Өрт – тілсіз жау

 

МКҚК №34 «Балбұлақ» бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өрт – тілсіз жау»

 

                                                         

 

 

 

 

 

қауіпсіздік ережесіне ұйымдастырылған іс-шара

 

(Балапан, Еркемай ортаңғы топтары)

 

 

 

 

 

 

 

Иманбаева Маусымжан Жұмабайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы — 2022 жыл

«Өрт – тілсіз жау»

Мақсаты:Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От — өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от — өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі — өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

(Бейнебаян «Отпен ойнама, балақай!»)

Тақпақтар:

СафияОт жақпа, күйерсің,

Өртеніпжүрерсің.

Сіріңкеніұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

АмираОттыңісіқуырмақ,

Желдіңісісуырмақ.

Қазіржанғанжалынды,

Алып — ұшыпқуаламақ.

Тәрбиеші:Олайболса, балалар мен сендермен «Қателеспе» дегенойын

ойнағымкеледі.

Ойынның шарты: Отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.

Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.

Тәрбиеші: Балалар сендермен тағы да бір ойын ойнап, от, өрт туралы қаншалықты білетіндеріңді тексерсем деймін.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сүрақтарға жылдам жауап беру керек.

  • Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өртсөндіруші)
  • Өртсөндірушініңадамдарғақандайкөмегі бар? (оларүйдегі, ормандағыөрттердісөндіреді)
  • Олардыңжүмысықандай? (адамдарғақажет, өтеауыр, қиын)
  • Өртсөндірушілерқандай болу керек? (батыл, өжет, щапшаң, епті)
  • Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткеніөрткезіндеадамдарды, т.б. құтқарады)
  • Өртболғанкездеқандайнөмерге телефон шалу керек? (101)
  • Өртсөндірушіге телефон шалғанкездеқандаймағұлматтар берукерек? (не болғанын, мекен — жайынайту).

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ойынды тамаша ойнадыңдар. Тағы да бір ойынға кезек береместен бұрын бойымызды сергітіп алайықшы!

 

Сергіту сәті.

 

Ойын: «Болады — болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына екі түсті алыңдар. Қызыл түсті — болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал көк түсті — болатын жағдайда көтересіңдер.

 

1.Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға

2.Жанып түрған сіріңкені тастауға

3.Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға

4.Өрт шыққан жерде қалуға

5.Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға

6.Өрт кезінде есік, терезені ашуға

7.Басымызды, бет — аузымызды ылғал сүлгімен орауға…;

8.Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға

9.Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға

10.Көршілерден көмек сүрауға

11.Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға.

 

Қимылдыойын: «От пен су»

Ойынныңшарты: Балаларекітопқабөлінеді. Біріқызыл, от болыпқашады. Ал көктаққанбалалар су болыпқуалайды. Ойын 2-3 ретқайталанады.

Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт — тілсіз жау» деген, отпен аса сақ болу керек және үлкендермен бірге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек ! Осымен бсымен бүгінгі танымдық сағатымыз өз мәресіне жетті, келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *