Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

 

 

Журналист – бойында өзгелерден бөлек,ерекше қасиеттері бар адам. Бұл мамандықты меңгеріп алу кез келген адам қолынан келе бермейді. Шығармашылық тұлғаның артына жүгілетін жүгі жеңіл емес. Журналистің алғашқы бастамасы ол негізгі 3 принцптің сақталуы болып табылады. Ол принцптердің негізінде журналист бойындағы біраз қасиеттер жатыр. Қазіргі қоғам журналистіне қойылатын талаптар біршама. Оларға тоқтала кететін болсақ, журналистті бейне бір сүттен ақ судан таза болуын талап етеді. Бұл мамандық тек шынайылық,әділдік,нақтылық,жауапкершілік,шығармашылық секілді қасиеттер арқылы  қалыптасады.Журналист бұл қасиеттердің бәрін сіңірседе,жетілдірсе де халық пен билік алдындағы деңгейінің көтерілуі бір талай. Журналист өз ісін істеу мақсатында адамдарға жағуға тырысатын болса,ал журналистерге жағынатын немесе оған бағынатын адамдар қатары аз. Олардың мүмкіндіктері шектеулі.Мүмкіндіктерінің шектеулілігі еркіндіктің жоқтығын білдіреді. Еркіндіктің болуы басты құндылық болып табылса, еркіндіктің болмауы – қазіргі күндегі басты мәселелердің бірі болып отыр.Расымен де, журналист белгілі бір адамдардың бұйрығына тәуелді болып келеді. Олар жеке өздерін басқарып, жеке пікір/ойларымен алмаса алмайды.Ол туралы тіпті журналист болуда кез келген информацияны бейтарап түрде қарастыру қажет деген сөздерден аңғаруымызға болады. Бірақ,осы тұрғыда ой сан-саққа кетеді.

 Журналист – ол барлығына бірдей хабар жеткізуші адам. Және де,ол хабар өзі туралы немесе жеке басы туралы емес.Ол өзге адамдарың мәселелері,қоғам мәселесі.Және оған араласып,артық зат жеткізіп, белгілі бір нормалардан аттап кетуі расымен де керек дүние емес деп санаймын.

Қалай дегенменде қоғамда әркімнің өз ойы,мүддесі бар.Және сол мүддені қорғау мақсатында адамдар арасындағы субардинация,жеке құқықтары сақталулары қажет.

Қазіргі актуалды мәселелердің бірі ретінде осы журналистикадағы тәуелділікті алып қарастыратын болсақ,оның бірден бір себебі өзін өзі қамтамасыз ететін медианың азаюы.Оларды қаржыландыратын ұйымдар мен саяси қозғалыстар журналистерді тек өз мақсат/мүдделері үшін қолданғылары келеді.Осыдан тәуелділік және шарасыздық туындайды.Ал,журналистер өз күнкөрістерін табу үшін оларға көнеді,айтқандарын істейді.Осы жолда оларды қаржыландыратын ұйымдардың қандайда бір дін ағымында  не болмаса бір саяси қауіпті істермен айналыспайтындығына кім кепіл? Онсызда бүгінгі күнге дейін саяси тақырыпта жазатын медиа қызметкерлеріне қауіп көп. Ал егерде ол дінге,саяси қақтығыстар мен расистік мәселелерге қатысты болса қызметкерге экстрималистік топтар тарапынан төнетін қауіп екі еселенеді.

Журналист – қоғам мен билік арасындағы ірі байланыс болғандықтан,олар көбінесе биліккеде бағыңқы болады.Оның жаман жерін жасырып,жақсы жерін асырып отырады.Бірақ оның бәрі өз орнымен,белгілі бір қажеттіліктерден туындайтынына сенемін.Қорытындылай келе,журналистердің қазіргі күндегі еркіндігі шектеулі.Бірақ,ол журналистердің өз қызметін  жасауын шектемейді деп ойлаймын.Себебі ол еркіндікті болмауы белгілі бір нормалардың сақталуында,қоғам мен биліктің арасындағы балансты сақтау мақсатында шектеліп отыр деп ойлаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *