Менің Отаным-Қазақстан

                   №34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК    

 

 

 

 

 

Менің Отаным-Қазақстан

(«Балауса» ортаңғы тобының ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігі)

Эльмира Геннадьевна

 

 

 

 

Орал-2022жыл

Жүргізуші: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің-  деп елімізде үлкен мереке атап  өткелі жатырмыз. Ол «25 қазан- Республика күні». Бұл күнді ата –бабаларымыз аңсап күткен. Міне бүгін бейбіт, тәуелсіз Қазақстанымызда балаларымыздың жарқын жүздері мен сыңғырлаған күлкісімен үлкен мейрам тойлаудамыз. Құрметті  кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ендеше ортаға бүлдіршіндерімізді шақырайық.

Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.

Барлығымыз оң қолымызды жүрегімізге қойып, Мемлекеттік Әнұранымызды шырқайық.
«Әнұран»

Бөбекжайымыздың бүлдіршіндері Республика күніне орай дайындаған әдемі    құттықтаулары бар екен. Қабыл алыңыздар.

Ортаға «Балауса» ортаңғы тобын «Менің Отаным» әнімен қарсы алайық.

Ортаға «Балауса» тобының бүлдіршіндері тақпақтарын алып келген.

Жарас :Отан деген атамекен,

Отан деген –туған ел,

Отан ана – Отан үлкен

Қазақстан туған жер.

 

Демеу: Менің жерім ерекше ,

Қазақстан – мекенім !

Беп – белгілі емес пе ,

Сенің ғажап екенің

 

Даниял: Қуат отын қоздырған,

Қос қанатты пырағым

Хас тұғырға қондырған

«Қазақстан» Ұраным

 

Жүргізуші:Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы әнімізді,тақпақтарымызды айтайық.

Ән: «Отан-Ана»

Ендеше ортаға Балауса тобының кішкентай бүлдіршіндерін бимен қарсы алайық.

Би: «Алға Қазақстан» («Балауса»тобы)

Ойын: «Домбыра»

Рәміздерім – елдігімнің  белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Суретке назар аудартып,түсінік беру

Әнұран «Менің Қазақстаным» әні ҚР әнұраны деп жарияланды

Әнұран маңызды салттанатты жиындарда орындалады

Елтаңба-Шаңырақ Отанның символы,ал уықтар елдің мықтылығы мен беріктігін көрсетеді.

Пырақтар батырлықты,сенімділікті көрсетеді.Бес жұлдыз әлемнің барлық елімен достығын білдіреді.Елтаңбадағы көгілдір түс бейбітшіліктің,ал алтын сары түс байлықтың,молшылықтың белгісі

Қазақстан туы-Туымыздың көк түсті болу себебі көк түс әрқашан бейбітшілік,тыныштық пен жарқын болашақтың  белгісі.Яғни,аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі.Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі, бейбітшілік пен байлықтың белгісі. Астындағы қыран құс қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Ендеше Отан,туған жерге арналған тақпақтарымызды айтайық

Нұрсұлтан: Отан асыл анамыз ,

Ана сүтін ақтаймыз .

Есейгенде жігіт болып ,

Шекараны қорғаймыз!

Алуа: Туған жерім  Қазақстан!

Сен деп соғар жүрегім

Нұрлана бер, гүлдене бер ,

Осы  менің  тілегім

Сұлу: Отан деген атамекен,

Отан деген туған  жер

Отан-ана,

Отан үлкен

Қазақстан туған ел!

Шалқыма: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

Ән: «Балдырғандар»

Даяна: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды

Хақназар: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған

Халқым жетсін мұратқа,

Ей,бас қалам Астанам!

Перизат:Отан ана,Отан жерім,

Қазақстан туған ел

Отан ұран,Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді

Әлімбек:Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең даласы егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Жүргізуші: «Астанаға саяхат»

Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші:Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз. Осымен Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *