Тіл – асыл құндылық

                            Ә.Е. Жалаладдин ,Журналистика мамандығының

2 курс студенті

Алматы қ . Қазақстан Республикасы

                                             Тіл – асыл құндылық

Аңдатпа: Мақалада қазақ тілінің маңыздылығы мен құндылығы туралы айтылған. Елдің,жердің бар байлығы тіл екенін түсіндіре келе, болашақ жастардың қолында дей отырып, тілдің шұбарлануынан сақтану іс шаралары қарастыралған.

Кілт сөздер: тіл, ұлт, ана тілі, халық, рух.

Әрбір халық үшін ұлттық рухы,  болмысы мен қасиеті, тұрастай кескін-келбеті – ан тілі. Бұл өлшеусіз қазынаның өрісінің кең болып, құдіретінің арта түсуі адамзат баласы үшін үлкен маңыздылыққа ие. Тілді тек байланысу құралы деуге болмайды. Ол мемлекеттің жүріп өткен тарихының, сан ғасырлық көрген қиындығы мен ел болып қалыптасудағы ұстанымдарның көрінісі.

Тіл мәртебесінің артуы – елдің мәртебесінің асқақтауы. Оның құнын көтеріп, қастерлейтін де, құлдыратып, құлазытатын да адам болмақ. Қазіргі қарбаласқан, қиын уақытта туған тілді сақтап қалу – жауапкершілік. «Бір тіл білген – бір адам» – деген керемет даналық сөз бар. Деседе өзге тілдің бәрін біліп, өз тіліңде ойланып, ойыңды жеткізу, еркін сөйлеу – бұл бақыт. Бұл сөзімізге ақын Әбділда Тәжібаевтың өлеңінен үзінді келтірейік:

 

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін!»

 

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның брйында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты  себеп сол ұллтың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.

 

Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.

 

Қазақ тілі- шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуаты қаруы.

Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.

Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.

Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау

Бүгінде ішімізді күйдіріп, қарнымызды аштыратын үлкен мәселе ана тіліміздің хәл-жағдайы. Қоғамдық орындарда, жұмыста, тіпті өз арамызда тілімізді шалалап қолданып жатамыз. Ең қорқыныштысы осы өрескел қателіктің әрқашан қайталануы. Тіл халыққа әр түрлі кірме немес келімсек сөдермен емес, таза нұсқада келді. Оны ары қарай да солай сақтап қалу керек деп есептейміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Балақаев М.Б.»Қазақ әдеби тілі»- Алматы, 2007ж, 396-397 б.
  2. 2. Исаев С. «Қазақ әдеби тілінің тарихы»- Алматы ,1989ж ,192 б.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *