Журналист қоғам сақшысы

Журналистикакөне мамандықтардың бірі. Қазіргіқоғамда оны төртінші билік деп атайды, осылайшабұқаралық ақпарат құралдарының қоғам мен қоғамдық пікірге зор ықпалын мойындайды. Бұлмәртебе олардың қызметіне қолөнер ретінде ғанаемес қарауды міндеттейді. Кәсіби журналист оныңсөзі адамның, елдің, ұлттың тағдырына қалай әсерететінін түсінуі керек. Жауапкершілікпен жәнеталантпен материал жасаған журналистер бүкіләлемге танымал.Төменгі зерттеулерініңарқасында танымал болған танымалжурналистер жиі қудалауға ұшырап, тікелейқоқан-лоққыларға ұшырады. Олардыңкейбіреулері кәсіби қызметіне байланыстықайтыс болған деп есептеледі.

«Айқаптың» арулары»

«Айқап» журналының ерекшелігі солқазақтың тұңғыш журналист қыздарыныңбуынын қалыптастырды. Алаштанушы-ғалымҚайрат Сақ: «Журнал басшылығы ұлтбаспасөзі тарихында тұңғыш рет қазаққыздарын тілшілік қызметке тартады. Басылымда тырнақалды туындылары жарықкөрген Сақыпжамал Тілеубайқызы, МәриямСейдалина, Күләйім Өтегенқызықазаққыздары арасынан шыққан алғашқыжурналистер. Олардың есімдерін ұлықтап, ел журналистикасына жаңалық енгізген еренеңбектерін бағалаууақыт еншісіндегі мәселе. Бір ауыз сөзге сыйдырып айтсақ, бүгіндееліміздің бұқаралық ақпарат құралдарындахалыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген қазаққыздарының алғашқы бастауы «Айқаптан» арна тартады» деп жазды.
Мәриям Сейдалина (1891-1916) белгілізаңгер Жансұлтан Сейдалиннің қызы. Жастайынан өлең шығара бастады. «Айқап» журналына ұлт жоғын жоқтағанмақалаларымен қатар, «Зарлау», «Көздер», «Тұр, қазақ секілді отты жырларынжариялады. Қазақ зиялысы СейілбекЖанайдаровқа тұрмысқа шықты. Сөйтіп, екеуі1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысқааттанды. Ол жақта майдандағы қазақтарғақамқор болды. Алайда Мәриям сол майдан даласында дүние салды. Невель қаласындажерленді.

Сақыпжамал Тілеубайқызы «Айқап»журналына озбырлықты, зорлық-зомбылықтыайыптаған дүниелерін жариялады. Одан бөлекеркіндік, әйел бостандығы, өнер-білім секілдімәселелерді қозғады. «Айқапта» Сақыпжамалдың «Қазақ қыздарыныңаталарына», «Мұңдастарыма бір-екі сөз», «Ұзақ күткен үмітім һәм бас адамдарға бір-екі сөз» секілді мақалалары жарияланды. Осындағы 1911 жылы жарық көрген «Қазаққыздарының аталарына» деген мақаласындаСақыпжамал: «Шариғат бұйрығынша, ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланыартық көріп тәрбие қылсын да, қыз баланыкем көріп тәрбие қылмасын деген шариғатбар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттікбелгісі емес пе деп жазды. Осылайша, журналист қазақ қыздарының қалың малғасатылып, сүймеген адамына еріксізұзатылатындығын, сөйтіп қалған өміріқорлықта өтетіндігін сынға алды. Одан бөлекжурналда «Қазақ қыздарына», «Қыз батасы»секілді өлеңдері жарияланды.
Күләйім Өтегенқызы да «Айқаптың» атыншығарды. Күләйім көркем-публицистикалықмақалаларымен көрінді. Ол да өлең жазды. Күләйімнің «Қазақ қыздарына» деген өлеңі«Айқапқа» жарияланғаннан кейін сол кездіңқыз-келіншектері бостандықтарын бағалауға, білім алуға ұмтыла бастапты. Күләйімнің бұлөлеңі журналдың 1912 жылғы сандарында жарияланыпты.

                                                                                        Автор: Копжасарова Аружан

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *