«Информатика» пәнінің ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ЕУРАЗИЯ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

__________ Инкарбаева Г.М.

«_____»______________ 2022 ж.

 

 

 

 

07310300-«Жерге орналастыру»

4S07310302- Техник-жерге орналастырушы

білім беру бағдарламасына арналған

 

ЖБП 00 Жалпы білім беретін пәндер

 ЖБП.07 «Информатика» пәнінің

 

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

 

Кредит саны —  2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2022

 

ЖБП.07 «Информатика» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық  оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды. Хаттама №    1    «  15   » шілде  2020 жыл.

 

 

Құрастырушы (лар):  ______________   Мұратбек Х.Ә.

(қолы)

______________  Есіркеп С.Қ.

(қолы)

 

 

 

ЖБП.07 «Информатика» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы гуманитарлық»  пәндер бірлестігі отырысында талқыланды.

№___ хаттама, «___»________ 2022 жыл.

 

ПБ төрайымы   ______________   Молдабекова А.А.

(қолы)

 

 

ЖБП.07 «Информатика»  пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Еуразия аграрлық колледжінің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және мақұлданды.

№___ хаттама, «___» ___________ 2022 жыл.

 

 

Әдіскер ______________ Исаева А.Б.

(қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми-әдістемелік бөлімде тіркелді № ____    «____» ________ 2022 ж
Білім алушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

ЖБП.07 «Информатика» пәні бойынша

2022-2023 оқу жылына арналған

 

Негізгі мәліметтер
Білім беру бағдарламасы (шифр, аты) 07310300-«Жерге орналастыру» (ЖО-116)
Курс, семестр 1-курс, 1-2семестр
Пән статусы КМ
Кредит саны 2
Сабақ өтетін аудитория № 526каб., 5 оқу  ғимараты
Дәріскер Мұратбек Халима Әуезханқызы

Тел: 8-776-234-55-22, 8-747-328-61-28

Электронды байланыс: muratbekh_2020@mail.ru

Практикалық сабақтарды жүргізетін оқытушы Мұратбек Халима Әуезханқызы

Тел: 8-776-234-55-22, 8-747-328-61-28

Электронды байланыс: muratbekh_2020@mail.ru

Есіркеп Сәния Қанатқызы

Тел: 8-777-346-50-59

Электронды байланыс: Saniya.esirkep@bk.ru

Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер: Математика,ағылшын
Постреквизиттер: Операциялық жүйелер мен жүйелі бағдарламалық қамтамасыздандыру
Қажетті құралдар, жабдықтар Компьютерлік класс, дербес компьютер, әдістемелік құралдар, интерактивті тақта,
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты – Білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады.

Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек.

Білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.

Міндеттері:

—        білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;

—        білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

—        талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

—        білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;

—        білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;

—        білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;

—        есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;

—        қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;

—        тәжірибедеқолдануарқылыбілімдітереңдетужәнеоқуғадегенынтаныарттыру;

—        әртүрлібілімсаласында (математика, физика, информатика) алғанбілімдерінкіріктіріпқолдану;

—        ғылыми-техникалықәзірлемелергедегенқызығушылықтарындамыту;

—        білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

—        қазіргі заманауи ақпараттық қоғам,жеке тұлғаның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;

—        мәтінді және бейнені сканерден өткізу, танып алу дағдыларын қалыптастыру;

—        ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

—        жобалық іс-әрекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

—        мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Жұмыс уақытының бөлінуі

 

Семестр Кредиттер саны Аудиториялық сабақтар Аудиториядан тыс жұмыс Курстық жоба Өндірістік оқыту/ кәсіптік практика Жалпы сағат саны Бақылау түрі
дәріс зертханалық-практикалық Барлық сағат саны СОӨЖ СӨЖ        
1/2 2 24 12 36 12   48 Сынақ

 

Пәнді оқығаннан кейін білім алушы:

 

  • білуі тиіс

-кез-келген ақпарат принциптері мен ақпараттың сипатын;

-ақпаратты түрлендіру процессімен, кестелер, диаграммалар және мәліметтер қорымен жұмыс істеу;

-интернет технологиялардың негізгі ұғымдарын;

-web дизайнның негізгі қағидаларының, web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндерттерін;

-HTML –құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі конструкциясын;

-операциялық жүйенің негізгі типтерін,фунциональдық мүмкіндіктерін;

-графикалық бейнені құруға арналған әдістері қолдануды;

-интернеттің негізгі клиенттерін — электорндық почта, браузерді қосуды.

·       дағдысы болу керек

-алынған ақпаратты қолдану;

-электронды кестелер және мәліметтер базасымен жұмыс істеу, графиктер тұрғызу;

-өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық оъбектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;

-операциялық жүйелерді орнату, параметрлерін бекітіп, операциялық жүйелердің түрлерін айыруға дағдыланады;

-объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдердін 3D бейне түрінде құруды;

-жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.

  • құзыретті болу керек

-ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс әрекетін жоспарлай білу;

-мәтіндер мен құжаттауды дайындау;

-арнайы есептерді шешу;

-мәліметтер қорында деректерді енгізу,толтыру, реттеу және іздеу;

-программалық өнімді өндіру кезеңдерін, әдістерін және программаны тесттілеу құралдарын;

-веб интерфейстерін деректер базасында тиімді іске асыру тәсілдерін біледі;

-операциялық жүйелер мүмкіндіктерін ақпаратты қорғау үшін пайдалану;

-графикалық программалау дағдыларын дамыту,графиканың негізгі концепцияларын білу,графиканың негізгі принциптерін қолдана алу;

-компьютерлік желілермен жұмыс;

-жергілікті желілердің қажетті құрал-жабдықтарын таңдай білу және жергілікті желілерін конфигурациялау;

-әр түрлі қосымшалар үшін желілік хаттамалар жиынтығын таңдау.

Курс саясаты

 

    Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу.

Ең жоғарғы балл білім алушыға тапсырманы толық  және уақтылы орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында білім алушы өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған білім алушы сынақ тапсыруға жіберілмейді. Сынаққа өту үшін білім алушы ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% — дан жоғары балл алуы керек.

Сынақта білім алушы ең жоғарғы балл 100% алады. Жоғары балл алу үшін сынақ тапсырмаларында барлық сұраққа толық жауап беруі керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды.

Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «D»-ға дейін азаю арқылы және «қанағаттанарлықсыз» — «FX», «F») балдармен бағаланады (әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген).

«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.

«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

Сынақ тапсырмалары тест түрінде болады (100 сұрақтан 4-нұсқа)

Әр сұрақ 100 баллмен бағаланып, орта баллы шығарылады.

Бағалау саясаты және аттестаттау Критериалды бағалау: дескриптер бойынша оқытудың нәтижелеріне қатысты бағалау (аралық бақылау мен сынақта құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).

Суммативті бағалау: аудиториядағылардың жұмыстарының белсенділігі мен қатысуын бағалау, СӨЖ (жолба / кейс / бағдарлама / …)

Қорытынды бағаның есептеу формуласы.

Пән бойынша қорытынды баға =(АБ1+АБ2)/2∙0,6+0,4ҚБ

 

Сабақтың бөліну сағаты

 

Тақырыптар Академиялық сағат саны Барлығы
Дәріс Тәжірибелік  сабақ СОӨЖ СӨЖ  
1 Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық процесстер 1       1
2 Ақпараттық қауіпсіздік және қорғау әдістері. Ақпаратты кодтау 1       1
3 Пайдаланушыны идентификациялау және аутентификациялау әдістері 1       1
4 Санау жүйелері 1       1
5 Санау жүйелерінің түрлері. (Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)   1     1
6 Компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыз етуі және жіктелуі 1       1
7 Деректер қорының негіздері. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік. 1   1   2
8 Реляциялық деректер қоры.  Bigdata   1     1
9 SQL деректер қорын әзірлеу   1     1
10 Деректерқорын, мәліметтертипін, біркестелі және көпкестелі деректер қорын жасау.   1     1
11 Құрылымдық сұраныстар: конструктор режиминде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL, web-беттерінде деректер қорымен байланысы.   1     1
12 Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер 1   1   2
13 Нейрондық желілер, Нейрондық желілердің әрекет ету қағидалары, Нейрондық желілерді жіктеу 1   1   2
14 Жасанды интеллект, Жасанды интеллект  қолданатын салалар. 1   1   2
15 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері 1   1   2
16 Электрондық үкімет порталы Еgov порталымен жұмыс   1 1   2
17 Интернет сатылым 1       1
18 Компьютерлік графика және оның түрлері, форматтары 1   1   2
19 3D – модельдеу 1       1
20 Виртуалды және кеңейтілген шындық 1   1   2
21 3D-панорама және (виртуалды саяхат) жасау 1       1
22 Web-бағдарламалау, тілдері және HTML редакторы. HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу 1 1     2
23 Web-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу

Web-беттердің деректер базасымен байланыстыру

  1     1
24 Каскадтық стильді кестелер CSS (Cascading Style Sheets),

Стильдер кестелерінің тілінде селекторлар түрлері

1 1     2
25 Алгоритмдер және программалар 1 1     2
26 Функциялар мен процедуралар, рекурсия 1   1   2
27 Жолдық функциялар.Жолдық әдіс түрлері және жолдармен жұмыс істеу. 1       1
28 Мобильді қосымшалар интерфейсі 1       1
29 Мобилді қосышаларды әзірлеу және орнату   1     1
30 Ақылды үй, ақылды үй құрылғысын басқару үшін программаларды әзірлеу     1   1
31 IT Startup (ай-тистартап) 1   1   2
32 Маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары 1   1   2
33 Компьютерлік желілерді ұйымдастыру, IP-мекен-жайы, DNS, жеке виртуалды желілер 1 1     2
БАРЛЫҚ САҒАТ 24 12 12   48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Курстың тақырыптық жоспары

Дәріс – 24 сағат

Дәріс

Дәрісте қаралатын тақырыптар және ондағы сұрақтар Сағат саны Қолданылатын көрнекі-иллюстрациялық және басқа материалдар Тақырыпты қосымша өздігінен меңгеруіне қажетті әдебиет көздері
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық процесстер 1 Слайд Негізгі әдебиеттердің тізімі

[1-25]

Қосымша әдебиеттердің тізімі

[1-9]

Ақпараттық қауіпсіздік және қорғау әдістері. Ақпаратты кодтау 1 Қосымша материалдар
Пайдаланушыны идентификациялау және аутентификациялау әдістері 1 Презентация
Санау жүйелері 1 Слайд
Компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыз етуі және жіктелуі 1 Қосымша материалдар
Деректер қорының негіздері. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік.

 

1 Презентация Электрондық ресурстар

[1-10]

Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер 1 Слайд  
Нейрондық желілер, Нейрондық желілердің әрекет ету қағидалары, Нейрондық желілерді жіктеу 1 Қосымша материалдар  
Жасанды интеллект, Жасанды интеллект  қолданатын салалар. 1 Презентация  
Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері 1 Слайд  
Интернет сатылым 1 Қосымша материалдар  
Компьютерлік графика және оның түрлері, форматтары 1 Презентация  
3D – модельдеу 1 Слайд  
Виртуалды және кеңейтілген шындық 1 Қосымша материалдар  
3D-панорама және (виртуалды саяхат) жасау 1 Презентация  
Web-бағдарламалау, тілдері және HTML редакторы. HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу 1 Слайд  
Каскадтық стильді кестелер CSS (Cascading Style Sheets),

Стильдер кестелерінің тілінде селекторлар түрлері

1 Қосымша материалдар  
Алгоритмдер және программалар 1 Презентация  
Функциялар мен процедуралар, рекурсия 1 Слайд  
Жолдық функциялар.Жолдық әдіс түрлері және жолдармен жұмыс істеу. 1 Қосымша материалдар  
Мобильді қосымшалар интерфейсі 1 Презентация  
IT Startup (ай-ти стартап) 1 Слайд  
Маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары 1 Қосымша материалдар  
Компьютерлік желілерді ұйымдастыру, IP-мекен-жайы, DNS, жеке виртуалды желілер 1 Презентация  

 

Тәжірибелік  сабақ – 12 сағат

 

Тәж. сабақ

 

Тәжірибелік  сабақ  тақырыптары

 

 

Сағат саны

Сабақты өткізуде қолданылатын әдістер мен формалар* Тақырыпқа байланысты әдебиеттер  мен әдістемелік ұсыныстар
Санау жүйелерінің түрлері. (Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық) 1   Негізгі әдебиеттердің тізімі

[1-25]

Қосымша әдебиеттердің тізімі

[1-9]

Электрондық ресурстар

[1-10]

Реляциялық деректер қоры.  Bigdata 1  
SQL деректер қорын әзірлеу 1  
Деректерқорын, мәліметтертипін, біркестелі және көпкестелі деректер қорын жасау. 1  
Құрылымдық сұраныстар: конструктор режиминде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL, web-беттерінде деректер қорымен байланысы. 1  
Электрондық үкімет порталы Еgov порталымен жұмыс 1  
Web-бағдарламалау, тілдері және HTML редакторы. HTML-де қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу 1  
Web-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу

Web-беттердің деректер базасымен байланыстыру

1  
Каскадтық стильді кестелер CSS (Cascading Style Sheets),

Стильдер кестелерінің тілінде селекторлар түрлері

1  
Алгоритмдер және программалар 1  
Мобилді қосышаларды әзірлеу және орнату 1  
Компьютерлік желілерді ұйымдастыру, IP-мекен-жайы, DNS, жеке виртуалды желілер 1  

 

СОӨЖ тапсырмалары – 12 сағат

 

 

СОӨЖ тақырыптары

 

 

Сағат саны

Ұсынылған әдебиеттер және басқа әдеби көздер
Деректер қорының негіздері. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік.   Негізгі әдебиеттердің тізімі

[1-25]

Қосымша әдебиеттердің тізімі

[1-9]

Электрондық ресурстар

[1-10]

Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер  
Нейрондық желілер, Нейрондық желілердің әрекет ету қағидалары, Нейрондық желілерді жіктеу  
Жасанды интеллект, Жасанды интеллект  қолданатын салалар.  
Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері  
Электрондық үкімет порталы Еgov порталымен жұмыс    
Компьютерлік графика және оның түрлері, форматтары    
Виртуалды және кеңейтілген шындық    
Функциялар мен процедуралар, рекурсия    
Ақылды үй, ақылды үй құрылғысын басқару үшін программаларды әзірлеу    
IT Startup (ай-тистартап)    
Маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары    

 

СӨЖ тапсырмалары

 

апта

Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар (тақырыптар)

 

Сағат саны Ұсынылған әдебиеттер және басқа әдеби көздер Есеп беру формасы**
1

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

 

7

8

9

 

10

 

11

 

12

Windows операциялық жүйесін баптау

Санау жүйелерінің түрлері.

(Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)

Мәтіндік редакторларда кесте құру әдістері және ұяшықтарды біріктіру

Электрондық кестенің элементтерін форматтау

Деректерқорын, мәліметтертипін, біркестелі және көпкестелі деректер қорын жасау.

Құрылымдық сұраныстар: конструктор режиминде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL, web-беттерінде деректер қорымен байланысы.

Виртуалды және кеңейтілген шындық.

3D-панорама және (виртуалдыт саяхат) жасау

Web-бағдарламалау, тілдері және HTML редакторы.

Жолдық функциялар. Жолдық әдіс түрлері және жолдармен жұмыс істеу.

Мобилді қосышаларды әзірлеу және орнату

Компьютерлік желілердің классификациясы

Желілік компоненттер

IP-мекен-жайы, DNS, жеке виртуалды желілер

Негізгі әдебиеттердің тізімі

[1-25]

Қосымша әдебиеттердің тізімі

[1-9]

Электрондық ресурстар

[1-10]

** — баяндама, эссе, реферат, глоссарий, бақылау жұмысы, семестрлік жұмысы, есептеу графиктік топтық жоба т.б.

 

 

 

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           
Жұмыс түрлері Позициялар Бағалар
Балл Пайыз %
Аудиториялық сабақтар, соның ішінде:  
Дәріс Конспектілеуі, сабаққа қатысуы, белсенділігі 100 100  
Тәжірибелік сабақ Белсенділігі, үй тапсырмасын орындауы 100 100  
Межелік бақылау  
1) Бақылау жұмысы

2) Бақылау жұмысы

7 апта

15 апта

100

100

100

100

 
СӨЖ  
  График  (апта) Позициялар Бағалар
СӨЖ түрлері** Тапсырманы беру Жұмысты қабылдау Орындауы және мерзімінде тапсыруы Балл Пайыз %
1. Реферат/Презентация

 

2. Тест

1 аптада

 

8 аптада

7  аптада

 

15 аптада

100

 

100

100

 

100

Ағымдық  бақылау – АБ1 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 7 апта 100 100
Ағымдық  бақылау – АБ2 (ағымдағы  (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 15 апта 100 100
Қорытынды бақылау (ҚБ)

Сынақ  (С)

 2– семестр, сынақ

(4-нұсқа, 100 сұрақтан)

100 100
Барлығы   100

 

Білім алушы әрбір пәннен алған қорытынды бағасы келесі формуламен анықталады:

 

Мұнда,  ҚБ – пәннің қорытынды бағасы;

АБ1 және  АБ2 – 1 және 2 ағымдық бақылау;

Е – емтихан бағасы (100 балдық шкаламен).

Білім алушыға сынақ кітапшасына және транскриптісіне «EduPage» бағдарламасына енгізілгеннен кейінгі қорытынды баға әріптік және сандық баламамен қойылады

 

Білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау

 

Әріптік бағалау Сандық баламасы Пәнді меңгерудің пайыздық мөлшері% Дәстүрлі жүйедегі баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89  

Жақсы

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
0,5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨОЖ орындау үшін әдістемелік нұсқау

 

Реферат – тақырып бойынша тапсырманы А4 форматқа жалпы беті 10-12 болатын көлемде, рефраттың мазмұнында кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі болуы қажет. Толық талапқа сай жазылған реферат топ ішінде талқылауға салынып, оқытушымен бағаланады.

Баяндама – тақырыпты 5-7 минутқа сыйдырып қысқаша баяндама ретінде жазып, оны аудитория алында қорғау керек.

Ауызша жауап – берілген үй тапсырмасы конспекті ретінде жазылып, ол оқытушымен білім алушы арасында пікір ретінде талқыланады.

Ситуациялық есептер шығару – тақырып бойынша берілген есептер топқа бөлініп шығарылады және ол осы топпен қорғалады.

Есептер шығару — әрбір білім алушы өзіне берілген есептерді шығарып, оқыту алдында қорғайды.

Конспект – оқытушы үйге семинар ретінде берген тапсырмаларды білім алушылар жазып, оны оқытушыға тексертеді.

Жазбаша жұмыс – бірнеше тақырып бойынша сұрақтар беріліп, оған білім алушылар жазбаша жауап береді.

Бақылау жұмысы – аралық бақылау алдында өткен тақырыптарды пысықтау үшін жазбаша бақылау жұмысы болады, оған теориялық материалдар және есептер шығару жатады.

            Презентация — тақырыптар бойынша әрбір білім алушыға немесе білім алушы тобына тапсырма біріледі және олар жасаған жобаларын топ алдында қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік (Глоссарий)

 

Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) – деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен программалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысқан жиыны. Ақпарат жүйелері – пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе.

Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Алғашқы кілт (primary key) – бұл бір мәнді анықтайтын кортеж, бағана немесе бағана тобы. Әртүрлі қатынастағы сақталған мәліметтер арасындағы байланыс ДҚ-да кілт арқылы орнатылады.

Аналық тақта (ағылшынша motherboard), сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады – бас тақта; сленг. ана, ана, негiз ) – дербес компьютердiң негiзгi компоненттерi бекiтiлген күрделi көпқабатты баспа тақта.

Арифметикалық логикалық құрылғы (Арифметико-логическое устройство; arithmetic and logie unit) – арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған процессор құрамындағы құрылғы (құрауышы).

Деректер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Деректер қорынан керегiне қарай қажеттi деректерді алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.

Дефрагментациялау – файлдардың мазмұнын өзгертпей, олардың кластерлері бірінен кейін бірі орналасатындай етіп жазу. Бұл оңай әрекет көрінгенмен оған тиісті көңіл бөлу қажет. Оның әрбір пайдаланушыға тигізер көмегі көп. Дефрагментациялау процесінің алдында қоржынды тазалап алған жөн. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді.

Джон фон Нейман (1903–1957) – америкалық математик. Ол – кванттық физика, кванттық логика, функционалдық талдау, жиындар теориясы, информатика, экономика ғылымдары және одан өзге де салаларға зор үлес қосқан ғалым. Ол – әсіресе осы заманғы компьютерлерді жасаушылардың (фон Нейман архитектурасы деп аталатын) атасы, операторлар теориясын кванттық механикаға (фон Нейман алгебрасы) қолданушы ғалым. Манхэттен жобасына қатысушы және ойындар теориясы мен жасушалық автоматтар тұжырымдамасын жасаушы ретінде өте танымал тұлға. 54 жасында саркомадан қайтыс болған.

Дизъюнкция (Disjunction) – 1) тек екі аргументінің мәні бір мезгілде «жалған» болған кезде ғана мәні «жалған болатын екі айнымалының Буль функциясы. Логикалық «қосу» операциясына барабар.

Домен (домендік атау) – Интернеттегі әрбір сайттың әріптік символдарынан тұратын бірегей атауы.

Есеп беру – деректерді баспадан шығаруға арналған. Есеп беру – қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Деректер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiн және қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез келген бiр кестеден, сұраудан қарауға болады.

Екілік санау жүйесі – негізіне 2 саны алынған позициялық түзіліс бойынша құрылған санау жүйесі. Бұл санау жүйесінде тек екі таңба – 0 (нөл) және 1 ғана болады. 2 саны 2-разрядтық бірлігі болып есептеледі де, 10 (<<бір – нөл>> деп оқылады) түрінде жазылады. Келесі разрядтың әрбір бірлігі алдыңғы разрядтан 2 есе артық болады, яғни осы бірліктер 2, 4, 8, 16, …., 2n, …… сандар тізбегін құрады. Есептеу математикасында негізінен екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде жазылған сандарды есептеу техникасында қолдану ыңғайлы. Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізгі «2» санау жүйесі қолданылады.

Кесте – деректерді жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады. Деректер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Деректер қорында кестедегi әрбiр жол – жазба, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.

Код (франц. code) – үзілісті ақпарды сигналға айналдырғанда қолданылатын белгілер жиынтығы. Код – атаулы кодтау encoding мен декод­таудың Decoding бірлігі. Кодтау – мәлім ақпараттың коммуникациялық және сақтауға болатын таңбаларға айналуы. Декодтау – кері бағыт, яғни кодталған таңбаның қайтадан қабылдаушы түсінетін ақпаратқа айналуы, түсіндірілуі.

Конъюнкция (лат. conjunctіo – одақ, байланыс) – логикалық байланымдар, екі пікірдің бірігуінен логикалық «және» жалғауы арқылы пікір құратын логикалық операция. Осылай құрылған күрделі пікір оған енетін барлық пікірлер ақиқат болғанда және тек сол жағдайда ақиқат, ал қалған жағдайлардың бәрінде жалған болады.

Криптография (гр. κρυπτος – жасырын және гр. γρφαω – жазамын) –деректер мен хабарлардың әлдеқайда қауіпсіз сақталуы мен таратылуы үшін оларға код тағайындауға арналған стандарттар мен хаттамалар жиынтығы. Таралым ортасы (мысалы, Интернет) сенімсіз болса, қолданушы сезімтал файлдарын шифрлау үшін криптографияны қолдана алады: басқа адамның оны түсінуі мүмкіндігі азаяды және деректердің біріктірілуі олардың құпиялығын сақтау сияқты қамтамасыз етіледі.

Құпия ақпарат (Конфиденциальная информация; sensitive information) – құқықтық режимін меншік иесі коммерциялық, кәсіптік (өнеркәсіптік) құпия, мемлекеттік қызмет жайындағы және басқа заңнамалық кесімдер негізінде тағайындайтын қызметтік, кәсіптік, өнеркәсіптік, коммерциялық және т.б. қорғауды қажет ететін ақпарат.

Маска – желідегі компьютердің нөмірінен желілік адресті бөлуге мүмкіндік беретін үлгі (шаблон).

Мультимедиа (Multimedia) – компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді – мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін, түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтік түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.

HTML (ағылш. Hypertext Markup Language – «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын Web-беттерді жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда брау­зерден серверге, жай мәтін немесе жасырын символдар (шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі. HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986–1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен берілген. Программалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) – компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, мәшинелік кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды. Операциялық жүйені жазудың екі тәсілі бар: тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу.

Орталық процессор (Центральный процессор; central processor unit) –
1) компьютердің негізгі жұмыстық элементі. Әдетте, оның құрамына арифметикалық-логикалық құрылғы мен басқару құрылғысы, ал кейде алғашқы жад кіреді. Есептеуіш жүйенің қызметі үлестірілген және дербес болған сайын бұл терминнің түсіндірмесі кеңейе түседі;
2) процессор мен арифметикалық қосалқы процессоры бар блок;
3) барлық есептеу операциясын және ақпаратты қайта өңдеуді жүзеге асыратын дербес компьютердің бас құрылғысы;

4) бір немесе бірнеше үлкен немесе аса үлкен интегралдық схема түріндегі, ақпаратты өңдеуге арналған программалық басқару құрылғысы;
5) берілген есептеуіш жүйеде негізгі қызметі мәліметтер өңдеуді және осы жүйенің басқа бөліктерінің жұмысын басқаруды орындайтын процессор. Ол басқару құрылғысынан, арифметикалық логикалық құрылғыдан және процессорлық жадтан тұрады.

Процедура (ағылш. Procedure) – керектігіне қарай жұмыс істейтін программа ішінен алынатын және белгілі бір жұмысты орындайтын программа бөлігі.

Процессордың разрядтылығы. Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат (мәліметтер және командалар) түседі. Бұлар арифметика-логикалық құрылғыда өңделеді. Процессордың схемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса, соншалықты ақпаратты тез өңдейді.

Процессордың тактілік жиілігі (frequency). Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды қызмет атқаратын тактілік жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт болады. 100 МГц – секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактіде процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактілік жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.

Реляциялық (қатынасты) мәліметтер базасы (Реляционная база данных; Relational Data Base (RDB)) – ішкі ақпараттары бағаналар (өрістер – field) және жолдардан (жазбалар – record) тұратын екі өлшемді кесте түрінде берілген мәліметтер базасы. Әртүрлі кестелер арасындағы өзара байланыс белгілі бір бағаналардағы мәліметтер мәндері бойынша орнатылады.

Символдардың стандартты кестесі (стандартная таблица символов; american standard code for information interchange) – ақпарат алмасудағы америкалық стандартты кодтар негізінде даярланған символдардың стандарттық түрдегі кодтық кестесі. Мәліметтерді таңбалай отырып, оларды желілер арқылы жеткізу үшін пайдаланылатын жеті биттен (қосымша жұптық бит) тұратын таңбалық кодтар тізбегі.

Сұрау бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау) негiзiнде құрылады. Сұрау қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк бередi.

SQL (ағылш. Structured Query Language) – реляциялық дерек қорларын құруға, өзгертуге және басқаруға арналған универсалды компьютер тілі. Ақиқат кестесі – қарапайым пікірлерден құралған құрамды пікірлердің барлық қабылдайтын мүмкін болған мәндерін көрсететін кесте.

Утилиттер (утилиты; utility program) – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы программалар. Құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, жиі ұшырасатын жұмыс екпінін бәсеңдететін мәселелерді шешу, оларды аластау, компьютердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, дискідегі мәліметтерді динамикалық түрде қысу, архивтеу, дискілерді ықшамдау және т.б. міндеттерді атқарды.

Форма деректерді енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi деректерді бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.

Хостинг (англ. hosting) – үнемі желіде болатын серверге ақпарат орналастыратын қызмет. Егер домен сайттың атауы мен мекенжайы ғана болса, домен сайттағы бар ақпарат сақталатын жер болып саналады.

IP-адрес – Интернетке немесе жергілікті желіге қосылатын компьютердің (немесе басқа құрылғының) қайталанбайтын бірегей адресі (мекенжайы).

Юникод – есептеу техникасында кодтарға қолданылатын техникалық және индустрия стандарты, онымен қоса жазу жүйелері мен мәтіндерді компьютерлік құралдарда бейнелеудің стандарты.

Авторлық құқық – интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық саласы.

Қарапайым байес алгоритмі (ҚБА) – белгілердің тәуелсіздігі туралы жорамалы бар Байес теоремасына негізделген жіктеу алгоритмі.

«Ақылды үй» – әртүрлі жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған тұрғын үй.

 Апостериорлық (кері) ықтималдық – тәжірибеден кейін алынған, яғни деректер белгілі болған жағдайдағы кездейсоқ оқиғаның шартты ықтималдығы.

Априорлық ықтималдық – жазылған деректерге сәйкес белгісіз шаманың шартты бөлінуі.

Басқару құрылғылары – «ақылды үй» жүйесін қолдануға арналған аспаптар. Олар – қашықтан басқару пульттері немесе, мысалы, батарея негізіндегі жарық ажыратқыштар. Оларды өзіңе ыңғайлы жерге орналастыруға болады.

Блокчейн – бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы.

Бекітілген виртуалды қатқыл диск – виртуалды мәшине үшін толық резервтелген, белгіленген көлемдегі диск.

Бөлінген деректер қоры – компьютерлік желіде бөлінген, логикалық өзара байланысты деректер қорының жиынтығы.

Бірқабатты нейрондық желі немесе персептрон желі – барлық кіру элементтері тікелей шығу элементтерімен біріккен желі.

Виртуалды мәшине – негізгі операциялық жүйенің ішінде виртуалды компьютерлерді жасайтын (эмуляциялайтын) программалық қамтамасыз етілім.

Виртуалды тур – үшөлшемді кеңістікті экранда беру мүмкіндігі. Бір панорамадан екіншісіне өте алатын, панорамалық фотосуреттердің (сфералық немесе цилиндрлік) комбинациясы.

Виртуалды шынайылық (virtual reality, VR) – заманауи компьютерлік технологиялардың көмегімен құрылған цифрлық әлем. Виртуалды шынайылық техникалық құралдар арқылы пайдаланушыға көру, есту, иіс сезу мен дәм сезу сезімдері арқылы берілетін әлемді (объектілер мен субъектілер) жаңғыртады.

Виртуалды операциялық жүйе – виртуалды мәшинеге орнатылған операциялық жүйе.

3D панорама – сфераға немесе кубқа проекцияланған панорамалы фотосурет, оны шолу нүктесін қозғалту арқылы көруге болады.

Динамикалық виртуалды диск – өлшемі толу шамасы бойынша артатын диск, өнімділігі төмендеу.

eGov.kz – электрондық үкімет порталы. Бұл портал мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама мен куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетті. Үйде, жұмыста, интернет бар кез келген жерде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін онлайн-режімде алуға мүмкіндік бар. Көптеген қызметке енді ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациялану арқылы қол жеткізуге болады.

Жасанды интеллект (Artificial intelligence (AI)) – компьютердің немесе роботтың ойлау, түсіну, қорыту немесе өткен тәжірибе негізінде үйрену қабілеті сияқты, адамдарға тән ойлау процестерімен байланысты тапсырмаларды орындау қабілеті. Жасанды интеллект (ЖИ) – адамның ойлау процесін компьютерлік жүйелермен модельдеу.

Жасанды нейрондық желі (ЖНЖ) – өзара әрекеттесетін жасанды нейрондар жиынтығы.

Жеке тұлға – қарапайым азаматтар мен жеке кәсіпкерлер.

Заттар интернеті – аналогтік және цифрлық әлемдердегі нәрселердің бәрі біріктірілетін кеңістік түсінігі.

Иммерсивтілік – адамның психологиялық жай-күйін қамтамасыз ететін ортаның технологиялық бөлігіне тән қасиеті. Oндағы адамның ішкі «Мені» өзін қандай да бір ортамен қоршалған белгілі бір ортаға еніп, онымен өзара әрекетке түскендей қабылдайды.

Инфографика – әртүрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету тәсілі. Ол түпкі қолданушы үшін, қабылдауды жеңілдету мақсатында әртүрлі деректерді бір бүтінге біріктіру үшін өте қолайлы.

IDE – программалық қамтамасыз ету жобалары үшін программалаушылар қолданған программалық құралдар кешені.

 IT Startup – IT саласындағы стартап.

Кеңейтілген шынайылық (augmented reality, AR) – шынайы әлемге компьютермен модельденген жақсарту қабаттарын салатын технология.

Краудфандинг – кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін, қаражат алудың бір түрі. Ақша жинайтындар реципиенттер немесе авторлар деп аталады (егер жоба краудфандинг алаңында орналасса), ал қайырымдылық ретінде қаржы беретіндер донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады.

Кластерлеу – нысандар жиынтығы, оларды топтастырып, ұқсас нысандар тобын табу керек.

Контент-маркетинг – талап етілетін аудитория үшін өзіндік құндылығы бар контентті құру мен тарату.

Консенсус тетігі – желінің программалық қамтамасыз етілімін қосып, желідегі тораптармен келісілетін ережелер жиынтығы.

 Көпқабатты нейрондық желі – кіріс және шығыстан тұратын, олардың арасындағы бір (бірнеше) жасырын нейрон қабаттарынан құралған нейрондық желі.

Қате – күтілетін және алынған жауаптың арасындағы айырмашылықты көрсететін шама.

Мәшинелік оқыту – процесс. Процесс барысында жүйе көптеген мысалдарды өңдейді, заңдылықтарды анықтайды әрі жаңа деректердің сипаттамасын болжау үшін, оларды қолданады.

Нейрондық желілер – адамның жүйке жүйесін қайталауға негізделген жасанды интеллект саласындағы бағыттардың бірі.

Нейрондық желіні оқыту – кіріс белгісі өткеннен кейін бізге қажетті шығысқа желі бойынша өзгеруі, салмақты коэффициенттерді теріп іздеуі.

Ремаркетинг қолданушыларға бұрын сайтта болған жарнамаларды көрсету. Технология кеткен, яғни тауарды көрген немесе себетке салып, бірақ сатып алмаған қолданушыны қайтаруға мүмкіндік береді. Ол үшін сайтқа кірушіге оның сұранысы бойынша желінің басқа сайттарындағы жарнама көрсетіледі.

Ритейл – бөлшек сауда, яғни сатып алушыға түпкілікті өнімді сату.

Рет реттеу тәсілін белгілейтін сан Нөлден басқа кез келген санның рангі Microsoft Excel-де өсу тәртібімен сұрыпталған тізімге берілген сілтеме секілді анықталады.

Оқыту іріктелімі – нейрондық желі оқытылатын деректер жиынтығы. Әрбір нақты тапсырмаға арналған оқыту жиынтығы болады, осы деректерге берілетін тапсырмаға байланысты әртүрлі талаптар қойылуы мүмкін.

Оқытылатын алгоритмдер – кіріс деректеріне байланысты қандай да бір жолмен өзгеретін (оқылатын) алгоритмдер.

Өлшенген сома – кіріс сигналдарының тиісті салмақтарына көбейтілген қосындысы. Панорамалы фотосурет – шолу жасау ауқымы үлкен фотосурет.

Стартап (Startup) – ауқымды бизнес-модельді тауып, іске асыруға арналған құрылым. Стартапты жаңа коммерциялық жоба деп айтуға болады, ол бизнесті табысты дамытқаннан кейін одан пайда табу мақсатында құрылады. «Стартап» ағылшын тілінен аударғанда – «процестің басы», «басталған жері» дегенді білдіреді.

Синапс (Synapsis) – нейрондардың түйісетін жердегі орны. Сигналдарды өткізеді әрі оларды өңдеп, өзгертеді.

Сілтеме – сандардың тізіміне берілген сілтеме (сандары бар ұяшық аралығы) – Н2:H17 аралығы.

Тура таралу желілері – белгі тек кірістен шығыс қабатына таралатын жасанды нейрондық желілер. Белгі кері бағытта таралмайды.

Шешімдер қабылдау ағашы – иерархиялық (ағаш түрінде), тізбекті құрылымда ережелерді ұсыну тәсілі, онда әрбір нысанға шешім беретін жалғыз түйін сәйкес келеді. Ереже дегеніміз – «Егер …, онда …» түрінде берілген логикалық құрылым.

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

ЭҚ сертификатының иесі – Ұлттық куәландырушы орталықта өз атына ЭЦҚ сертификаты берілген жеке тұлға. Әрбір сертификат иесінің қолында жабық және ашық екі ЭЦҚ кілті бар.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті электрондық қолтаңбаны жасауға әрі электрондық құжатқа қол қоюға мүмкіндік береді. Сертификат иесі жабық кілтті құпия сақтауға міндетті.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті ЭЦҚ-ның жабық кілтімен байланысты, ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын тексеруге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттердің тізімі

 

  1. А. Кадиркулов, Г.К. Нурмуханбетова. Информатика. Учебник для 10 кл. + CD. Алматыкітап 2019
  2. В. Г. Архипова, Р. Г. Амдамова, К.Б. Кадыракунов. Алматыкітап.2020. Информатика. Учебник для 11 кл. + CD
  3. Г.И.Салгараева, Ж.Б.Базаева, А.С. Маханова. Информатика. Учебник для 10 кл.+ CD. Арман-ПВ, 2019
  4. Г.И.Салгараева, Ж.Б. Базаева, А.С. Маханова. Информатика. Учебник для 11 кл. + CD. Арман-ПВ, 2020
  5. Айрапетян Г.М. Дизайн мобильного приложения // Молодой ученый, 2018, №48.
  6. Архипова М.Ю., Дуброва Т. А. и др. Анализ данных. – М., 2017.
  7. Практический курс. Для школьников и не только. – М., 2019.
  8. ​Барский А.Б. Нейронные сети: распознавание, управление, принятие решений. – М., 2004.
  9. ​Гультяев А.К. Виртуальные машины: несколько компьютеров в  в одном. – СПб., 2006.
  10. Дрешер Д. Основы блокчейна: вводный курс для начинающих в  в 25 небольших главах. – М., 2018.
  11. Загоруйко Н.Г. Прикладные методы анализа данных и знаний. – Новосибирск, 1999.
  12.  Кинг Б. Эпоха дополненной реальности. – М., 2016.
  13. Круглов В.В., Борисов В.В. Искусственны нейронные сети. Теория и практика. – М., 2001.
  14.  ​Миркин Б.Г. Введение в анализ данных. Учебник и практикум. – М., 2015.
  15. ​Папагианнис Хелен. Дополненная реальность. Все, что вы хотели узнать о технологии будущего. – «Бомбора», 2018
  16. ​Петин В.А. Создание умного дома на базе Arduino. – М., 2018.
  17. Петрова Н. 4-Виртуальная реальность для школьников и начинающих пользователей. – М., 2010.
  18. Рассел Стюарт, Питер Норвиг. Искусственный интеллект. Современный подход. пер. – М., 2016.
  19.  Рудометов Е.А. Современное железо: настольные мобильные и встраиваемые компьютеры. – СПб., 2010.
  20. Феверолф Марк, Ричардс Джозеф, Бринк Хенрик. Машинное обучение. – СПб, 2017.
  21.  Федотенко М.А. Разработка мобильных приложений. – М., 2019.
  22. Флах П. Машинное обучение. Наука и искусство построения алгоритмов, которые извлекают знания из данных. – М., 2015.
  23. Хэммит Ф. Виртуальная реальность. – Вашингтон, 2008.
  24. Шитиков В.К., Мастицкий С.Э. Классификация, регрессия и другие алгоритмы Data Mining с использованием R. – Тольяти, 2017.
  25. Юрьева Л.Н., Больбот Т.Ю. Компьютерная зависимость: формирование, диагностика, коррекция и профилактика. – Днепропетровск, 2006.

 

Қосымша әдебиеттердің тізімі

 

  1. ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңы.
  2. Л.П.Тунева., Л.Н.Королева. Прикладная информатика. Сборник дидактических материалов. 10-11 класс. Алматыкітап.2010
  3. С.А. Глушаков, Г.А. Кнабе. Компьютерная графика. Учебный курс-М.: Фолио,2010.
  4. Т.И. Немцова Ю.В, Назарова,  Компьютерная графика и web- дизайн. Практикум: учебное пособие. ИД «Форум», ИНФРА-М, 2011.
  5. А.А. Айтбенова. «Веб-дизайн негіздері» Қостанай, 2015.
  6. М.А.  Ливенец,  Б.Б. Ярмахов. Программирование мобильных приложений в MITAppInventor «Практикум».
  7. Л.Л. Басова. Информатика. 10 класс. Базовый уровень.- М.: 2017
  8. Л.Л. Басова. Информатика. 11 класс. Базовый уровень.- М.: 2017
  9. Дж. Мюллер, П. Массаран. Искусственный интеллект для чайников. Москва – Санкт –Петербург: Диалектика, 2019

 

Электрондық ресурстар

  1. intuit.ru
  2. http://school-collection.edu.ru/
  3. https://infourok.ru/
  4. https://www.klyaksa.net/
  5. https://www.yaklass.ru/
  6. https://pythontutor.ru/
  7. https://pythonworld.ru/bookshop
  8. http://www.booksgid.com/operating_systems_databases/
  9. https://www.tiensmed.ru/programmer1.html/
  10. https://comprost.ru/komplektuiushchie/sborca-ps

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *