Басқару психологиясы

 Басқару психологиясы

      Еліміздегі шоқтығы биік оқу ордаларының бірі әрі бірегейі, білікті мамандар ордасы, жоғары оқу орныннан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті өзінің 88 жылдық ғұмыр жолында 180 сала бойынша бәсекеге қабілетті мамандар дайындап бүгінде ауқымды жетістіктерге жетіп отыр. Алғаш рет Қазақстандық университет – ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде 16 орынға алға шықты. «Times Higher Education» беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша  Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына еніп, оған қоса «Academic Ranking of World Universities-European Standard» атты беделді еуропалық рейтингісі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көшбасшы болды. Жоғары оқу орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингінің 150-тобына енген жалғыз университет екені бәрімізге мәлім.

      Қазақ Ұлттық  университетінде жаңа формациядағы білім ордасын құру мақсатында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің ізгілікті қала туралы ілімі негізі болып табылатын «Al-Farabi university – smart city» жобасы іске асуда. «Smart city» – стратегиясының басты  мақсаты жаңа технологияларды жиі қолдану арқылы мұғалімдер мен студенттердің цифрлық мәдениетін өзгерту. 2014 жылдан бері бұл жоба өз нәтижесін көрсетуде. Айтып өтер болсақ, ҚазҰУ-дың IT мамандары әзірлеген «Универ 2.0» бағдарламалық кешені Қазақстан Ресаубликасының ірі университеттеріне енгізілген және Майкрософт компаниясы тарапыннан жоғары бағаланып отыр. Сонымен қатар 3,5 миллиондық кітап қоры бар цифрлық кітапханада Әл-Фарабиге байланысты барлық кітаптар, диссертациялармен авторефераттар және барлық оқулықтар толық цифрлық форматқа өткен.

      Тарих факультетінде қазіргі таңда үш кафедра: Қазақстан тарихы, археология, этнология және музеология, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедралары жұмыс істейді. Кафедраларда 125-ке жуық профессор-оқытушылар құрамы 800-ге жуық студент, магистранттар және докторанттарға заманауи талаптарға сай білім беру бағдарламалары бойынша білім беруде. Тарих факультеті шетелдік жоғары оқу орындарымен білім алмасуға мүмкіндік береді, қазіргі таңда 20-дан аса ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық қарым- қатынастар орнатылған.

      Басқару психологиясы студенттер үшін несімен пайдалы?

      Кез келген жеке тұлға ең алдымен өзін басқара білуі керек. Өзінің жан дүниесін, алдына қойылған мақсат пен арманның құнын түсініп, соған талпына білу керек. Қажет болған жағдайда сабыр сақтап, ең қиын ситуацияның өзінде бірқалыптылығын жоғалтпай, өзін басқара алуы қажет.

       Менеджмент психологиясы – бұл көшбасшылыққа, командалық және билікті жүзеге асыруға және олардың жұмысшыларға, климатқа, өнімділікке, кірістілікке және жаһандық ұйымдық мінез-құлыққа әсері туралы қолданылатын психологиялық білім, бұл сала сонымен қатар жұмысшылардың өнімділігін арттыру үшін басқарушылық дағдыларды бағалау мен дамытуды қамтиды.

      Басқару психологиясының негізгі міндеті – басшының өзінің және ол басқаратын кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен сипаттамаларын талдау және пайдалану болып табылады. Сонымен қоса бұл пән студенттердің бойындағы лидерлік қасиеттерін ашуға көмектеседі.

      Лидер болу үшін не керек? Ең бастысы, бұл көбінде жоқ жеке биік мәнсапты орынды иеленуге тілек соған сәйкес міндеттерді, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындығы. Танымал лидер магиялық білік сияқты қажетті уақытта, кажетті жерге пайада бола біледі деп есептелген. Бұндай қасиет аспаннан түспейді, бірақ белгілі бір мағынада бұл Құдайдың берген таланты. Бірақ талант еңбексіз ешнәрсеге  жарамсыз.  Сондықтан лидер ешқандай тосқауылдарға қарамастан алға өз мақсатына жетуге тырысуы керек.

      Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың  жақсы білімдеріне,  өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс — әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне  негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми, ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып,  өзінің компромисске баратынын көрсетеді.  Бірақ, лидер билігінің ең негізгі көрінісі оның адамдарды  басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.

      Жалпылама айтқанда басқару психологиясы сабағы жетекшілік қасиеттерінің шындалуына көмектеседі, тек үйретіп қана қоймай адам жанының психологиясын ашуға көмектеседі. Лидерстволық қасиеттерді шыңдайды. Тұлға өз бойындағы кейбір қасиеттерді дұрыс аша алмауы мүмкін. Басқару психологиясы сабағында әр студенттің сол бір қырларын ашуға мүмкіндігі бар.

Тленчиева Н.С

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жаксибаева Д.Б, Қарпықова Т.Қ

1-курс магистранттары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *