Журналистің қызметі қаншалықты еркін

             “Журналистің қызметі қаншалықты еркін”

 

Қазіргі әлем ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Осындай әлемде ақпараттың шын, өтірігінің ара-жігін ажырата білуде журналист мамандығы үлкен ықпал етеді. Негізгі айтылатын әңгіме де осы тақырыптың төңірігінде болмақ.

Журналистика саласы қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала. Үлкен жауапкершілік пен кәсіби білімді талап ететін жолда қызмет ету оңайға соқпайтыны анық. Журналистика саласы- ақпаратты еш боямасыз, бұрмаламай халыққа жеткізетін сала. Қоғамның тынысы болған саланың мамандары адал қызмет ететін болса, сан емес сапа көбейетіні анық. Н.Михалковский айтқандай: “Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады”. Осы салада журналистің негізгі қызметі-халыққа, қоғамға адал қызмет ету.

Сөз бен бостандық ажырамайтын бірлікте бола отырып, сөз иесіне зор жауапкершілік жүктеледі. Әрбір журналист өзі таратқан ақпаратпен бірге әр сөзіне жауап беретінін есекерсек, сөз еркіндігінің жоқ екенін байқаймыз. » Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді » — деген дана халқымыз сөздің жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екендігін меңзесе керек. Шындықты айту, жоғарыда отырған шенеуніктерді әшкере ету, биліктің пасық әрекетін ашып көрсету беделді шенділер үшін ұнамсыз. Шындық ешқашан ешкімге жаққан емес. Өтіріктің балын татып жүргенше, шындықтың уын ішкен әлде қайда адамдық ардың көрінісін бейнелейді. Шындықты айтып, әділдікті жақтаймын деп жүрген журналистерге төнетін қауіп жоқ емес. Ақиқат үшін шарқ ұрып, шындықты айтамын деп жүгірген қанша журналистке қасақана әрекет жасалып, тағдырлары қиылды десеңізші.

Журналист қызмет жасау кезінде белгілі ұстанымдармен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, сол ұстанымдарды ұстана отырып жұмыс жасау кезінде түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін . Солардың бірі- қызмет бостандығы. Қазіргі журналистердің басты әрі өзекті мәселесі, қызмет ету кезінде өзі қалаған жаңалықтармен, мақалаларын жариялай алмауы. Бұлай дегенім, мүлдем мақала жарияламай немесе репортаж жасай алмайды дегенім емес. Тек қана белгілі бір мөлшерде шектеулер бар. Бірақ сол шектеулердің өзі жұмыс жасау кезінде кедергісін тигізу мүмкін. Яғни журналистің қызметі жүз пайызға еркін, журналист қалаған дүниесін жариялай алады деген сөз емес. Бәрібір біздің қызметімізде цензуралардың болатыны анық.  Біз билік пен халықтың арасындағы көпір болғанымызбен, бізгеде қойылатын шектеулер мен талаптар болады. Сол бір шеңберден шықпай жұмыс жасаудың өзі журналистті іс жүзінде шыңдап, ұстанымдармен адал қызмет етуге баулиды. Сондықтан да журналист қызметі осындай кедергілерімен, қиындығымен басқа салалардан ерекшеленеді. Алайда журналист қызметінде барлық нәрсеге шек жоқ. Қоғамда болып жатқан мән-жайды жариялап, оны түсіріп, халыққа жеткізуде журналистер ерекше маман иелері болып саналады. Себебі кез-келген саланың өз ережелері мен талаптары бар. “Тәртіпке бағынған құл болмайды”-демекші, өз саламыздың үздігі болып, халыққа адал қызмет етейік!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *