Радионың болашағы бар ма?

С.Д. Аққу ,Журналистика мамандығының

2 курс студенті

Алматы қ . Қазақстан Республикасы

Радионың болашағы бар ма?

Аңдатпа: Бұл мақалада ақпарат таратудың ерекше түрі радионың болашағы туралы айтылған. Қазіргідей технологиялар қарыштап дамып жатқан кезеңде медианың түр-түрі пайда болуда. Әрине, радио заманауи трендтерден тыс емес. Алайда, жаңа заман ағымына ілесіп жұмыс жасай алатын радиостанциялар ғана ақпарат аренасында өз орнын жоғалпайтынын ескеру қажет. Алдағы онжылдықта радио ақпарат құралы ретінде өз актуалдығын жоғалтады ма, немесе жарқын болашақ күтіп тұр ма?! Отандық радио кемел келешек үшін қандай өзгерістерге дайын болуы керектігі жайында толық танысасыздар.

Кілт сөздер: радиостанция, әлемдік тенденция, аудиоплатформа, ғаламтор, диктор, радиоаудитория.

БАҚ-тың келбеті жыл сайын түбегейлі өзгеріп отырады: жаңа техникалық әзірлемелер енгізілуде, ақпарат беру форматтары өзгеруде… Радио, әрине, ерекшелік емес. Оны не күтеді? 5-10 жылдан кейін мемлекеттік станциялар болады ма? Аудиториямен өзара әрекеттесу қалай болады?

Радио басқа ақпарат құралдарынынан біршама ерекшелікке ие сала. Біріншіден, фондық тұтынуға жарамдылығы. Бір жұмыспен айналыса отырып ақпараттанатын басқа медиа түрін атай алмаймыз.. Мысалы, сіз көлік жүргізе отырып, сол уақытта газет оқи алмайсыз. Үй шаруасымен айналыса тұрып, теледидар көруде қиынға соғады. Тыңдау-иә, бірақ қарау-мүмкін емес. Тіпті ғаламторды, мейлі ол стационарлық компьютер, планшет, смартфон болсын – бұл құрылғылардың кез-келгенін, мысалы, бау-бақша жұмыстары кезінде немесе машинаның астында жатып, қозғалтқышты таңдау кезінде пайдалану өте қиын. Бірақ радионы тұтынуды кез-келген басқа іс-шаралармен, соның ішінде жұмыспен де біріктіруге болады,.Яғни, адам өмірінің кейбір сәттерінде радио – бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінің ішіндегі жалғыз қол жетімдісі.

Тарихи тұрғыдан алғанда, радио жақында, шамамен 100 жыл бұрын пайда болды. Радио құрылғаннан бері уақыт өте келе үнемі дамып келеді. 1960-шы жылдардағы қарапайым станциялардан бастап 2000-шы жылдардағы алғашқы интернет-радиостанциялардың іске қосылуына дейін, бұл әрдайым технологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болған бұқаралық ақпарат құралдары.

Қазіргі таңда радиотыңдармандар негізінен көліктердегі адамдар, ал жас аралығы жағынан айтар болсақ, жастар емесі айдан анық. Радио сияқты ақпарат құралы қоғаммен бірге өзгеретін сұраныспен бірге дамып отыру тиіс. Мысалы, бүгінгі күні кеңестік уақыттағыдай ас үйде немесе жұмыста отырып, радиоочерк, радионовелла тәрізді ұзын-сонар жасанды дауыспен жасалынатын радиохабарларды тыңдайтындар аз, бар болғанымен де 60-80 жас аралығындағылар. Негізінен радио жастардың тыңдауына ыңғайлы БАҚ болғандықтан, соңғы онжылдықта батыстық радиолар 19-49 жас аралығындағы тыңдармандардың ақпараттық сұранысына қарай жұмыс жасауымен жоғары рейтингке ие болды. Бүгінде әлем бойынша музыкалық-ақпараттық және тақырыптық радиолар жетекші орында. Мемлекеттік тапсырысқа жұмыс жасайтындар өте аз. Олар мемлекеттік идеологияны насихаттау жағын қарастыруы қажет. ХХІ ғасырда қай салада болмасын, әлемдік тенденциямен ілесіп отыруды талап ететіндіктен, радиоөнім тек ақпарат пен музыкадан тұруы керек деген стеоротиптен арылуымыз керек. Сонда да жаппай ұқсастық бой алып жатқандықтан, қаншама жылдар бойғы ізденіс пен еңбектің нәтижесінде пайда болған классикалық радионың болашағы зерттеуші-ғалымдарды алаңдата бастағандай. Сол себепті де, соңғы кездері Батыстағы жаңа медиақұрылымдардың дамуы классикалық радионы ығыстыру қаупі және радиоаудиторияны сақтап қалу жайындағы мәселелер қоғам назарына ұсыныла бастады.Өйткені, масс-медианың дамуы, әлеуметтік желілердегі аудиожазбалар радио секілді дәстүрлі БАҚ-ты ығыстыруда. Бұл жағдай халықтың қандай ақпаратты болмасын, тиімді әрі жылдам қабылдауға бейім болатындығын және соған сай қызмет ете алатын ақпарат құралын таңдайтынын көрсетеді. Осындай жағдайда дәстүрлі радионы сақтап қалудың ең тиімді тәсілдерін қарастыруымыз керек. Алайда, қазіргі жастар бұрынғыдай том-том кітаптар оқып өскен аға буын сияқты қабылдау психологиясына ие емес. Сол кездегі кеңестік қоғамдық таным мен өмір сүру деңгейіне негізделген радиостанциялар заман талабының шаңына тұншығып, көштің соңында қалуда. Ал керісінше уақыт талабына сәйкес жұмыс жасап жатқан радиостанциялар бүгінде жоғарғы рейтинг пен ірі жетістіктерге жетіп отыр. Сонымен жалпы радионың болашағы қандай болмақ?

Шынымен де, жойқын күшпен дамып жатқан ғаламтор радио сияқты классикалық ақпарат құралын ақпарат аренасынан мүлдем ығыстырып тастауы мүмкін бе? Жаңа медиалармен тіресе жүріп, өзін сақтап қалуға тырысып жатқан радиостанция мамандары ілгері даму үшін, әртүрлі маркетингтік стратегиялар ойлап табуда. Өйткені, соңғы онжылдықта радиоға деген қызығушылық біршама  жоғалады деген болжамдар айтылуда. Ақпарат құралдарының көптігі сонша, алдағы он жыл шамасында тыңдарман кез-келген әлем нүктесінен кез келген аудиоконтентті жылдам және қолайлы етіп жасалған құрылымды таңдауларына болады. Мысалы, бүгінгі таңда Америкада радио жедел даму үстінде. Зерттеулер көрсеткендей, 18-34 жас аралығындағы жас аудиторияға спутниктік радионы жиі тыңдайды екен. Қазіргі тенденция бойынша, радиотыңдармандарға өтіп кеткен тарихи оқиғаларға қарағанда, дәл бүгін болған немесе ертеңгі ақпарат өтімді болып келеді. Американдық радиостанциялар осы форматты басты назарға алған. Біздің отандық ақпарат таратушылар да американдық радионы үлгі ретінде қарастыруларына болады. Егер отандық радио ауыл қазақтары ғана тыңдайтындай форматта жалғаса беретін болса, қала қазақтарының сұранысынан айырылады. Осылайша аудитория қызығушылығын жоғалтсақ, әсіресе ел болашағы жастардан айырылатын болсақ, алдағы 10 жыл ішінде  радио туралы тіпті сөзде қозғалмайтын болар. Барша радиостанция мамандары бұл мәселе бойынша жауапкершілікті қолға алып, уақыт талабына сай жаңа маркетингтік стратегиялар жасап шығаруда. Ал біздің елде ше? Басты жетекші отандық радиоларымыз «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиоарналарын уақыттың брендіне сай жаңғыртуымыз қажет. «Қазақ радиосының» басты мақсаты мен функциясын негізге ала отырып, аралас жанрды қоса дамытуымыз керек. Өйткені, онда хабар таратудың бірнеше түрлері қолданыста болатындықтан, барша аудиторияның көңілін табуға мүмкіндігі бар. Қазақтілді радиостанциялар алдағы уақытта отандық радионарықта жаңа әрі қызықты болып табылатын жаңа брендті ойлап тауып, өзіндік дара сипаттағы ерекшелікке ие болғаны жөн. Әрине, қазіргі Қазақ радиосы бұрынғы кезеңдердегі тәжірибені сөзге тиек етіп, қолданыста жүзеге асыруда. Біз менталитетімізге сәйкес радиоға тек ақпарат көзі ретінде емес, адамдардың жан дүниесіне әсер ететін тәрбие құралы ретінде де қарауымыз шарт. Адамдар өздерін рухани тұрғыдан қуаттандару үшін радионы қосады. Одан бөлек, қазіргі әлемдік тенденцияларға сай қазақ радиосы тікелей эфир форматының уақытын көбейтіп, ескі дикторлық дауыс пен ұзыннан ұзақ концерттен арылуы тиіс. Әлем бойынша жоғары рейтингке ие болып отырған радиолардың көбісінде 70-80 пайыз тікелей эфир. Ал отандық радионың майталмандары «Қазақ радиосы» мен «Шалқардың» тікелей эфирі 40 пайызға да жетпеді.

Халықаралық радио және жаңа медиа кеңесшісі Стив Ахерн радионың болашағына оптимистік баға берген болатын: «Соңғы бірнеше онжылдықта радионың жаңа медианы өлтіруі туралы алаңдаушылық тудырды. Шындығында, біз бұл туралы алаңдамауымыз керек. Мен мұның бәрін жеңе алатынымызды көремін. Радио да, аудио да аман қалады». Радионың өзгергені, әртүрлі платформалардағы дәстүрлі радиостанциялардың тіркесімі пайда болғаны белгілі. Мысалы, аудио жазбаларды подкаст түрінде орналастыру, әртүрлі аудионы жүктеу мүмкіндігін беру. Аудиторияның зерттеулеріне сәйкес, адамдар тыңдағысы келеді, өйткені олар дауыс арқылы теледидардағы сюжетке қарағанда, айқын бейнелер мен кескіндеме алады. Олар басқа нәрсемен айналысып жүріп, радионы тыңдай алады. Радио форматтарының әртүрлі түрлеріне қарасақ, бұл бір жағынан ақпараттық формат, екінші жағынан ойын — сауық форматы. Олардың арасында континуум бар. Ақпараттық форматты тыңдау арқылы адамдар осы күрделі әлемді түсінуге тырысады. Радио оларға бұл сәтте көмекші қызметін атқарады. Екінші жағынан, ойын-сауық форматын ұнататын адамдар әлемде болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдайтыны соншалық, олар бәрінен аулақ болғысы келеді. Егер біз радиоформатты дамытатын болсақ, бұл континуумда тең «бәліш кесектері» болуы керек. Шын мәнінде де, радионың болашағы зор. Тек басты талап, заман ағымы мен уақыт талабына сай өзгеріске дайын болу.

Қорытындылай келе, қалай қарасаңыз да, радио тыңдаушылардың жүрегін жаулап алудың қарапайым және тікелей тәсілі болды және болып қала бермек. Радионың болашағындағы мүмкіндіктер шексіз және олардың саны арта бермек. Біз күн сайын қолданатын консольдер, сматфондар мен теледидарлар радиостанциялардың өз аудиториясын таратудың және көбейтудің тағы бір тәсілі болады. Яндекс Plush, Apple Music немесе Spotify сияқты платформалар санының өсуіне қарамастан, жаңа музыканы ашудың ең танымал тәсілі радио болып қала береді. Жыл сайын компьютер немесе смартфон арқылы онлайн тыңдаудың танымалдығы артып келеді, бұл өз кезегінде интернет-радиостанцияларға өз аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Намазалы Омашев. Радиожурналистика
  2. «Әуе толқынында Қазақ радиосы» /«Ана тілі» ,2013. №3
  3. Бейсенқұлов Аязби. Тыңдарман таңдауының мәнісі мен «мотив» термині туралы. ҚазҰУ хабаршысы.
  4. Клара Қабылғазина. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы.
  5. 1895 — 1925 жылдардағы радионың алғашқы отыз жылдығы;. Жаңа Шотландия, Канада, 2006 ж., 14 наурыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *