«Жоқ! — деп айтуды үйрен» үндеуі

Құрметті азат елдің жүрегі, Отан деп соғатын жалынды жастары! Бәріміз білетіндей  елімізді ата-бабамыз осы күнге дейін қасық қаны қалғанша қорғап келді. Осындай елдің болашағы жастар. Сол үшін де жастар келешек кепілі болу үшін жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау керек. Сен және  сенің досың қазіргі кезде немен айналысып жүр, міне сол маңызды. Бос уақытыңды тиімді пайдаланып, қажет емес істер мен әдеттерге уақыт құрту , өз өміріңе балта шабумен тең. Әрбір адам өз ісіне есеп берсе, өмір сүру қағидатында еш ұтылмасы хақ. Міне, осы өмір заңдылығын қатаң сақтап, спорт пен кітап оқу немесе өзі  сүйетін іспен айналысу қандай керемет. Жаныңдағы досың мен  араласатын ортаң сені сыйлап үлгі тұтса адам үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын. Есірткі мен темекі , ішімдік пен зиянды нарко қоспасы бар сусын немесе  электронды темекі  бұлардың барлығы да адам ағзасына түлкідей күліп кіріп, жыландай баурап сіңіп алары анық. Жаман әдет жұқпалы ауру секілді. Тез жұғып, бойға тез сіңеді. Ал енді достар менің айтайын деген ойым  «Жоқ – деп айтуды үйрен» үндеуі.  Бүгінгі таңда мен қазіргі жастарға «Жоқ!- деп айтуды уйрен» деген үндеуді  жолдаудағы  мақсатым: сен және мен есірткі және есірткі сату қылмысынан бойымызды аулақ ұстау арқылы Әділетті Қазақстанға , Жаңа болашаққа  бірге  барайық!   Сіз өзіңіздің немесе жаныңыздағы досыңыздың нашақорлық пен  уытқұмарлыққа   әуестенгенін  немесе басқа бір адамның сол жолға шақырғанын көрсеңіз «Жоқ!» деп айтуыңыз керек . Сіз егер дәл сол жолды таңдасаңыз сіз түтінге толы уланған болашағы бұғатталған, кесірлі апаттарға толы өмір күтіп тұр. Таңдау өзіңізде, ал егер екінші жолды таңдасаңыз сізді гүлденген керемет болашағы жарқын, білімге толы мақсаттары айқын жол күтіп тұр. Мен сіздерді сол үшінде  бүгіннен бастап «Жоқ! — деп айтуды үйреніп»  мәңгілік елдің  тұтқасын  бірге қалайық деген үндеумен  сіздерді өзім таңдаған болашақтың  кемел ұрпағы болуға шакырамын. Есірткісіз қоғам құру мақсатымен өмір сүру Қазақстандағы әрбір жастың алдында тұрған маңызды міндеті болу керек.

Қазағым ,-деп ұрандатқан «Алаш» елінің ұрпағы!

«Оян,Қазақ» ,деп  үн қатқан Міржақыптың тұмары!

«Жас Қазақ» деп үн қатқан Сәкендердің тұяғы,жас жеткіншектер , Нашақорлықтан аулақ болайық!

Туған ел,өскен жерімізді  есірткіден қорғайтын ұлан болайық!

Талай қан майданда жеңіліс тауып көрмеген,жігері мұқалмаған мұзбалақ елдің жастары, адам деген ардақты есімге ілесіп жүретін «адамгершілік» деген сөз бар.

Жас достар, адамгершілігімізді жоғалтпай нашақорлықтан аулақ болайық!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *