3 жас пен 6 аралығындағы балаларды сенсорлық тәрбие арқылы танымдық құзыреттілігін артыру мақсатында М.Монтоссори жүйесінің технологиясын пайдалану

Балтабаева Г.С

 

Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер .

Мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды дамыуының басты негізі,өзімізге белгілі, сенсорлық даму болып табылады,ол баланың сезімдік тәрбиесінің  дамуын қалыптастырады.Сезім тәрбиесі баланың көру,есту,тану,сипау,дәм,иіс сияқты сезімдерін тәрбиелейді. Осы арқылы бала қоршаған әлемді танып біледі.Сонымен қатар заттың түрін, көлемін,зат пен заттың арасындағы арақашықтықтың қатынасын,түстерді ажырату,музыканы түсіну қабілетін,бұлшық ет сезімдерін дамытып,қалыптастыруды көздейді. Кіші жастағы балалардың бойынша айналадағы заттың ортаға бағдарлау қызметін қалыптастыруды  қарастыратын сенсорлық тәрбиенің мазмұны сол-ол тек заттың түсімен, формасымен және көлемімен таныстырып қана қою емес, сонымен бірге олардың  сөйлеу тілдерін талдау, логикалық қабілетін жетілдіру, қол  саусақтарының қимылдарын және бұлшық ет сезімдерін дамытады.Олардың даму деңгейіне және қабілетіне қарай берілген  тапсырмаларды  жеңілдетіп және күрделендіріп беруге болады.Ұсынылып отырған ойын түрлері заттармен ойланып жұмыс істеуге бақытталған.Осындағы берілген анықтамалар балалардың интеллектуалды дамуына, қоршаған ортаны  толық тануына, тілдің дамуына,қол қимылын  жақсы қалыптастыруына көмектеседі.Педагог  бұл  арқылы балалардың ойынының қызықты әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік алады.Ойын құрылысының ерекшілігі оларды оқытудың түрлі кезеңдерінде пайдалану мүмкіндігіне ие. Баладардың үйренуге деген,сабаққа деген қызығушылығын жоғалтпас үшін оларды түрлі ойын тапсырмалармен,әдістермен түрлендіру қажет.  

Дидактикалық ойын сәбилер тобындағы баларға тән оқу формасы болып табылады. Оның негізі – ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру арқылы көп нәрсеге үйрететін халық педагогикасында жатыр . Дидактикалық ойында ойын әрекетіне тән құрылымдарының барлығы да бар. Дидактикалық ойынның оқыту сипаты , оның мазмұны балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталған . Дидактикалық ойынның маңызы – балалардың дербестігін және сөйлеу белсенділігін дамытатындығында.Бөбектер тобындағы балалар ойындарындағы ойын әрекеттері оған қатысушылардың бәрі үшін бірдей . Мысалы, «Допты қақпаға домалат» ойынында дидактикалық міндет – балаларды қимыл икемділігіне үйрету, кеңістікті бағдарлауын дамыту болып табылады. Балалардың міндеті – белгілі қашықтықтан допты қақпаға кіргізу . Балалар ойын үстінде ойыншықтармен , заттармен, материалдармен ойнай отырып, оларды қайта жинауға , орнын ауыстыруға, құрамдас бөліктерге бөлуге, алмалы-салмалы ойыншықтарды қайтадан құрастыруға мүмкіндік алады.

Ойынның түрлері:

Құрастыру ойыншықтарымен ойналатын ойындар.

«Сандықтарды жина » ойыны .

Әр түрлі көлемдегі сақиналардан мысықты құрастыру

«Мұнараны дұрыс жина » ойыны

 «Қазанның қақпағын дұрыс жап» ойыны .

«Кәрзеңке» ойыны .

Ақыл-ой қабілетінің мүмкіндіктері бұрыңғыға қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Балалар заттың сыртқы келбетін ғана түсіндіріп қоймай, оның ішкі қарым- қатынасына да сипаттама бере алады. Мектепке дейінгі кезде баланың бастапқы қарым- қатынас, өз ойын қорытындылау, абстракция қабілеттері қалыптаса бастайды. Баланың осындай танымдылық қабілеттері түсіністік бойынша емес, қызмет барысында затты, объектті тану, көрнекілік нысанда пайда болады. Тану- тәжірибелік қызметінің барысында, пайда болған жағдайда баланың ойлау, қорытындылау, өзіндік шешім қабылдау, сараптама жасау мінезіне тән қабілеттер дамиды. Педагог баланың алдына мәселе қояды, бірақ оның шешу әдісін бала өзіндік іздейді.Мәселе қою, оны зерттеудің әдісін іздеуді балалар өзіндік жүргізеді, біздің ойымызша қойылған деңгейлер баланың өзіндік қабілеттерін жоғарылатады. Нәтижесінде сабақта балалардың жас  ерекшеліктеріне қарай М.Монтоссори жүйесі бойынша әртүрлі салалары еңгізілді.М.Монтоссори жүйесін қолдану кезінде балалардың қызығушылықтары артты.

М.Монтоссори жүйесін қолдану кезінде балалардың тілдерін ширату үшін, қаламақтар, санамақтар ойынға шақыру жырлары арқылы дамиды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *