« Журналистің қызметі қаншалықты еркін? »

Менің өзімнің жеке байқағаным

« Журналистика және репортер ісі » мамандығына көптеген жастар келіп түседі. Қазіргі жастар өте көп уақытын виртуалды өмірге жұмсайды. Егерде, мамандығың Журналист болатын болса онда көкте қалықтамай, аспаннан жерге түсу қажет, қоғаммен адамдардың арасында үнемі жүруге тура келеді себебі жұмыстың негізгі бөлігі содан тұрады. Сонымен қатар, менімше журналист белгілі бір оқиға болған жерден ең соңғы болып кетуге тиіс. Себебі, ең қызығы, ең негізгі ақпараттар соңында болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда бізде еркіндік сөзі әлдеқайда жақсы, Ресейге қарағанда . Мәселен олардың дәл қазір тәуелсіз прессада жұмыс жасауға мүмкіншіліктері мүлде жоқ. Нақты өзіміздің елімізге тоқталар болсақ, бізде де өзге елдер сияқты журналистердің қызметінің өз заңдылықтары бар және оларды ұстанған жөн. Жалпы айтқанда бізде өз ойымызды жеткізуге, халықты нақты не мазалайтынын айтуға мүмкіншілігіміз бар.Бірақ әрине заң тұрғысынан дұрыс әрі этикалық сөздер болуы шарт. Мысалы қазір Ресейде қатал заңдар қабылданғандықтан оларда бұндай мүмкіндік жоқ болып отыр. Сол үшін де мен ойлаймын бізде көбіне либералды қоғам және демократиялық мемлекет. Алайда өзгерістер қажет , тек қана ашық және еркін сөйлей алу үшін. Бәрі нормамен болуы керек. Қорытындылай келе, журналистің қызметінің қаншалықты еркін екенін нақты айтуға болмайды деген шешімге келдім.

Орындаған: Айдана Бахтиярова

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *