Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы 150 жаста

Ұлт ұстазы, ағартушы, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, Алаш Орда өкіметінің мүшесі, қазақ халқын модернизмге жетелеуші – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығына сәйкес биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы жалпы ұлттық деңгейде аталып өтуде. 2021 жылы 23-і қарашада UNESCO бас конференциясында Алаш қозғалысының рухани көсемі, біртуар тілші, лингвист ғалым, ұлттық ғылымның негізін қалаған тұлғаның 150 жылдық мерейтойын атап өту жөнінде арнайы шешім қабылданған болатын. Бұл шешім түркі руханиятына, білімі мен ғылымына көрсетілген аса үлкен құрмет деп бағалауға болады.
Ұлт ұстазының мерейтойына орай, 2022 жылдың 28-қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған Ұлт ұстазының тағылымдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шараға ҚазҰУ-дың тарих факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы, шет елдік қонақтар мен білімгерлері қатысты.
Кіріспе сөзді ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының тарихи рөлін және Алаш өкіметінің ұлт тағдырына әсер еткен шешімдері туралы сөз қозғап, өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығын түсінідіріп өтті.
Дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Х. Әбжанов сөз алып, «Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге хаты» атты баяндамасын таныстырды. Профессор өз баяндамасында бұл хаттың бұрын соңды кітаптарда жарияланбағанын, сол кезеңнің тарихын зерттеуде әдістемелік нұсқаулық бола алатындығын айтты.
Дөңгелек үстелге шақырылған құрметті қонақтардың қатарында Хаджеттепе университетінің (Түркия) профессорлары Мехмед Дервиш Клынычкая және Сейфы Иылдырым болып, «Ахмет Байтұрсынұлының Қазақстанда жаңа ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуына әсері», «Түркия мемлекетіндегі Алаш Орда және Ахмет Байтұрсынов тақырыбына қатысты зерттеулерге шолу» тақырыптарында баяндама жасады.
Дөңгелек үстелді т.ғ.к., профессор, тарих факульетінің деканы Д.С. Байгунаков қорытындылап, біздің алдымызда А. Байтұрсынұлындай ел болашағын сеніп тапсыратын, төл мәдениетін қадірлейтін, естияр ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұрғанын айтып, дөңгелек үстелге қатысқан құрметті қонақтарға, білім алушы жастарға алғысын білдірді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Профессор м.а Қозғамбаева Г.Б.

Тарих факультетінің 1 курс магистранты Амангелді Қ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *