Ы. Алтынсарин — Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы, ұлы педогог, демократ, ағартушы.

Тумарис Т.      Ы. Алтынсарин — Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің негізін салушы, ұлы педогог, демократ, ағартушы.

                            

      Адам өмірінде білім мен оқу ерекше маңызға ие дүние. U uХалық даналығы-  “білім инемен құдық қазғандай” деуші еді. Бұл сөздің  жаны бары, қазақ халқының сонау темір дәуірінен бергі білімге, ізденіске құштарлығынан-ақ байқалады. Осындай қазақ жастарының сауатты болуын мақсат еткен, білім мен оқудың түбіне жетуге ұмтылған ағартушыларымыздың бірі- Ыбырай Алтынсарин.

   Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы-педагог. Ы. Алтынсарин педагогикасының негізгі идеясы — адамның өзара қарым-қатынасы, жастарды еңбекке баулу[1]. Алтынсарин әр түрлі ұстаздық тәсілдерді пайдалана отырып, балаларды білімге жетелеген.

Бүкіл қазақ елінің білімге деген құштарлығы мен махаббатын оятқан:

    “Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!”- деген Алтынсаринның өлең жолдары, әлі де өз қастерлігі мен мән-мағынасын жоғалтқан емес.

     Ыбырайдың атасы Байғожа би, немересін 9 жасында Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. Оны 1857 жылы үздік бағамен бітірген Ыбырай, атасы Балғожа биге хатшы қызметін атқарады, кейіннен Орынбор облыстық басқармасына тілмаш ретінде жұмысқа тұрады. Өз мамандық жолын осылай бастаған Ыбырай 1864 жылдан бастап оқу-ағарту ісі саласында қызмет етеді. Ол алғашында Торғай уездінде мұғалім болып, сосын уездік басқармада мектеп инстпекторы ретінде жұмыс жасады.

    Ол қазақ балаларына білім көзін ашуды өзіне мақсат етіп қойды. Сол мақсатпен, ауылдарды аралап қазақ балаларына мектеп ашу үшін ақшалар жинай бастады. Беделді ақсүйектер мен сұлтандардан көмек күтті. Солайша, Торғайда, Қостанайда, Тобылда, Ырғызда орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашты.

   Оған қоса, Ыбырай қазақ халқының жаппай мұсылмандануын қолдады, алайда мұсылмандану негізінде халықтын татар тіліне бейімделуі оған оғаш көрінді. Және, қазақ ауылдарында оқылып жүрген діни кітабтардын көбісі араб тілінде жазылғандықтан, ал қарапайым халықтын толық араб тілін түсінбейтінін, оны бұрмалап, теріс түсінік қалыптастыратын молдалардын пайда болуынан қорықты. Сол себеппен, дін арқылы адамгершілік пен гуманизмді насихаттау қажет деп, 1883 жылы өзінің “Мұсылмандық тұтқасы”(“Шараит-ул-ислам”) атты кітабын жарыққа шығарды.

Өзінің ағартушылық, тәлімгерлік ісінде Ыбырай талай қиыншылықтарға кездесті. Оның елден қаржы жинап, орыс-қазақ мектептерін ашып, мәдениет атаулыны насихаттауын көре алмай өшіккен ел ішіндегі кейбір қожа-молдалар оны “шоқынған кәпір” деп өсек таратса, енді біреулер 1884 жылы Ішкі істер министрлігі мен Орынбор генерал- губернаторына  “үкіметке қарсы ойы бар”, “социалист” деп, өтірік арыз жазып, қаралауға дейін барды.[2]

  Ы.Алтынсарин бұндай жала жабуларға қарамастан, жастарға дұрыс білім, діннің дұрыс жолын ұсынуды тоқтатпады. Ол орыс ақындарының шығармаларын қолдана отырып балаларға дұрыс білім беруге тырысты. Алтынсарин орыс педагогтарының еңбектері мен әдіс-тәсілдерінен тәлім жинай отырып, қазақ энциклопедиясына “Қазақ христоматиясы” және “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”(1879) атты екі еңбекті жарыққа шығарды.

  Қызықты деректерге қарасақ, басқа оқытушы-педагогтар жас балаларға хат танып, жазуды 1 жыл ішінде үйретсе, Алтынсарин шәкірттері 3 ай ішінде хат танып, жаза алатын дәрежеге жеткен. Осыдан-ақ, Ыбырайдың ұлы педагог болғаны аңғарылады.

   Ыбырай Алтынсарин- оқу-ағарту ісінің негізін салушы деген атақ берілуі бекер емес. Ыбырай Алтынсарин алғаш рет қазақ қыздары үшін Торғай, Қостанай, Қарабұтақ, Ақтөбеде мектеп-интернаттар ашты. Ол қыз ұл деп бөлмей, бүкіл қазақ жастарының көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалады.

     Ыбырай Алтынсарин өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазған: “ Мен түбегейлі терең сеніммен халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын”.[3] Осы сөздерінен-ақ оның халқына қаншалықты жанашыр жан болғанын байқауға болады.

Ыбырай Алтынсаринның қазақ білімін көкжиекке шығарғаны ешқашан ұмытылмайтын ақиқат. Ол ешқашан естен кетпес ұлы тұлға. Бүгінде Алматы қаласындағы “Қазақ мемлекеттік білім академиясы” Ыбырай Алтынсаринның есімімен аталады. Жыл сайын еліміздегі үздік педагогтар Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады.

    Ыбырай Алтынсарин жайлы:

 «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде  еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы» — деген пікір білдіреді Абайтанушы, жазушы, ұлы тұлға Мұхтар Әуезов. [4]

      Қорытындылай келе, Ы. Алтынсаринның қазақ оқу-ағарту ісіне қосқан үлесі орасан зор. Ол қазақ білімі мен педагогикасының негізін салушы. “Қазақ христоматиясының” авторы, 18-19 ғасырларда қазақ даласында ашылған қазақ ұл-қыздарына арналған мектептердің негізін қалаушы, алғашқы педагогикалық институттың ашылуына себепкер болған ұлы ағартушы. Қазақ жастарының көзін ашуға талпынған, білімге шақырған, адамгершілік пен мәдениетті насихаттаған, әлеуметтік-экономикалық теңдікті, әділеттілікті даулаған демократ. Алтынсарин естен кетпес тұлға. Қазақ халқының даму үдерісінің ажырамас бөлігі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  https://oqu-zaman.kz/?lang=ru “Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары.” Гүлнұр Төлендіқызының мақаласынан.

2. https://baribar.kz/

3. https://stud.kz

4. https://surak.baribar.kz/

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *