Журналистикадағы телевидение

Қазіргі күнделікті өміріңізді телевидениесіз елестете аласыз ба? Әрине,жоқ. Себебі, 21 ғасыр ақпаратқа толы заман,және одан бәрі хабардар болуы тиіс.Жалпы, « Телевидение» терминіне тоқтала кететін болсақ,ол алыстан көру деген мағынаны білдіреді.Яғни,біз  қандайда бір ақпараттарды ,жаңалықтарды дәл сол оқиға орнында емес жылы төсегімізде жатып ақ көре,хабардар бола отыра аламыз.Осы күнге дейін бұл сала түрлі ауыр техникалық құралдар арқылы жұмыс істейтін болса,кейін 20ғасырларға таман ол цифрлы бейнеге ауысқан болатын.Одан бері тағы талай өзгерістер енгізіліп,бүгінгі күні ол саланы интернет тіреп тұр деп те айтсақ болады. Телевидение – ақпарат таратудың неғұрлым кең қолданылатын бұқаралық құралы және ғылыми,ұыымдық,техникалық,басқа да қолданбалы мақсаттарда пайдаланатын байланыстың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Телевидение өз алдына  үлкен әлеуметтік-политикалық потенциал қалыптастырған,сондықтан,журналистикада телевидение бастапқы уақыттан бұл саланың тек киноиндустрия,эстрада және театрмен шектелмейміз деген.Басында журналисттер телевидениенің түрлі конструкциясын іздеген болатын.Кейін баспасөз қалыптасып,ешқашан жеңіліс таппаған сала болып қалыптасты.Бірақ,заман ағымына байланысты ондағы ақпарттың таратылу уақыты ұзақ,қазіргі интернет шынайылығынан қалып коятындықтан,сай келмейтіндіктен ақырындап  маңыздылығын жоғалтып барады.

Телевидениенің ең бағалысы – тікелей эфир.Ұзақ уақыт пен үлкен жауапкершілікті талап ететін бұл процесс түрлі бағыттарда жұмыс жасайды.Әр кезеңнің өз талабы болатындықтан,телевидение саласындағы тікелей эфир де бейне бір зымырап өтетін уақыт сияқты.Ел айналасындағы түрлі өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да үнемі өзгеріп отырады,және ол міндетті түрде ескеріледі.Жалпы тележурналистикадағы  тікелей эфирдің табиғаты кәсіби – шығармашылық процесс,құрылымы күрделі психологиялық құбылыс,уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл,ешнәрсені түзетуге болмайтын,сол күйінде, қаз- қалпында айналымға түсетін қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние.

Телевидение тек маңызды ақпарат таратумен ғана шектелмейді,онымен қоса ойын-сауық бағдарламалар, шоу- прогараммалар көрсетіледі.Көгілдір экран көрермендерін жалықтырмас үшін,әлі күнге дейін әр түрлі бағыттағы,олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жаңа дүниелер ойластырылуда.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дей келе,журналистика 4 билік көзі болғандықтан,БАҚ өкілдері журналистиканың қай саласында болмасын халықтың игілігі үшін аяқтарына тік тұрып қызмет етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *