Баланы театрландырылған қойылым арқылы ойын дамыту

Гүлнар Қуанышқали. БҚО, Казталов ауданы, Әжібай ауылы, Бірік ЖОББМ тәрбиешісі

Мағжан  Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә Мағжан Жұмабаев айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Елдің ертеңгі тірегі-балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.                                                                                                              Қазақ халқы қай уақытта  болмасын ұрпақ тәрбиесін «Ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

Соңғы  кезде балалардың сөйлеу, тіл даму проблемасы өткір мәселе болып тұр. Неге  балалар нашар сөйлейді?  Мүмкін  біз олармен сөйлесуді ұмытқандықтан болар.  Ата-ана  жұмыста.  Балаға өте аз уаықт бөлінеді. Жас жеткіншек көп уақытын ұялы телефонмен өткізеді.  Ата-аналар балалармен сөйлескенде мақал-мәтел, ертегі айтуды сирек  қолданады.

Еретегілер  дүниесіне сапар  шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті  өздері ойдан шығару қабілетін дамытады.

« Балаң  білім жолын қусын десеңіз

Бесігінде-ақ ілім шоғын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе сарыла

Уыздай ілім сүттей сіңер қанына

Сәбиінде көкірекке түйгені

Өлгенінше санасында жүреді» деп  Жүсіп Баласағұн айтқандай ата-анамен ,  ұстазға өте үлкен де жауапты міндет  жүктелген.

Бауыржан Момышұлының « Ертегісіз өскен бала-рухани  мүгедек адам» деген қанатты сөзі бар. Шынында  да  ертегі балаларды төзімділікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Баланы тәрбиелеу мен тілін дамыту ісіне байланысты  мақсаттарды   шешуде ертегілерді театрландырып ойнату маңызды рөл атқарады. Сөйлеу логикасы мен дикциясын, дыбыс артикуляциясын меңгере білуге сөйлеу құрылымын еркін айтуға бағытталады.

Өз тәжірибемде, күнделікті оқу іс-әрекетінде және одан тыс  уақыттарда  да халық ауыз әдебиеті  түрлерін  кеңінен қолданамын. Баланың сөздік қорын молайтуына  әртүрлі көрнекі құралдарды, әдістерді түрлендіре пайдаланғанды  дұрыс санаймын. Мысалы: ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін.ондағы   кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен  таныстырамын. Одан кейін әртүрлі мінез-құлқы бар кейіпкерлерді бөліп алуға және олардың біреуінің орнына өздерін қоюы туралы айтамын.

Ахмет Байтұрсыновтың «Бақа мен бұқа» ертегісін театрландырылған ойын арқылы өткізген сабағымда балаларды адамгершілікке баули отырып, көрсеқызарлық, мақтаншақтық ,көреалмаушылық, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстап ,мәдениетті қарапайым болуға тәрбиелеу.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *