Короновирус. Вакцинация

Тумарис Т.    Коронавирус. Вакцинация.

    Латын тілінен аударғанда тәж/шеңбер деген сөзден шыққан бұл “коронавирус” індеті 2020 жылдың басында Қытай мемлекетінің Ухань қаласында пайда болды. Бұл жұқпалы аурудың жануарлардан адамға жұққаны, одан қалса адамнан адамға жұғатыны да анықталды. Жақсы, бұл індет жайыла бастағаннан бері ол туралы көптеген ақпараттар айтылып та, жазылып та келеді.

    Ал осы індеттен құтылу үшін не істеу қажет? Әрине, гигеналық және карантиндік талаптарды орындау қажеттілігі сөзсіз. Бірақ қашанға дейін осылай жалғаса бермек? Жан-жақтан дүние жүзі ғалымдары осы дерттен түпкілікті құтылу үшін түрлі вакциналар ойлап табуда.

       Осы жылдың 1 Ақпанынан бастап Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы “Спутник V” вакцинасы салына бастады. “Бұл вакцина алғашқыда ерікті түрде медицина қызметкерлеріні, педагогтер мен мемлекеттік қызметтегілерге салынады”- деп хабарлады ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

       Сонымен, осы “Спутник V” екпесіне толығырақ тоқталып өтейік. «Спутник V” екпесі әлем бойынша бүкіл талаптар мен сынақтардан өтіп қолданысқа берілген алғашқы 3 екпенің бірі. Ол алғаш рет Ресейдегі Гамалеи атындағы эпидемиологиялық орталықта дайындалып шығарылды. Қазіргі таңда, бұл екпені 59 мемлекет сатып алуда. The Lancet журналының зерттеуі бойынша “Спутник-V” вакцинасы коронавирустың жұғуынан қорғау эффектісі 91,6% құрайтыны анықталды.   Ал енді бұл екпе қаншалықты пайдалы екендігіне акцент жасайық.  Бұл екпені алу кімдерге қауіпті?

•Ауыр аллергиялық реакциялары бар адамдарға;

•Вакцина компоненттеріне жоғары сезімталдылығы бар азаматтарға;

•Өткір инфекциялық немесе инфекциялық емес аурулары барларға;

•Жүкті немесе емізу кезеңіндегі әйелдерге;

•18 жасқа толмаған балаларға;

Бұндай жанама әсерлердің болуынан күмәнданушылар міндетті түрде арнайы маман-дәрігермен ақылдасуы қажет. Екпеден кейінгі жағымсыз әсерлері:

•Екпе салынған жердің аурсынуы (58%)

•Гипертермия (50%)

•Бас ауруы (42%)

•Астения (28%)

•Бұлшық ет және буын аурулары (24%)

       Екпе 2 кезеңнен, яғни, этаптан тұрады. Бірінші кезең жайлы айтсақ: вакцинаны салдыру үшін алдымен тұрғылықты мекен-жай бойынша терапевт-дәрігерге хабарласу керек. Екпе емханада немесе басқа медициналық мекемеде салынады. Екпені салғызу кез-келген адамға тегін.  Вакцинаны салдырмас бұрын дәрігерге қаралу қажет. Кейін медицина қызметкері вакцина салғызу жайлы толық ақпаратты жеткізеді. Екпе алатын адамға қажетті құжаттар беріліп, вакцина алуға келісімі нақтыланады. Екпе жеке бөлмеде жасалып, екпеден кейін пациент 30 минуттай дәрігер бақылауында болады. Егер аллергия сияқты жанама әсерлер байқалса, сол мезетте медициналық көмек көрсетіледі. Ал егер жарты сағаттан кейін пациент жағдайы қалыпты болса, үйіне жіберіледі.

Екпені салдырғаннан кейін әрбір екпе қабылданушы азамат/азаматша 3 күн дәрігер бақылауында болады.

Екінші кезең компонедті 21 күннен кейін салынады. Ол туралы пацинетке SMS-хабарлама жіберіледі. Екінші кезеңнен өткеннен соң, пациентке толық вакцина алғандығы жайлы құжат беріледі.

        Қазіргі таңда, Қазақстанда 313 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Екпені салдырғандардың көбісі-Алматы қаласының тұрғындары.

         Әлі күнге дейін, “Спутник V” вакцинасы жайлы сұрақтар мен қорқыныш көп.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *