«Журналистің қызметі қаншалықты еркін?»

Қазіргі қоғам мен билік арасындағы «алтын көпірді» байланыстырушы журналистер екендігі баршамызға аян. Халыққа нақты дәлелденген хабар мен дәйекті ұғынықты, қарапайым тілде жеткізетін де журналистер. Журналистің басты атқаратын жұмысы — халыққа ақпарат тарату. Ақпарат таратар алдында ол мәліметтің дұрыс, нақты екендігіне көз жеткізу. Сонымен қатар журналистер өз ісіне адал болуы қажет. Журналистер шындықты және қоғамдық мүдделерді өз мүдделерінен жоғары қоюы керек. Әрқашан әділдікті жақтап, халықтың сенімінен шығу, сенімдерін ақтай білу біздің міндетіміз! «Қазір адамдар үшін қандай ақпарат маңызды және оны қандай түрде ұсыну керек?» — деген сұрақты өзімізге жиі қоя білуіміз керек. Ақпараттың дұрыстығы мен бұрыстығының ара жігін ажырата білу де журналист үшін маңызды. Журналистер өз материалдары үшін жауап береді. Ал, осы тұрғыда журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Дәлірек айтсақ журналистика білімді, біліктілікті, боямасыз шындықты жеткізудің, дәлме дәл ақпаратты жариялаудың кескін — келбеті. Бұл мамандықта еркіндік қаншалықты бар? Осындай сұрақтар журналистер үшін шешімі жоқ, жауабы да сұрақ болып қала бермек. Журнслист қызметі үшін түрлі сындарға қалып, қауіп — қатердің ортасында жүреді. Кей жағдайда керісінше, халықтың ықыласы мен қолдау — қошеметіне бөленеді. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да үкімет те қолдауға, қорғауға міндетті. Бүгінде журналистің қызмет бостандығы мен еркіндігі ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Журналистер халыққа ақпаратты тіл байлығы, сөз еркіндігі арқылы жеткізетіндіктен «сөз бостандығының» болуы шарт. Сөз бостандығы бар жерде шындық туы желбіреп, ақиқаттың алауы жанатыны анық.

Сөз бен бостандық ажырамайтын бірлікте бола отырып, сөз иесіне зор жауапкершілік жүктеледі. Әрбір журналист өзі таратқан ақпаратпен бірге әр сөзіне жауап беретінін есекерсек, сөз еркіндігінің жоқ екенін байқаймыз. » Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді » — деген дана халқымыз сөздің жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екендігін меңзесе керек. Шындықты айту, жоғарыда отырған шенеуніктерді әшкере ету, биліктің пасық әрекетін ашып көрсету олар үшін ұнамсыз. Шындық ешқашан ешкімге жаққан емес. Өтіріктің балын татып жүргенше, шындықтың уын ішкен әлде қайда адамдық ардың көрінісін бейнелейді. Шындықты айтып, әділдікті жақтаймын деп жүрген журналистерге төнетін қауіп жоқ емес. Ақиқат үшін шарқ ұрып, шындықты айтамын деп жүгірген қанша журналистке қасақана әрекет жасалып, тағдырлары қиылды десеңізші.

Осындай сорақы оқиғалардан кейін шындықты айтпақ түгілі, ақпарат таратудан аяқ тарта бастайсың. Мұның барлығы «сөз бостандығының» жоқ екенін көрсетеді. » Әуелгі сөзің рас болса, соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы» біз халық үшін қызмет ететіндіктен ақиқатпен сөйлеу, жеткізу парызымыз. Ақиқатты қалай бар солай жеткізу үшін сөздің шектейтіні өкінішті-ақ. Журналистер билікті ашық сынға алып, олар туралы сөз етсе үлкен қысым көріп қиындыққа ұшырайды. «Қазақстанда сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесін жақсы деп айтуға әлі ерте. Өйткені тәуелсіз басылымдар көптеген қиындықтарға ұшырайды, ал осы басылымдардың журналистері үнемі бақылауда, үлкен қысым жағдайында жүреді, — » Тасжарған» газетінің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай осылай деп айтқан болатын.

Біз сөз және іс жүзінде еркін, тәуелсіз Қазақстан жерінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан қандай мамандық болмасын, соның ішінде журналистер халық мүддесі мен қоғам үшін қызмет етіп жатқандықтан еркіндіктің болуы шарт. Еркіндіктің болуы шектен шығып кету емес, көкейдегі ойды, пікірді ашық әрі еркін жеткізе білу. Журналистердің қолын байлайтын да, жолын кес-кестейтін де осы еркіндік пен сөз бостандығының болмауы шығар бәлкім?! Адам баласы өз пікірін білдіруге, баспасөзде болсын ашық жариялауға немесе пікір білдіруден бас тартуына да сөз бостандығы мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленіп тұрады. Сондай-ақ сөз бостандығы халықаралық стандарт пен нормаларға негіз бола алады және де журналистің шығармашылық негізін қамтамасыз етуші негізгі күш болып табылатындығы анық.

Авторы: Жанерке Басарова
Жетекшісі: Әлміш.Ж.Т

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *