Журналист- бұл жаза алатын адам

Журналист-бұл жаза алатын адам

Журналистке ең қажет бірінші қасиет ол- жазу стилі. Жақсы сөйлей білгенімен өз ойын емін еркін қағаз бетіне түсере алмауы мүмкін. Сөз тіркесін жақсы білу қажет сонымен қатар сөзге шешен болу керек. Екінші қасиет- нақты,әрі дәл сөйлеп үйрену. Яғни айтар ойыннан ауытқып кетпи тиянақты түрде айтар ойын қорытындылап дәл айту. Ал үшінші қасиетке келер болсақ журналист өзіндік образын қалыптастыру. Өзінің бойындағы дарынымен өзіндік жеке жолы болуы. Төртінші қасиет- дүниетаным. Біз дүниетаным деңгейіне журналисттің тәжірбиесін, білімін, айналасындағыны көріп ,білуін жатқызамыз.

Қолына қаламмен парағын алып халықтың мұңын биілікке жеткізуші десекте болады.

Бұл салада жұмыс жасайтын адамдардың өмірі біз ойлағандай емін- еркін әдемі бола бермейді. Сонымен қатар журналисттер үлкен бір істі халыққа жария етсе ол қылмыстық істі айтса немесе билікті сөз етер болса демек ол журналистің өміріне қауіп төндіріп тұрады десекте болады. Себебі бопсалау немесе қысым көрсету журналисттердің өмірінде көптеп кездесіп жатады. Демек бұл мәселе әлі күнге дейін қоғамда орын алып жатқаны хақ. Журналисттің қазіргі қоғамдағы рөлі мейілінше қысымға басым. Болашақта бұл үлкен мәселенің шешімін тауып журналисттерге барынша еркіндікті алып беруге атсалысар едім.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *