Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?”

Журналист- бұл әлемді болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, оны жазбаша әдемі жеткізе алатын болуы керек. Сонымен қатар қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып табылады. Ол-газет-журнал,радио жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайтын адам.  Әрине бұл үшін ең алдымен білім мен қабілет қажет. Заман және уақыт ағымын жақсы түсінуің керек. Себебі жасайтын жұмысың әрдайым қозғалысты қажет етеді.Идеяға толы материалдармен жұрттың назарын өзіңе аудара білген жөн.

Журналистке ең қажет бірінші қасиет ол- жазу стилі. Жақсы сөйлей білгенімен өз ойын емін еркін қағаз бетіне түсере алмауы мүмкін. Сөз тіркесін жақсы білу қажет сонымен қатар сөзге шешен болу керек. Екінші қасиет- нақты,әрі дәл сөйлеп үйрену. Яғни айтар ойыннан ауытқып кетпи тиянақты түрде айтар ойын қорытындылап дәл айту. Ал үшінші қасиетке келер болсақ журналист өзіндік образын қалыптастыру. Өзінің бойындағы дарынымен өзіндік жеке жолы болуы. Төртінші қасиет- дүниетаным. Біз дүниетаным деңгейіне журналисттің тәжірбиесін, білімін, айналасындағыны көріп ,білуін жатқызамыз.

Қызметі ақпарат алу және ақпаратты беру ғана емес, сол ақпаратты миллиондардың қажетіне жарата білу. Кез келген адам болған оқиға өз ойын айта алады. Бірақ өз деңгейінде ғана. Сондықтан журналисттің деңгейі бәрінен жоғары болу қажет, себебі оның айтқан ойын неше мыңдаған адам тыңдайды.

Журналист ол өз елінің, ұлтының жауынгері. Миллиондардың қорғанышы, соның мұңын жолдаушы. Ал бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

Ал осындай қызметтердің барлығын атқаратын журналисттердің қоғамда еркіндігі қаншалықты бар?

Біз жоғарады атап өткендей журналистің негізгі мінедеті ақпаратты нақты,шынай түрде дәлелдермен жеткізе білу. Ол үшін сөз бостандығы, сөз еркіндігі міндетті түрде керек. Журналистік куәлігін көрсету арқылы болып жатқан оқиға орындарында түсіріп алуға құқылы. Дәл бүгінгі таңда журналистің қызметтік бостандығы проблемалардың бірі десекте болады. Әрбір сөздері сыналып отырады десекте болады. Бір сөзден жаңылысып кету үлкен қателіктерге әкеп соғуда мүмкін. Кей жағдайда дұрыс тақырыпты хайп жинау үшін бір екі сөзін өзгертіп жеткізуі де мүмкін. Әрине бұлда заңсыз болып табылады. Себебі журналист аузынан шыққан әр сөзіне заң алдында жауапты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *