен тұтатуға, орынсыз от көздерін пайдалануға болмайды. Тек қана шақпақ-сіріңке қолдану кажет.

9.Металл немесе басқада заттарды электрожүйе бөлшектеріне және электросымдарға тигізуге болмайды.

10.Ұстаздардың қадағалауынсыз электроқұралдарды және басқа аспап-құралдардықосуға болмайды.

11.Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын және құрал-жабдықтарды, аспаптарды тазалап өз орындарына қою керек.

12.Зертхананы шығар алды бір тексеріп, қадағалап байқау қажет, шыққаннан кейін қолды сабындап мұқият жуу керек.

13.Дәрі-дәрмектерді орынды да үнемді пайдалануға машықтану керек.

14.Аспап-құралдар, құрал-жабдықтар мен қондырғыларды, дәрі-дәрмек, ыдыстарды орынсыз «шұқылап-бұрап», бүлдіруге болмайды.

15.Суағарға химиялық реактивтер, органикалық еріткіштер, ерітінділер, микробиологиялық орталар, радиактивті ертінділер, т.б. дәрі-дәрмек, қоспалардың қалдықтарын құйып-төгуге тиым салынады.

16.Жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды, аспап-қондырғыларды, газ шілтерлерін(шамдарын), центрифуга, т.с.с. аппаратураларды қараусыз-қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 13.09.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Зертханалық ыдыстар
Оқыту нәтижесі Зертханада қолданылатын ыдыстармен таныстыру,оларды қолдануды үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Студенттерге зертханада қолданылатын ыдыстармен таныстыру,оларды қолдануды үйрету,зертханалық ыдыстармен жұмыс жасауды меңгеру,техникалық ережелермен танысу.
Бағалау көрсеткіштері Ветеринариялық-санитария туралы жалпы ілімін дамыту, зертханаларда қолданылатын ыдыстармен таныстыру;

Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету.

Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері Кітап,реактивтер,электронды материалдар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары Қырықбайұлы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жұмагелдиев А.А. Лабораторное дело. Алматы, 2009г.
                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут     II.          Білу деңгейі

Зертханалық ыдыстармен танысу

 

http://www.myshared.ru/slide/1392136/

 

 

 

 

ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар  2 тапсырма. Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар

3 тапсырма. Өлшеуіш ыдыстар

4 тапсырма. Зертханалық ыдыстар жасау үшін қолданылатын материалдар

 

 

https://stud.kz/referat/show/32861

 

 

 

 

 

https://topuch.ru/analitikali-himiyadai-zerthanali-jmistar-sapali-analizdi-mni-j/index.html

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://slide-share.ru/zertkhanaliq-idistarmen-zhumis-isteu-erezheleri-8310
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны

  1. Зертханалық ыдыстар – деп барлық зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдысты атайды. Зертханалық ыдыс қолданылу мақсатына байланысты жалпы, арнайы және өлшеуіш болып бөлінеді.

Жалпы ыдысқа зертханада үнемі болатын және онсыз ешбір жұмыс жүрмейтін ыдыс-тарды жатқызуға болады (Мыс: пробиркалар, колбалар, стакандар, воронкалар және т.б.).

Пробиркалар – пішіні цилиндр тәрізді, түбі бекітілген, көлемі әр түрлі ыдыстар. Әдетте пробиркаларды тез балқитын жеңіл шыныдан, ал отқа төзімді болу үшін кварцтан жасайды. Пробиркалар негізінен сапалық реакциялар үшін қолданылады, сонымен қатар микробиологияда микроорганизмдерді өсіру үшін, сақтау үшін және әр түрлі серологиялық зерттеулер жүргізу үшін де пайдаланады.

Шұңғыма құйғыштар (воронкалар)– сұйықтарды бір ыдыстан екіншісіне ауыс-тыру үшін, сүзу үшін араласпайтын сұйықтарды бөлу үшін қолданылады. Сүзуге арналған воронкалардың бұрышының биіктігі 45 оС және түбі қиғаш кесілген ұзын болады. Аналитикалық воронкалардың көбінесе ішкі беті сызықты және түбінде шар тәрізді кеңейген жері болады, бұл сүзу процессін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Бөлгіш шұңғыма құйғыштар (делительные воронки)араласпайтын сұйық-тықтарды бөлу үшін қажет. Олар цилиндр немесе алмұрт пішінді келеді және аузы тығыз шыны қақпақпен жабылады, ал түбінде міндетті түрде шыныдан жасалған кран болады. Бөлгіш воронкалардың көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін жетеді.

Тамызғыш шұңғыма құйғыштар (воронкалар)белгілі бір реактивтерді аз мөл-шерде тамызып қосу үшін қолданылады. Олардың бөлгіш шұңғыма құйғыштар айыр-машылығы жеңіл, жұқа және көбінесе түбі ұзын болып келеді. Тамызғыш шұңғыма құйғыштар жүргізілетін жұмысқа арналған прибордың бір бөлігін құрайды.

Химиялық стакандарпішіні цилиндр тәрізді жұқа шыныдан жасалған ыдыстар. Олар әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізу үшін пайдаланылады. Олардың көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін жетеді. Химиялық стакандар тұмсықты және тұмсықсыз болып келеді. Химиялық стакандар негізінен отқа төзімді шыныдан дайындалады.

Түбі тегіс колбалар пішіні шар және конус тәрізді болып келеді. Олардың көлемі 50 мл-ден 10 л-ге дейінгі аралықта болады. Кең және тар мойынды, қақпақты және қақпақсыз түрлері болады. Конус тәрізді колбаларды «Эрленмейер» колбасы деп атайды. Колбалар көптеген химиялық реакцияларда, титрлеу үшін және әр түрлі ерітінділерді дайындау және сақтау үшін қолданылады.

Бунзен колбасы вакуум-насостың көмегімен сүзу үшін қолданылады. Колбаның жоғарғы бөлігіндегі арнайы түтікше болады, ол вакуум-сорғышқа (насосқа) жалғасады. Бунзен колбасын қалың шыныдан жасайды, себебі қысымның әсерінен колба шытынап, сынып кетуі мүмкін.

Кристаллизаторлар– жұқа шыныдан жасалған, түбі тегіс, көлемі мен диаметрі әр түрлі ыдыстар. Олар химиялық заттардың кристалдарын алу үшін, ал кейде кейбір заттарды буландырып, құрғату үшін су моншаларын пайдалану қажет.

Тоңазытқыштар – сұйықтарды айдауға арналған аппараттардағы бу тамшыларын салқындатып, жинау үшін қолданылады. Салқындатылған бу тамшыларын арнайы қабылдағышқа жинауға арналған тоңазытқыштар «тік», ал қайтадан қайнап жатқан ыдысқа жіберетін тоңазытқыштарды «кері» деп аталады.

Сокслет тоңазытқышы екі шар тәрізді бөліктен тұрады. Салқын су түтік арқылы ішкі шарға жіберіледі, ал салқындатылатын бу сыртқы шар арқылы өтіп, екі жақты суытылады, яғни сыртынан ауа, ішінен салқын су арқылы.

      Домрат тоңазытқышы әмбебап болып табылады, себебі оны тік әрі кері тоңазытқыш ретінде қолдануға болады. Олар көбіне спираль тәрізді болып келеді.

Сифондар– сұйықтықтарды құюға арналған ыдыстың түрі. Әр түрлі ыдыстардағы сұйықтықтарды басқа ыдысқа ауыстыру үшін немесе құю үшін қажет.

  1. Арнайы ыдыстарға белгілі бір зерттеу мақсатында қолданылатын ыдыстарды жат-қызуға болады (Мыс: Вюрц, Клайзен, Арбузов колбалары, Вульф, Тищенко, Дрексель шыны-аяқтары, эксикатор және т.б.).

Къелдаль колбасыпішіні алмұрт тәрізді және мойны ұзын, ол азотты анықтауға арналған аппараттың бір бөлігі болып табылады. Оның көлемі 300мл-ден 800мл-ге дейінгі аралықта болады. Къелдаль колбасы жоғарғы температураға төзімді шыныдан жасалады.

Сұйықтарды айдау үшін әртүрлі арнайы колбалар қолданылады: Вюрц, Клайзен, Арбузов, т.с.с.

Вюрц колбалары мойны ұзын және мойнында түтікшесі болады. Колбалардың түтік-шесінің орналасу биіктігі әртүрлі, бұл түрлі температурада қайнайтын сұйықтар үшін өте қолайлы.

Клайзен колбасының Вюрца колбаларынан айырмашылығы оның екі мойны бар және түтікше қосымша мойынға жалғасқан. Клайзен колбасын төменгі қысымды сұйықтарды айдау үшін қолданады.

Арбузов колбасы – бұл Клайзен колбасының жетілдірілген түрі. Арбузов колба-сының ерекшелігі колбаның мойындары шар тәрізді кеңейген бөлікпен жалғасқан, ол қайнап жатқан сұйықтықтың қабылдаушы колбаға түсуіне кедергі жасайды.

Аллонж – имек келген шыны түтік, ол тоңазытқыш пен қабылдаушы жалғастыру үшін және т.б. жұмыстарда қолданылады.

Дефлегматор  – кеңейген бөліктерге жалғасқан түтікше тәрізді ыдыс, оның жоғар-ғы бөлігінде сұйықтық ағызуға арналған түтік бар. Дефлегматорлар сұйықтықтарды фракциялық айдау үшін қолданылады, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болады.

Эксикатор– қабырғасы қалың, қақпағы шлифті, ылғал тартқыш заттарды сал-қындату, сақтау үшін қолданылатын ыдыс. Эксикатордың түбі жағы қысыңқы келеді. Ол жерде тигель орналастырылған фарфор табақша тұрады, табақшасының астында эксикатордың төменгі бөлігінде ылғал тартқыш заттар салынады.

Газдарды тазарту немесе сору үшін әртүрлі шыны–аяқтар қолданылады.

Вульф шыны–аяғы – қабырғасы қалың, сиымдылығы 250 мл-ден 5 л-ге дейін болады. Екі немесе үш мойны және түбінде сұйықты ағызуға арналған тубусу бар.

Дрексель шыны–аяғы пішіні цилиндр тәрізді, шыны қақпақшасы арқылы ыдыстың түбіне дейін ұзын түтік түскен.

Тищенко шыны–аяғы ортасының бір–бірімен жалғаса алатын екі бөлінген және екі жағында екі мойны бар.

Кипп Аппараты көміртегінің қос тотығын, күкіртті сутек және басқа да газдарды алу мақсатында қолданылады. Аппараттың төменгі бөлігінде үлкен резервуар, оның үстінде газды бөліп алуға арналған тубусы бар кеңейтілген шар тәрізді бөлік орналасқан ең жоғарғы жағы алмұрт пішінді воронкадан тұрады.

Тамызғыштар (капельницы)– тамшылатып қосылатын сұйықтарды құюға арнал-ған ыдыс. Тамызғыштарға көбінесе индикаторлар құйылады, олар пипеткалы немесе тұмсықты болып келеді.

Петри аяқшасы – бактериологиялық зертханада қатты қоректік ортада бактерия-ларды өсіру үшін қолданылатын ыдыс. 1887 жылы неміс ғалымы Петри ұсынған. Петри аяқшасы екі табақшадан тұрады, оның диаметрің үлкені қақпағы болып саналады.

Заттық шыны – бактериологиялық, гистологиялық зерттеулер үшін қолданылады. Олар температураға төзімді жұқа шыныдан дайындалады.

  1. Өлшеуіш ыдыстар

Өлшеуіш ыдыстарға сұйық заттарды өлшеуге арналған ыдыстарды жатқызуға болады. (Мыс: өлшеуіш цилиндрлер, пробиркалар, мензуркалар, пипеткалар, бюрет-калар).

Пипеткалар белгілі сұйық көлемін дәл өлшеп алу үшін қажет. Пішіні түтікше тәрізді болып келеді, ұшы сүйір және өлшеу шкаласы болады. Микропипеткалар өте аз мөлшердегі сұйықтарды өлшеп алу үшін қолданылады. Автомат–пипеткалар арнайы шыны бөтелке-лерге орналастырылады және оларды жантайту арқылы толтырады. Олар 1 мл-ден 10 мл-ге дейінгі көлемде болады.

      Бюреткалар – арнайы өлшеуіш сызықтарымен бөлінген, көлемі үлкен түтік. Ол зертханада сұйықтарды өлшеу үшін және көп жағдайда титрлеу үшін қолданылады. Бюреткалардың түбінде шыны кран немесе қысқышы бар рәзіңке түтікше болады.

Өлшеуіш цилиндр – қалың қабырғалы шыны ыдыс, сыртында өлшеуіш шкаласы көрсетіледі, олардың көлемі әр түрлі болады.

Мензурка пішіні конус тәрізді болып келетін ыдыс, жоғарғы жағы кең, ал төмен қарай тарыла береді. Көлемі әртүрлі және сыртында өлшеуіш шкаласы көрсетіледі.

Өлшеуіш колбалар – аналитикалық жұмыстарға арналған ыдыс. Оларды түбі тегіс, мойны ұзын келеді және мойнында сақина тәрізді белгісі болады. Ал колбаның кеңей-ген бөлігінде оның сиымдылығы көрсетіледі, яғни сұйықтың сақинаға дейін толтырылғанда, сол көлемге дәл келеді. Өлшеуіш колбалар сұйықтықтарды өлшеу үшін және әртүрлі ерітінділерді дайындау үшін қолданылады.

  1. Зертханалық ыдыстар жасау үшін қолданылатын материалдар

Барлық зертханалық ыдыстар химиялық-зертханалық шыныдан, фарфордан, сондай-ақ пластиктен және басқа да материалдардан дайындалады.

      І. Химиялық-зертханалық шыныдан жасалған ыдыстардышынысының құра-мына байланысты 5 топқа бөлуге болады:

  1. Кварцты шыныдан жасалған. Кварцты шынының құрамында 96%-дан астам крем-незем бар. Кварцты шыны жоғары температураға, отқа төзімді, сондай-ақ химиялық реагенттерге (қышқылдарға) төзімділігі жоғары және оның тағы бір қасиеті көзге көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді өткізеді. Дегенмен кварцты шыныдан жасалған зертханалық ыдыстар өте нәзік және күйдіргіш сілтілерге төзімсіз болады.
  2. Натрий-кальцийменсиликаттышыныданжасалған. Мұндайшыныныңқұра-мында 13-20 % сілтілітотықтар, 5-10 % CaO, 1,5-4 % Al2O3болады.
  3. Аллюмоборсиликатты шыныдан жасалған. Мұндай шынының құрамына 6-18 % B2O3, 4-10 % NaO бар. Бұл ыдыстар жоғары температураға төзімді, дегенмен сілтілік ерітінділерге төзімсіз.
  4. Аллюмосиликатты борсыз шыныдан жасалған. Механикалық, термиялық төзімді және изоляциялық қасиетке ие.
  5. Сілтіге төзімді цирконий шыныдан жасалған. Құрамына цирконий, стронций, лантанныңтотықтарыкіреді.

       ІІ.  Фарфордан жасалған ыдыстар

Фарфор ыдыстар шыныға қарағанда химиялық және термиялық төзімді болып келеді. Бірақ бұл ыдыстар өте ауыр, мөлдір емес және шынымен салыстырғанда қымбат болады.

Фарфордан стакандар, түйгіш келі келі сабымен, тигельдер, шпательдер, қасықтар дайындалады.

        ІІІ. Пластиктен дайындалған ыдыстар

Пластиктен әртүрлі зертханалық ыдыстар дайындалады: колба, пипетка, пробирка, цилиндр, стакан, воронка және бір рет пайдалануға жарамды зертханалық құралдар жасалады. Пластиктен жасалған ыдыстарға бөлме температурасындағы сұйықтықтарды құюға болады.

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 13.09.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Зертханалық ыдыстарды пайдалануға дайындау, физикалық-химиялық тазалау және кептіріп-құрғату әдістері
Оқыту нәтижесі Зертханалық ыдыстарды дұрыс пайдалану және оларды жуып тазартуға үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Зертханалық ыдыстарды жуып тазарту әдістерін меңгеріп, керекті жуғыш заттардың құрамының қасиеттерін түсіндіру
Бағалау көрсеткіштері Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., с.552.

2) Веселовский В.С и др. Нагревательные приборы в лабораторной практике. М., «Госхимиздат», 1951г., с.124.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут   III.          Білу деңгейі

Зертханалық ыдыстарды пайдалануға дайындау, физикалық-химиялық тазалау және кептіріп-құрғату әдістерімен танысу

 

https://stud.kz/prezentatsiya/id/27009

 

 

ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар  2 тапсырма. Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар

 

 

 

https://stud.kz/referat/show/68058

 

 

 

 

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау http://www.myshared.ru/slide/1392136/
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

Зертханалық ыдыстарды пайдалануға дайындау, физикалық-химиялық тазалау және кептіріп-құрғату әдістері

Сандық зерттеулер үшін қолданылатын зертханалық ыдыстар мұқият тазартылуы қажет, себебі ыдыстың тазалығы алынатын нәтижеге әсер етеді.

Зертханалық ыдысты тазартудың екі әдісі қолданылады: физикалық және химиялық.

  1. Зертханалық ыдыстарды тазартудың физикалық әдістері

      1.1 Сумен жуу. Егер зертханалық ыдыс май қалдықтарымен, шайырмен және суда ерімейтін органикалық заттармен ластанбаса, онда тек қана сумен тазартуға болады. Сумен тазартқан соң ыдыстағы су бір қабат жұқа пленка тәрізді ағатын болса, таза деп есептеледі.

Егер ыдыстың қабырғасында жабысқан тұз қалдықтары немесе тұнба болса, онда ыдысты щетканың көмегімен тазартады және соңынан жақсылап сумен жуады. Сумен жуылған ыдысты міндетті түрде соңынан дистилденген сумен 2-3 рет шайқайды.

       1.2 Бумен жуу. Зертханалық ыдыстарды бумен де тазартуға болады, бірақ бұл өте ұзақ әрі қиын болғандықтан өте сирек қолданылатын тәсіл.

Егер ыдысты сумен жуғанда 5-10 минут уақыт кетсе, ал бумен жуу үшін 1 сағ уақыт қажет.

  1. Зертханалық ыдыстарды тазартудың химиялық әдістері

      2.1  Органикалық еріткіштерімен тазарту

Органикалық еріткіштерге эфир, ацетон, спирт, бензин, скипидар және т.б. жатады. Органикалық еріткіштерді суда ерімейтін шайырмен және басқа да органикалық заттармен ластанған ыдыстарды тазарту үшін қолданылады.

Органикалық еріткіштерді өте сақ пайдалану қажет, себебі олар өртке қауіпті. Сондықтан органикалық еріткіштерді оттан алшақ жерде пайдалану қажет.

       2.2   Жуғыш заттармен тазарту

Ыдыстарды әртүрлі синтетикалық жуғыш заттармен (сабын, жуғыш ұнтақ және т.б.) тазартуға да болады.

Ыдыстарды тазарту үшін құмды пайдалануға болмайды, себебі құм шыныны сырып кетеді, ал мұндай ыдыс қыздырғанда шыдамай жарылып кетеді.

       2.3   Марганец қышқылды калиймен тазарту

Ыдысты тазарту үшін 4-5% калий перманганатының ерітіндісін қолданады. Оған кішкене күкірт қышқылын қосса немесе қыздырса күшті тотықтырғыш болады.

  1. Зертханалық ыдыстарды зарарсыздандыру әдістері

      3.1 Жоғарғы температурамен зарарсыздандыру – ең көп тараған физикалық әдіс. Бұл зертханалық ыдыстарды жанарғы шамының жалынына қару, құрғақ ыстық ауамен, шамадан тыс температурасы бар буды қысымымен ұштастырумен жүзеге асады.

      3.2  Жалында (жалынмен)қару зарарсыздандырудың ең шапшаң және сенімді әдісі. Бұл әдіспен заттық әйнектерді, пастер пипеткаларын және т.б. ұсақ аспаптарды зарарсызданды-рады. Бұл үшін зарарсыздандырылатын затарды спиртовка жалынында бірнеше рет қарып алады. Қыздырған кезде микробтармен олардың споралары өртеніп өледі.

3.3 Құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру.Бұл тәсілмен әдетте шыны ыдыстарды зарар-сыздандырады. Бұнда пробиркаларды, колбаларды алдын ала мақтамен тығындайды. Зарар-сыздандырылған заттарға қайтадан ауа микробтары жұқпауы үшін оларды қағазға орап зарарсыздандырады, ол қағазды жұмыс жасаудың алдында ғана ашады.

Пипеткаларды ені 2,5-3см жалпақ қағазға орайды. Пипеткалардың ауызға алып соратын жағына алдын ала кішкене мақта тығып қояды. Петри табақшасын квадрат пішінді қағазға орайды. Осылай даярланған ыдыстарды алдын ала 160-170оС дейін қыздыратын құрғатқыш шкафтарда 2 сағаттай ұстайды. Осындайжағдайдабактерияларклеткаларығанаемес, олардыңспоралары да қырылыпкетеді. Құрғатқышшкафтартемпературасын 175оС шама-сынанасырмауұсынылады, өйткені температура жоғарылағандамақтатығынкүйіп, қоңыр-қайтартады, орамқағаздаропырылыпсыныпкетеді.

      3.4 Бу қысымымен зарарсыздандыру.Бұны автоклавта жүргізеді. Бұның өзі сопақша су–бу камерасы деп, ал ішкісін зарарсыздандырушы камера деп атайды. Ішкі камераға зарарсыздандырылатын материал орнатылады. Осы камераның жоғарғы жағында сыртқы камерадан бу келетін кішкене тесік бар. Автоклав қақпағы қысымды және температураны оның жұмыс істеу кезінде көрсетіп тұратын манометрмен, термо-метрмен жабдықталған. Автоклавпен жұмыс істеушілер арнайы нұсқаулармен қамта-масыз етіледі және оларды үйрететін арнаулы орындар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 20.09.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық техника
Оқыту нәтижесі Зертханада қолданылатын ыдыстармен таныстыру,оларды қолдануды үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Зертханалық техникалардың жіктелуін және жалпы мақсатта қолданылатын техникалармен таныстыру
Бағалау көрсеткіштері Ветеринариялық-санитария туралы жалпы ілімін дамыту, зертханаларда қолданылатын ыдыстармен таныстыру;

Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету.

Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., с.552.

2) Веселовский В.С и др. Нагревательные приборы в лабораторной практике. М., «Госхимиздат», 1951г., с.124.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут   IV.          Білу деңгейі

Жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстармен танысу

 

https://stud.kz/referat/show/32861

 

 

 

ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Зертханалық ыдыстарды физикалық тазарту әдісі

2 тапсырма. Зертханалық ыдыстарды химиялық тазарту әдісі

3 тапсырма. Зертханалық ыдыстарды зарарсыздандыру

 

 

https://stud.kz/prezentatsiya/id/27009

 

 

 

 

https://present5.com/ximiyalyқ-ydystardy-tazalau-zhuu-әdisteri-men-saқtau-zholdary/

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://med.mcfr.kz/article/544-himiyaly-ydystar-men-jabdytar-zerthanada-deu-trtb
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

  1. Зертханалық техника – зертханада әртүрлі зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін аспап-құралдардың, аппараттардың, техникалық құрылғылардың жиынтығы.

Зертханалық техника төмендегідей жіктеледі:

— қолдану аясына қарай жалпы және арнайы;

— ветеринариялы-биологиялық зерттеулер сипатына байланысты микробиология-лық, биохимиялық, гематологиялық, гистологиялық, иммунологиялық, патолого-анато-миялық, ветеринариялы-санитариялық және т.б.;

— зертханалық үрдісте алатын орнына қарай талдауға арналған және талдау жүргі-зуге дайындайтын;

— тағайындалуына байланысты жалпы техникалық және ветеринариялық зертхана-лық техника болып бөлінеді.

       1.1  Жалпы зертханалық техника төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Суды дисстилдеуге және деминералдауға арналған аппаратуралар (дистиллятор, би-дистиллятор, аквадистиллятор, апирогенді су алуға және суды деминералдауға арналған аппараттар).
  2. Қыздыруға, кептіруге және термостаттауға арналған аппаратуралар (тигель, муфель ошағы-пеші, инфрақызыл сәулелендіргіштер, колбақыздырғыштар, термостаттар, ультра-термостаттар, зертханалық моншалар, т.б.).
  3. Өлшеугеарналған аппаратуралар (техникалық, аналитикалық, теңиықты, торсионды, электрлі, таразылар, т.б.).
  4. Центрифугалауға арналған аппаратуралар (зертханалық және клиникалық центри-фугалар, вакуумдық және рефрижераторлық, препараттық және аналитикалық ультра-центрифугалар).
  5. Индикациялауға, идентификациялауға және мөлшерлеуге арналған аппаратуралар (микроскоптар, колориметрлер, нефелометрлер, спектрофотометрлер, рефрактометрлер, термометрлер, т.б.).
  6. Шайқауға және араластыруға арналған аппаратуралар (шайқағыштар, механикалық және магниттік араластырғыштар).
  7. Қосалқы қондырғылар мен құрылғылар (ыдыс жууға арналған машиналар, тұрмыстық тоңазытқыштар, компрессорлар, вакуум-сорғыштар, насостар, т.б.).
  8. Суды дистиллдеугежәнедеиондауғаарналған аппаратуралар

Дистиллденген су дегеніміз – құрамындағы еріген қоспалардан дистилляциялау арқылы тазартылған су. Дистиллденген судың рН көрсеткіші 5,0-6,8 шамасында болады және құрғақ қалдығы 0,001% -дан аспауы қажет. Дистиллденген су барлық зертханалық жұмыстарда кеңінен қолданылады.

Ал, кейбір ерекше зертханалық зерттеулерде екі қайтара дистиллденген су қажет болады – ол бидистиллятдеп аталады. Бидистиллят дәлдігі жоғары анализдер жүргізу үшін пайдаланылады. Бидистиллденген суды арнайы кварцты, қалайы, күміс немесе платина ыдыстарда сақтайды.

Судағы органикалық заттардан арылу үшін суға екінші рет дистиллдеу алдында 0,1 г/л шамасында калий перманганатын және бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосады. Құрамында органикалық заттардың ізі жоқсуапирогенді судеп аталады.

Суды минералдық заттардан тазарту үшін ионалмастырғыш шайырлар кеңінен қол-данылады. Суды катион және аниондармен толтырылған бірнеше бағандардан өткізеді.Мұндай жолмен тазартылған судыдеминералданған су деп аталады. Тазалығы жағынан және қасиеттеріне қарай бұл судың дистиллденген судан ешбір айырмашылығы жоқ.

Суды дистиллдеу үшін әртүрлі дистилляторлар қолданылады. Д-1 дистилляторы 1 сағатта 4-5л, ал Д-25 дистилляторы 25л су айдауғаесептелген. Суды дистиллдеугеарналған аппаратура әртүрліболғанымен, олардыңжұмысістеупринципібірдей – яғнибуконденсатын алып, суға айналдыру.

      Апирогенді су алу үшін «АА-1» аппараты қолданылады, бұл — қосымша химиялық реагенттерді араластыруға арналған бөлігі және мөлшерлеу құрылғысы бар дистиллятор.

  1. Қыздыруға, кептіруге және термостаттауға арналған аппаратура

       2.1 Зертханада көптеген жұмыстар үшін электроқыздырғыш құралдар қолданылады: плиталар, моншалар, пештер, кептіргіш шкафтар және т.б.

Электрлі плиталар әр түрлі пішінді, жабық және ашық спиральді болады. Спиральдіжауыптұратын пластинка металлдан, асбесттеннемесетальктанжасалуымүмкін.

Ашық спиральді плиталарды пайдалану өте қауіпті, сондықтан тек аса қажет болған жағдайда, сақтықпен қолданған жөн.

Су моншасы отқа қауіпті заттарды қыздыруға өте қолайлы. Сондай-ақ әртүрлі серо-логиялық реакциялар жүргізгенде белгілі бір t-ны ұстап тұру қажет болғанда су моншасын қолданады. Арнайы температура реттегіші бар, 30оС-ден 100оС-ге дейінгі аралықтағы жылуды керегінше ұстап тұруға болады.

Құм моншасы – пішіні борты бар электрлі плита тәрізді.  100оС-ден жоғары қыздыру қажеттігін өтейді. Қыздырғыш ретінде тазартылған кварц құмы пайдаланылады. Құм моншаларының артықшылығы қыздыру барысында тұрақты t-ны ұстап тұруға болады, ал кемшілігі құм жай қызады және ең жоғарғы t- 400оС-ден аспайды.

Ауа моншасы қайнау t — 100оС-ден жоғары сұйықтарды қыздыру үшін қолданылады. Қыздыру ортасы ауа болып тұрады. Ауа моншасының ең жоғарғы қыздыру t-сы 200оС.

       Колба қыздырғыштар түбі шар тәрізді шыны ыдыстарды қыздыру үшін қолданылады. Пішіні электрлі плитаға ұқсас, бірақ ортасы конус тәрізді немесе шар тәрізді ойық келеді.

       Муфель ошағы — пеші. Электрлі муфель пеші қыздыру, күлдендіру, балқыту үшін және әртүрлі өте жоғары t қажет болған жағдайда қолданылады. Қарапайым муфель пештерінде t — 1000-1200оС, ал арнайы түрлерінде одан да жоғары болады. Пеш қыздырғыш спиральмен оралған шамоттан (отқа төзімді батпақ) тұратын муфель, ол темір корпуспен қапталады.

Тигель пеші муфель пешінің бір түрі болып табылады және айырмашылығы тек пішініне және ішіндегі керамикалық муфельдің орналасуына байланысты.

Зертханаларда қыздыру мақсатында сондай-ақ газды және спиртті шілтерлер қолданылады. Әртүрлі газды жанғыштар (Бунзен, Теклю, Меккер) түрлері зертханалық жұмыстарда қыздыру үшін қолданылады, ал көлемі үлкен ыдыстағы сұйықтарды қыздыру үшін газ плиталары пайдаланылады.

Спиртті шілтерлер немесе спиртовка, бұлар кішігірім зертханалық жұмыстар жүр-гізу үшін, пробиркадағы сұйықтарды қыздыру үшін, қолданылады, себебі спиртті шілтерлер (спиртовкалардың) от жалынының қызуы өте төмен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 27.09.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық техника
Оқыту нәтижесі Арнайы мақсаты қолданылатын зертханалық техникалармен таныстыру, дұрыс пайдалану және оларды қолданып үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық техникалардың жіктелуі және ерекшеліктерімен таныстыру
Бағалау көрсеткіштері Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., с.552.

2) Веселовский В.С и др. Нагревательные приборы в лабораторной практике. М., «Госхимиздат», 1951г., с.124.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут     V.          Білу деңгейі

Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстармен танысу

 

https://stud.kz/referat/show/68058

 

 

ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Зертханалық техникалардың жіктелуі

2 тапсырма. Жалпы мақсатта қолданылатын техника

 

 

https://kk.warbletoncouncil.org/reactivos-de-laboratorio-14401

 

 

 

https://stud.kz/referat/show/32861

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://topuch.ru/analitikali-himiyadai-zerthanali-jmistar-sapali-analizdi-mni-j/index.html
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

Зертханалық техникалар кез-келген зертханалық зерттеу жұмыстарын іске асыру-ларда аса қажет. Олардың көмегімен зерттеу жұмыстары еш қиындықсыз атқарылып келеді. Бірақ, көптеген зертханалық жұмыстарды күнделікті қолданып жүрген техникалармен іске асыру мүмкін болмай жатады. Ол  үшін жұмыстардың зерттелу мақсатына байланысты арнайы техникаларды қажет етеді.

  1. Арнайы зертханалық техника төмендегідей топтарға бөлінеді:

1.1  Микробиологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (автоклав және булы стери-лизаторлар, кептіргіш залалсыздандырғыш шкафтар, микроорганизм культураларын өсіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған аппараттар, электронды микроскоп, люми-несцентті микроскоп, инфрақызыл спектрометр, газохроматографиялық спектрометр).

1.2 Гистологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (гистокесінді алуға арналған микротом, гомогенизаторлар, ұлпаны гистологиялық өңдеуге арналған аппараттар).

1.3  Гематологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (гемометр Сали, гемоглобино-метр, Горяев камерасы, гематокритті анықтауға арналған центрифуга, лейкоциттерді санауға арналған он бір басқышты санағыш).

1.4  Цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (зерттелетін биоматериалды бояу-ға арналған автомат, жасушаларды идентификациялауға және санауға арналған автоанали-заторлар).

1.5 Иммунологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (флоринский дозаторы, микротитрометрлер, қанның топтық және резустық қатынасын анықтайтын аппараттар).

1.6  Биологиялық сұйықтықтарды биохимиялық зерттеуде қолданылатын өлшеп-мөл-шерлеу құралдары (фотоэлектроколориметрлер, фотометрлер, фотоэлектрлік адсорбцио-метрлер, спектрофотометрлер, флюориметрлер, денситометрлер, рН-метрлер, осмометрлер, электрофорезге арналған аппараттар, т.б.).

Микробиологиялық зерттеулер барысын екіге бөлуге болады:микробиологиялық зерттеудің өзі және дайындық үрдісі.Микробиологиялық зерттеулерге материал алу, оны қоректік ортаға егу, таза өсінді бөлу, серологиялық және биохимиялық әдістермен идентификация жасау жатады. Ал дайындық үрдісіне қоректік орталарды дайындау, мақта-мата тығынын жасау, ыдыстарды залалсыздандыру жатады.

       Қоректік орталарды, зертханалық ыдыстарды, зарарданған материалдарды, микро-биологиялық жабдықтарды залалсыздандыру үшін автоклав қолданылады.

Құрылысына байланысты автоклавтар вертикальді, горизантальді, тасымалданатын болып бөлінеді. Автоклавты ең алғаш 1884 жылы Гейденрих практикаға енгізді.

Автоклав екі камерадан тұрады: су-бу және стерилдеу камералары. Камералардағы ауа қысымы монометрлер арқылы реттеледі. Су-бу камерасындағы судың деңгейін арнайы шы-ны түтікше арқылы көріп, крандар арқылы реттеп отыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 27.09.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Зертханалық жиһаз-бұйымдармен танысу
Оқыту нәтижесі Арнайы мақсаты қолданылатын зертханалық техникалармен таныстыру, дұрыс пайдалану және оларды қолданып үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Зертханалық жиһаз-бұйымдардың жіктелуі және ерекшеліктерімен таныстыру
Бағалау көрсеткіштері Зертханалық жиһаз-бұйымдармен таныстыру, дұрыс пайдалану және оларды қолданып үйрету
Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., С.552.

2) Қырықбайұлы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жұмагелдиев А.А. Лабораторное дело. Алматы,2009г.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут   VI.          Білу деңгейі

Зертханалық жиһаз-бұйымдармен танысу

https://kk.warbletoncouncil.org/material-de-laboratorio-4097
ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Арнайы мақсатта қолданылатын техникалар

2 тапсырма. Зертханалық техникалар қауіпсіздігі

 

 

http://www.myshared.ru/slide/1392136/

 

https://tou.edu.kz/arm/upload/umk_pdf/178082.pdf

 

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://topuch.ru/analitikali-himiyadai-zerthanali-jmistar-sapali-analizdi-mni-j/index.html
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

Титрлеуге арналған стол (керамика, 1200х600х900(1800)

Қолданылуы: Әртүрлі өндірістік, ізденістік және арнайы зертханалық жұмыстарды жасау үшін жасалған.
Негізгі деталі меламиннен жасалған, жан-жағы пластикпен өңделген, ылғалды сіңіру және механикалық әсерлерге төзімді.

Жұмыс столының беті — керамика (керамикалық плитка, концентрациялы қышқыл әсеріне, сілтілер, органикалық ертінділер және жоғарғы температураға төзімді).
Стеллаж құрылымында — 2 шам, 2 өшіргіш, 2 розетка, 6 стержн бюреткаларды бекіту үшін.
Рамасы — сваркіленген металлоконструкция, ұнтақталған бояулармен сырланған, әрбір аяғында биіктігін реттегіштер орналасқан.

 

 

 

Сорғыш шкафы модификациясы кейінгі дизайнмен,  арнайы сапалы материалдан жасалған.

 Жұмыс столының бетін өте төзімді, ұзақ қолдануға жарамды материалдардан дайындалған:

Цельная керамика К8, К11  Монолитный пластик TRESPA

  Цельная керамика FRIDURIT  Керамическая плитка

Стандарттықұрылымы: полипропиленді раковина, ауасорғышжелдеткіштіңтрубасынажалғайтынжерідиаметрі 200 мм, қорғаныс экраны 6 мм қаттықыздырылғаншыныдан, шкафтыңалдыңғыпанеліндесуық су кранынаарналғанреттегішорналасады; жарықтүсіретіншамдар, евророзеткалар, шкафтыңалдыңғыбөлігіндеэлектрқуатынөшіргіш, есіктітумбаларжәнежасандысорғыштантұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 04.10.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Автоклавтың құрылысымен және жұмыс істеу тәртібін меңгеру
Оқыту нәтижесі Автоклавтың құрылысымен таныстыру, жұмыс істеу тәртібін үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Автоклавтың құрылысымен танысып, оның жұмыс істеу тәртібін меңгеру
Бағалау көрсеткіштері Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., с.552.

2) Веселовский В.С и др. Нагревательные приборы в лабораторной практике. М., «Госхимиздат», 1951г., с.124.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут VII.          Білу деңгейі

Автоклавтың құрылысымен және жұмыс істеу тәртібін меңгеру

https://kk.wikipedia.org/wiki/Автоклав
ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Зертханалық жиһаздардың қолданылу мақсаты

2 тапсырма. Зертханалық жиһаздарға  қойылатын талаптар

3 тапсырма. Жиһаздардың түрлері және ерекшеліктері

 

 

https://www.referat911.ru/Metallurgiya/avtoklavtau-turaly-tsnk/47544-1425658-place1.html

 

 

 

АВТОКЛАВ

 

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://kk.horseleap.com/199-autoclave-for-home-canning.html
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

Автоклавпен жұмыс істеу ережелері

Горизонтальды стерилизатор ГК-100-3 қондырғының мінездемесі    

Резеңке, шыны, металлдан (цинк) жасалған бұйымдарды қысым астында қаныққан су буымен стерильдеу үшін арналған аппарат. Автоклав төрт 18 литрлік КСК стерильдеу құты-ларымен жабдықталған.

 

 

АВТОКЛАВПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

1  Улы емес және жарылғыш қаупі жоқ орталардың қысымында, қабырға температу-расы 200ºС және сыйымдылығы 10 000 литрден аспайтын, сонымен қатар улы және жарылғыш қаупі бар орталар қысымында, жоғарыда көрсетілген температурада және сыймдылығы 500 литрден аспайтын автоклавтар жергілікті техқадағалау инспекциялары-ның тіркеуіне жатпайды.

1.2  Техқадағалау  ұйымдарында тіркелген және тіркелмеген барлық автоклавтар оның иесінің арнайы тіркеу жорналында тіркелуі керек.

1.3   Әр автоклавтың формасына қарай міндетті түрде паспорты болуы керек ( өндіруші-зауыттан беріледі).

  1. Бөлмелер дайындау және автоклавтарды қондыру

2.1 Автотклавтар «Медтехника» басқармасына сәйкес арнайы бөлмелерде қондырылуы керек.

2.2 Автоклавтау бөлмелерінің ауданы Құрылыс Нормалары және Ережелеріне (ҚН және Е) сәйкес алынады, ал ауруханалар және поликлиникаларда ҚН және Е П-Л. 9-70 сәйкес алынады.

2.3  Автоклав қолдануға өте ыңғайлы болатындай етіп орналастырылуы керек. Қабырға мен автоклав арақашықтығы 0.8 м кем болмауы керек.

  1. Манометрлер және сақтандыру клапандары

3.1 Манометрлерді жылына кем дегенде жылына бір рет пломбаға тексеру қажет, соны-мен қатар әр 6 айда автоклавтар жұмысын қадағалап отыратын ұйым немесе кәсіпорындар жұмысшы манометрді бақылау манометрімен салыстыра отырып тексеру жүргізеді.

3.2 Сақтандыру клапаны автоклавтағы жіберілетін қысым деңгейіне дейін реттеліп қойылуы керек. Клапандар жұмысы үнемі және уақытында тексерілуі керек (4.3).

  1. Автоклавты ұстау және қадағалау

4.1 Ұйым,кәсіпорын әкімшілігі автоклавтарды Ереже талаптарына сай ұстауға міндетті.

4.2 Ұйым, кәсіпорын жетекшісі бұйрығымен автоклавтар жұмысына жауап беретін ар-найы дайындалған және оны куәландыратын куәлігі бар адамды бекітуі керек.

Әр үш жылда осы бекітілген жауапты адам білімі тексеріліп, нәтижесі куәлікке жазы-лып отырады.

4.3  Ұйымда, кәсіпорында автоклавтармен жұмыс істеу режимі және қауіпсіздігі туралы нағыз Ереже және типтік инструкция талаптарына жауап беретін Нұсқау-Инструкция жасалу керек.Инструкция ұйым, кәсіпорын, мекеме жетекшісімен немесе автоклавқа жауап-ты адаммен бекітіліп, жұмыс орнында ілініп тұруы керек.

  1. Қызмет көрсетушілердің (персоналдың) міндеттері
    • Қызметші автоклавтың жұмыс режимі және қауіпсіздігі туралы Нұсқау-Инструкцияны қатаң орындап, арматура, бақылау-өлшеу құралдарының және сақтандыру қондырғылары-ның жұмысын бақылап отыру керек.
    • Ережеге сай автоклав жұмысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

а) Инструкцияда көрсетілген барлық талаптар орындалғанға қарамастан автоклавтағы қысым көтерілсе;

б)  сақтандыруклапандарыжұмыстаншықса;

в)  автоклав бөлшектерінде жарықтар, томпаюлар, төсеніштің жыртылуы байқалса;

г)  өрт пайда болғанда;

д)  манометр жұмыстан шықса;

е)  сұйықтық мөлшері деңгейден төмендегенде;

ж)  қақпақтың бекіту бөлшектерінің саны толық болмаса немесе жұмыстан шықса;

з)   сұйықтық деңгейін көрсететін көрсеткіш жұмыстан шықса;

и)   сақтандыру қондырғыларының жұмысы бұзылса;

к)  автоматика құралдары мен бақылау-өлшеуқұралдарыжұмыстаншықсанемесе бол-маса;

л)   Нұсқау-Инструкциядакөрсетілгенбасқа да талаптарорындалмаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Күні 11.10.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Зерттеуге сынама алу технологиясы мен тәртібі
Оқыту нәтижесі Зерттеуге сынама  тәртібі, сынама алу технологиясын үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Сынамалар алудың негізгі мақсаттарымен және технологиялары-мен таныстыру
Бағалау көрсеткіштері Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., с.552.

2) Веселовский В.С и др. Нагревательные приборы в лабораторной практике. М., «Госхимиздат», 1951г., с.124.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут VIII.          Білу деңгейі

Зерттеуге сынама алу технологиясы мен тәртібімен танысу

https://stud.kz/referat/show/48708
ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Судан сынамалар алу тәртібі мен ережесі

2 тапсырма. Топырақтан сынамалар алу тәртібі мен технологиясы

3 тапсырма. Әртүрлі нысандар беткейлерінен сынамалар алу тәртібі мен технологиясы

 

 

https://www.myagro.kz/project/Методическая%20деятельность/Әділханова/page6.html

 

 

https://allrefrs.ru/3-19526.html

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://www.ektu.kz/files/DistanceEducation/Resource/324094/9Лекция%207,1.doc
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

                                   Зерттеуге сынама алу технологиясы мен тәртібі

      1.Судан сынамалар алу тәртібі мен ережесі 

       Судан сынама алу үшін арнайы құрал – батометр қолданылады. Су көзінің ластануын зерттеу үшін сынаманы ағысқа қарсы және одан төменгі жерлерінен алады.

Ашық су қоймасынан сынаманы 0,6-1м тереңдіктен, ал беткейінен жағадан 1-2м қашықтықтан алады.

       Құдықтан суды ертеңгісін және кешкісін алады.

Су құбырларынан суды ағызып тастап, 10-15 минөттен кейін алуға болады.

Бактериологиялық зерттеулерге суды стерильді батометрмен, я тығыны бар, шыны бө-телкеге алып, тезірек зерттейді (1-3 сағат аралығында). Толық зертханалық талдау үшін 5л су алады, әрбір 2л зертханаға жіберілетін сынамаларға жолдама хаттар беріледі. Онда сынама нөмері, жылы, айы, күні және алған уақыты, судың физикалық қасиеттері, 2-3 күн-дік ауа райының жағдайы, кім және қалай алынғандығы, т.с.с. мәлімдемелер көрсетіледі. Судың сынамасы ластануына байланысты кем дегенде 12-72 сағатта зерттелінуі қажет. Егер зертханаға жіберу 5 сағаттан асып кететін болсе, онда оны қатудан,  қызудан сақтау керек. Жылы мезгілде, суды тасымалдау 1 күннен асатын болса, суды консервілейді.

Судағы аммиак мөлшерін, оның қышқылдығын, хлоридтерді анықтау үшін консервант ретінде 2 мл 25% күкірт қышқылын 1л суға, басқа құрамдас көрсеткіштерін анықтау үшін – 2мл хлороформды 1л зерттелетін суға араластырады. Зерттелетін судың ыдысына сынама нөмері, күні, алынған жері белгіленіп, жапсырылады. Уланулар жағдайларына байланысты су сынамасы арнайы зерттеуге жіберілетін болса, судың сынамасы арнайы мөрленіп, оған акт (хаттама) толтырылады.

  1. Топырақтансынамалар алу тәртібі мен технологиясы

       Топырақтан (жерден) сынама алу үшін арнайы бұрғы – бұрғылағыш-бур немесе таза күрек қолданылады. Сынаманы бірнеше жерден шахмат тәрізді немесе 3-5 нүктеден диогональ бойынша ауданы 25м2, тереңдігі 0,25м алынады. Әрбір сынаманы араластырып, орташа сынама дайындайды. Оны арнайы тығыны бар шыны бәнкіге салып, я таза қалың матаға орап, зертханаға жібереді. Топырақ сынамаларына жолдама құжат беріліп, онда алынған жері, күні, айы, уақыты, сынама алу тереңдігі мен құрамдық көрсеткіш ерекше-ліктері белгіленіп, не үшін, я қандай себептерге байланысты алынғандығы, қандай көрсет-кіштеріне зерттеу керек екендігі, т.с.с. керекті мәліметтер жазылады.

  1. Әртүрлі нысандар беткейлерінен сынамалар алу тәртібі мен технологиясы

Әртүрлі нысандар (еден, қабырға, қондырғы-құрылғылар, сүт-ет  қондырғы-аппаратура-лары, қора жайлар, көлік түрлері, т.с. көптеген ветеринариялық қадағалау мен бақылауға жататын нысандар) зарарсыздандырылғаннан (дезинфекциялаудан) кейін микробтық ластану деңгейін және жүргізілген шаралардың сапасын бағалау үшін, т.с. себептерге байланысты қалдық шайындыны (жуындыны) стерильді мақталы анжымен (тампонмен) тіп-тіке  — пер-пендикулярлы, 100см2 аудандық көлемде зерттелетін нысан-объект бағытына қарай екі рет сүрту арқылы алады.

Анжыларды (тампондарды) дайындау үшін алюминий, ағашты шыбықшалар — стержен-дер қолданылады. Оның бір шетін тегіс орамшамен-валикпен шайынды алу үшін мақта орайды, ал пробиркаға кіретін тығынды мақталы-дәкеден жасайды. Қашықтығы пробирка-дан стержен соңына дейін 12см. Анжыларды (тампонды) пробиркаға салып, қағазға орап, 1,5 атм. қысымда 30 минөт автоклавта стерильдейді.

Шайынды алар алдында анжыларды (тампондарды) 10мл стерильді физиологиялық ертіндісі бар пробиркаға ауыстырады. Зерттелетін нысаннан-объектіден жағынды алу үшін анжыны (тампонды) пробирка қабырғасына сығып, ылғалдылықтан босатады. Шайынды алған соң тампонды сол пробиркаға салып, вертикальды түрде мұзы бар термосқа орналастырып, сөйтіп зертханаға тасымалдайды. Себу үшін жасалатын іс-шаралардың барлығы бактериологияда қабылданған асептика ережелерімен жүргізіледі.

 

Сабақ жоспары

Күні 11.10.2022ж.
Педагог Кудайберген Г.А.
Пән Зертханалық істер техникасы
Курс / Топ ВН-314
Сабақ тақырыбы Бактериологиялық қоректік орталар
Оқыту нәтижесі Зерттеуге сынама алу  тәртібі, технологиясын үйрету
Сабақтың мақсаты, міндеттері Бактериологиялық қоректік орталардың жіктелуін, олардың химиялық құрамын меңгеру
Бағалау көрсеткіштері Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақ типі

 

Тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері мен тәсілдері слайд, жазбалар, сызбалар
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Оқу, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер, сандық білім беру ресурстары 1) Воскресенский П.Я. Техника лабораторных работ. М., изд. «Химия», 1967г., с.552.

2) Веселовский В.С и др. Нагревательные приборы в лабораторной практике. М., «Госхимиздат», 1951г., с.124.

                   Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері/

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет Оқыту құралдары мен сандық білім беру ресурстары
І. Ұйымдастыру кезеңі-5 минут 1)        Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру

2)        Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска.

 

 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут   IX.          Білу деңгейі

Бактериологиялық қоректік орталармен танысу

https://www.yaneuch.ru/cat_38/orektk-ortalar/604764.3544819.page1.html
ІІІ.  Жаңа тақырып-55 минут ІІ. «Түсіну» деңгейі

Жеке жұмыс:

1 тапсырма. Бактериологиялық қоректік орталардың түрлері

2 тапсырма. Бактериологиялық қоректік орталарды дайындау технологиясы

 

 

https://kazmedic.org/archives/5629

 

http://www.myshared.ru/slide/1418852/

V. Үй тапсырмасы-2 минут Тапсырмалардыаяқтау https://www.freepapers.ru/46/bakteriya-zhne-virustardy-orektk-ortada/94879.619181.list2.html
VІ. Бағалау-4 минут  Бағалау көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағаланады  
Рефлексия-2 минут Білмедім, білдім, білгім келеді  

 

Педагог   _________ Кудайберген Г.А.

Әдіскер    ________ Исаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мазмұны:

Бактериологиялық қоректік орталар

  1. Қоректік орталарға жалпы сипаттама

Қоректік орталар микроорганизмдерді өсіру, олардың таза өсіндісін бөліп алу, көбей-ту үшін және әртүрлі биохимиялық-культуралдық қасиеттерін зерттеу үшін қажет.

Микроорганизмнің өсуі үшін қоректік ортада міндетті түрде органоген көздері – O, H, C, N; күлдік элементтер- S, P, K, Ca, Na, Mg, Fe болуы қажет. Көптеген микроорганизмдер белгілі бір микроэлементтерді қажет етеді: Mn, Zn, Co, Cu және т.б.

Микроорганизмдердің өсіндісін алу үшін қолданылатын қоректік орталар мынадай талаптарға сай болуы (азот және көміртегі көздері), минералды тұздардың және микробтың өсуіне қажетті В тобының витамендерінің болуы, жеткілікті су мөлшерінің болуы, себебі микробтардың қоректенуі диффуздық жолмен іске асады, яғни микроб қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді; изотониялық осмостық қысымының болуы; белгілі бір мөлшерде сутегі иондарының концентрациясының болуы; оның стерильді және мөлдір болуы керек.

       Гетеротрофты микроорганизмдер үшін әмбебап азот көзі ретінде пептон қолданыла-ды. Пептон – бұл ет, сүт, балық белоктарының ыдырау өнімі. Оның құрамында P, S және негізгі минералдық заттар, сондай-ақ азот және көміртегі бар. Көміртегі көзі ретінде қоректік орталарға көмірсулар қосылады (глюкоза, лактоза, сахароза және т.б.).

Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, қатты және қоймалжың бо-лады. Табиғатына қарай олар табиғи және жасанды болып келеді. Табиғи қоректік орталар мал (ет, сүт, қан, қан сарысуы) және өсімдік (көк-өніс, жеміс, дәнді дақылдар) өнімдерінен дайындалады. Жасанды қоректік орталар өсімдік, ет, сүттің қайта өңдеу өнімдерінен дайындалады, оларға көп жағдайда көмірсулар, ас тұзы, бояу және т.б. заттар қосылады. Жасанды қоректік орталардың негізгі бөлігін химиялық құрамы нақты белгі-ленген синтетикалық орталар құрайды.

Қолдану аясына байланысты қоректік орталар жай, арнайы және дифференциалды–диагностикалық болып бөлінеді.

1.1  Жай қоректік орталар

Жай орталар микробтардың басым көпшілігін өсіруге жарамды. Бұларға ЕПС, ЕПА, ЕПЖ және т.б. жатады.

а) Жай сұйық қоректік орталар – ет суы, ЕПС, пептонды су. Бұл орталар қатты етті, оларды және арнайы орталарды дайындау үшін негіз болып табылады.

       Ет суы ЕПС, ЕПА, ЕПЖ дайындау үшін негіз болып табылады.

б) Жай қатты қоректік орталар – ЕПА, ЕПЖ.

ЕПСна 2-3% агарқосып, ЕПАалады. Агар – теңізбалдырларыныңөңдеуөніміболыптабылады. Оныңқоректікқасиетіжоқ, себебіоныңқұрамындамикробтарсіңіреалмайтынкүрделікөмірсулар (полисахаридтер) бар.

ЕПЖ– ЕПС-на 10-12% (қыста) немесе 18-20% (жазда) желатин қосуарқылыалынады. Желатин – сүйектердің, сіңірлердіңжәнежелімберетінзаттардыңқайнауынаналынғанөнім.

      1.2  Арнайы қоректік орталар

      Арнайы қоректік орталар – жай қоректік орталарда өспейтін микробтарды өсіруге арналған. Бұларғает–пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС), қантты агар, саңырауқұлақтарды өсіруге арналған Саббуро ортасы, туберкуллез таяқшаларын өсіруге арналған қоректік орталар және т.б. жатады.

      Ет–пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС) немесе Китт–Тароции ортасы – анаэроб микробтарды өсіруге арналған қоректік орта.

Глюкозасы бар ет–пептондысорпа.Дайынет–пептондысорпаға 1% глюкозанықо-сады.

      Қан сорпа.Дайын ет–пептонды сорпаға алдын ала фибриллаларынан тазартылған қоян-ның, қойдың, жылқының немесе сиырдың қанынан қосады.

Сусло–агар,саңырауқұлақтарды өсіруге арналған қоректік орта болып есептелінеді. Сусло – шарап жасауда, сыра даярлауда қолданылатын арпа дәнінен арнаулы технология бойынша өндірілетін зат. Дайын сусло болмағанда солодты ортаны пайдаланады.

Сабуро ортасы.1литр дистильденген суға 18г агар қосып, 30 минөтке қалдырады. Агар ісінген соң 40г мальтоза немесе глюкоза және 10г пептон қосып, ортаны 120оС-қа дейін қыздырып ерітеді. Еріген ортаны мақта–мата сүзгісі арқылы сүзіп, 115оС-та 15 минөт зарарсыздандырады. Пайдаланар алдында қоректік ортаның 1 литріне 50000 ӘБ пенициллин және 40г стрептомицин немесе 350мг неомицин қосылады.

       1.3  Дифференциалды-диагностикалық қоректік орталар

Дифференциалды–диагностикалық орталар микроорганизмдердің биохимиялық қа-сиеттерін зерттеу мен кейбір микробтарды таза күйінде бөліп алуға арналған. Бұл орталарда микробтардың ферменттерінің әсерінен белоктар мен көмірсуларда, тотығу–тотықсыздану реакциялары жүретіні белгілі. Әр микроорганизмнің қоректік ортадағы белгілі бір заттарды ыдырататын ферменттерін зерттей отырып, олардың жүйелік жағдайларын анықтауға мүмкіндік туады. Бұған құрамында көмірсулары бар сұйық Гисса ортасы, индикаторлары бар қатты Эндо, Левин, Плоскиревжәне т.б. қоректік орталар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *