«Этномәдениет» оқу әдістемелік элективті курсын оқытудың нәтижесі

 

                                                                «Этномәдениет»

оқу әдістемелік элективті курсы

 

  1. «Этномәдениет» оқу әдістемелік элективті курсының авторы-

Болганбаева Лаззат Муратбековна.

  1. Жұмыстың атауы-элективті курс
  2. Тақырып атауы- «Этномәдениет» 6-7 сыныптарға
  3. Элективті курсты оқытудың мақсаты:

Элективті курсын оқыту нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

Бұл пәнді оқып, білуде  оқушылар төменгі сыныптарда алған білімдерін тереңдете жалғастырады. Ұстаз жұмысты жүйелі және жоспарлы түрде ұқыпты және тиянақты түрде ұйымдастырған. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрған.

Элективті курс нәтижесінде оқушылар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады. Элективті  курсы  барысында  оқушыларға    қосымша сабақ беру  арқылы  қазақ  халқының  мәдениетіне, қазақтың  ұлттық  әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне  сүйіспеншілігін  арттыру арқылы  оқушылардың зияткерлік, коммуникативтік, зерттеу әдістері мен танымы, шығармашылық қабілеттері  қалыптасады.

 

Этномәдениет пәнін оқу негізі-халық тәрбиесі әрбір халықтың ой-арманымен, тіршілік-тынысымен, шаруашылық кәсібі мен, қоғамдық ұлттық дәстүрі мен тығыз байланыса туып, қалыптасқан тарихи қазынасы, мәдени мұрасы. Мәдинет тарихының өзекті бір мәселесі ұрпақ тәрбиелеу. Кейінгі ұрпаққа рухани мұра қалдыру, сол рухани мұраның асылдарын жастардың бойына дарытып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру-аға буынның азаматтық борышы.Мәдени мұра неғұрлым бай, әрі  алуан түрлі болса бұрынғы мен кәзіргі жарасымды жалғасып жатса өмірінің мән мағынасы соғырлым терең, мұрат айқын, парасаты берік болмақ.Сондықтан этномәдинет пәнін оқытудын маңызы зор. Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда өмірдің барлық саласына жаңа құрылыммен енген кезде мектепте тәрбие мен білім беру әдістері де сапа жағынан биік деңгейге көтеріліп, тәжірибеге батыл енуде.

Мәдениеттану ғылыми  қоғамның дамуымен өте тығыз байланысты сала.Себебі бұл пәнді оқыту әлем  мәдениетін үйрене отырып,өзінің  ұлттық мәдениетін  дамытып,заманауи өркениетке қол жеткізеді. Қ.Р. жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған,және жоғары сынып оқушылары болашақ маман ретінде мәдениетті,ұлттық мәдениетті салт-дәстүрді меңгерген жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін мәселелер қарастырылған. Бұл пәнді оқып,білуде  оқушылар төменгі сыныптарда алған білімдерін тереңдете жалғастырады.

Сондықтан мәдени мұра ілімінің теориялық қағидалары ұлттық мәдениет пен өркениет үлгілерінің тарихы тұрғысынан қарастырылады.

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

«Жангелдин ауданы білім бөлімінің

 «Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі»

КММ-ның тарих және құқық пәнінің мұғалімі

Болганбаева Лаззат Муратбековна

                                                    

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *