Қазақ тілі 4 сынып Мәтін және оның түрлері.
Мұғалімнің аты-жөні: | Қаратай Меруерт | |||||
Пән/Сынып: | Қазақ тілі 4 сынып | |||||
Күні | 20.10.2022 | |||||
Тарау немесе бөлім атауы: | Құндылықтар. Көркем мінез дегеніміз не? | |||||
Сабақтың тақырыбы: | № 19- сабақ. Мәтін және оның түрлері. | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты | 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
4.3.1.1 берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу |
|||||
Сабақ мақсаты: | Мәтін түрлерін бір-бірінен ажыратады | |||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
|||||
Уақыты | Кезеңдері | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | |||
3минут | Басы | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Мақсатымыз-білім алу Міндетіміз-еңбектену. Еңбектену арқылы Беске қолды жеткізу
Жаңа топ құру Топтарға бөлу. Асық арқылы бөлу Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды 1-топ: «Алтын асықтар» 2-топ: «Күміс асықтар» 3-топ: «Қола асықтар» |
Алған асықтары бойынша топқа бөлінеді |
|||
30
минут
|
Ортасы
|
(Т)1- тапсырма. Оқулықпен жұмыс Мәтінді оқы Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықта. Мәтінге ат қойып, көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз. (Т)2 – тапсырма. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойылады. «Сәйкестендіру» әдісі. Әр топқа мәтіннің түрлері, сұрағы және ережесі жазылған қағаздар таратылады. Мәтіннің түрлерін анықтап, әр мәтіннің сұрағын, ережесін жанына сәйкестендіріп жабыстырады. Сергіту сәті Қуаныш бүгін – мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келіп үйренген, Зерттеуші досыма, мың сәлем.
(Т)3- тапсырма. «Пазл» әдісі Әр топқа пазл таратылып беріледі. Топтар пазлды құрастырып, шыққан суреттеріне мәтін құрастырады. Құрастырған мәтіндерінің түрін ажыратады
(Ж)4-тапсырма. Дәптермен жұмыс Оқулықта берілген 22-жаттығуды орындау
(Ж)5-тапсырма. Сабақты қорытындылау. Quizizz платформасы арқылы сабақты қорытындылау
|
Оқушылар мәтінді түсініп оқиды
Дескриптор: -Мәтіннен негізгі ойды анықтайды -Мәтінге ат қойып, көшіріп жазады
.
Дескриптор: -Мәтіндердің түрі анықтайды. -Әр мәтіннің ережесін, сұрағын сәйкестендіріп жабыстырады.
Дескриптор: -Пазлды құрастырады. -Мәтін құрайды және мәтіннің түріне ажыратады. |
|||
2минут | Кері байланыс | Рефлексия «Батарея» әдісі
-Жарайсыздар, балалар, бүгінгі сабақта керемет жетістіктерге жете алдыңыздар! Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіре отырып, бүгінгі сабақты аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: 32 бет 67 жаттығу |
Бүгінгі сабақта не білгенін, үйренгенін, түсінгені туралы бөліседі. |