«Ана» туралы өлең . Автор: Гульнуз Жетписова

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.

Талмайсың бір күйбің тірлік өмірде,
Бала әкеліп, бақыт сыйлап өмірге.
Жақсылыққа лайық жандар, әйелдер,
Ұрпақ жалғап жасай бергін, жеңілме.

  • Ұшан – теңіз тілектер көп тіл жетпес,
    Адал ниет жүректер көп кірлетпес.
    Соның бәрін саған тілеймін бір өзіңе,
    Болсын бастан өмір бойы күн кетпес.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *