Математика негіздері. «Геометриялық пішіндер».

Атырау облысы.Исатай ауданы. Жамбыл бастауыш мектебі.

Қасанғалиева Айгүл Қинешқызы.

Білім беру саласы: Таным
ҰОҚ : Математика негіздері.

Құрастыру

ҰОҚ мақсаты Геометриялық пішіндерді таниды, атайды.

Заттарды ортақ белгілері арқылы топтастыра алады. .

Әдіс- тәсілдері: Жұмбақтар жасыру, 4К моделі, топтасу, ойындар,сергіту сәті, құрастыру,  кері байланыс, бағалау, рефлексия.
Күтілетін нәтиже: Геометриялық фигураларды сипаттайды және салыстырады.

Әрекеттердің көмегімен  түрлі мәселелерді шешудің әдістерін табады.

Ұжымдық құрастыру біліктері қалыптасады.

Жоспар:
Сабақтың басы:

Қызығушылықты ояту:

2 минут

Геометриялық пішіндер туралы жұмбақтар жасыру, әрбір дұрыс жауапқа балалар жасырылған геометриялық пішінді алып, үстел үстіне қояды.

1.Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар? (Дөңгелек).

2. Атына сай балалар,

Үш бұрыш,үш жағы бар.

Ол қандай пішін,кім табар? (Үшбұрыш).

3.Төрт қабырғасы,

Төрт бұрышы бар.

Ол қандай пішін,балалар? (Төртбұрыш).

4. Ұзартылған домалақ,

Соңы жоқ,басы жоқ.

Мен жұмыртқа,

Мен айнамын. (Сопақша).

Балалар, жұмбақтар не туралы? (Геометриялық пішіндер туралы)

(Балаларды бағалау.)

Дұрыс!

— Бүгінгі оқу қызметіміздің  тақырыбы  не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? (Геометриялық пішіндер).

Топтарға бөлу.

Балалар, геометриялық пішіндерді қандай белгілеріне байланысты бөлуге болады?

Екі топқа бөлуімізге болады: Дөңгелек және сопақша – бұрыштары жоқ; төртбұрыш және үшбұрыш – бұрыштары бар.

Пішіндерді екі топқа бөлеміз, енді кімде дөңгелек пен сопақша болса, олар – «Бауырсақ» тобы, ал кімде төртбұрыш пен үшбұрыш болса, олар  – «Құлпынай» тобы.

Балалар топтарға бөлініп отырады.

10 минут

 

Заттарды  топтастыруға арналған тапсырмалар.

 «Сиқырлы көзілдірік» ойыны.

Бір баланы шақырып көзілдірік кигізіп,пішін туралы айту.

— Сіздер үшбұрыш туралы не айта аласыздар?, тіктөртбұрыш туралы, төртбұрыш туралы?, дөңгелек туралы?

— Бұл пішіндердің тағы қандай ерекшеліктері бар? (түсі және көлемі)

— Тағы қандай ерекшеліктері бойынша топтастыруға болады?

— Бұл пішіндерден не құрастыруға болады?

Балаларды (Отшашу арқылы бағалау).

Топтық жұмыс:

1-топ:

— Пішіндерді көлемі бойынша топтастыр.

Тәрбиеші үлгі көрсетеді. Өзін-өзі бағалау

— Геометриялық пішіндерден құрастырып заттар жасаңыздар.

2-топ:

— Пішіндерді түсі бойынша топтастыр.

Тәрбиеші үлгі көрсетеді. Өзін-өзі бағалау

— Геометриялық пішіндерден құрастырып заттар жасаңыздар.

Қорытынды шығару:

— Пшіндерді топтастырғанда неге мән бердіңіздер?

— Сіздерге не қиын болды?

— Ал тағы қандай заттар құрастырып жасауға болар еді?

Кері байланыс:

— Не ұнады?

— Тағы не қосар едіңдер?

Сергіту сәті:   «Көңілді пішіндер»  (музыкалық қимылмен)

Ал,балалар,тұрайық,

Қолдан шеңбер құрайық.

Дөңгелектей дөңгелеп,

Шыр айналып алайық.

Қолды аспанға созайық,

Түзу болып тұрайық.

Бір-біріне қосқанда,

Үшбұрышты құрайық.

1-топ. Ойын: «Сиқырлы пішіндер» ( көлік құрастыру).

2-топ. Ойын: «Менің қиялымдағы үй» (үй құрастыру).

Топтардың қорғауы.

Бір-бірін бағалауы.

Қимылды ойын: «Пішіндерді сәйкестендіру».

6 минут Заттарды бірнеше бірдей бөліктерге бөлу

1-      Топ: дөңгелек

2-      Топ: төртбұрыш

Тапсырма:

— Бұл пішіндерді бірдей  2 бөлікке бөлу үшін не істеуге болады, ойланыңыздаршы?

Талқылау 1 минут.

— Бұл бөліктерді қалай таптыңыздар? Не істеуге бөлады? (бүгу арқылы)

— Бір бөлігін қызылға бояңыздар

— Сіздерде не пайда болды? (жарты шар, тік төртбұрыш)

— Пішінді 4 бөлікке бөліңіз

— Не пайда болды? (төртбұрыш, ¼ дөңгелек)

Топтарды тыңдаймыз.

Қорытынды бөлім:

2 минут

Рефлексия:

«Алатау « ойыны.

Сұрақтар:

1.      Бүгінгі оқу қызметімізде не туралы таныстық?(Геометриялық пішіндерді тауға жапсыру).

2.      Геометриялық пішіндерге нелер ұқсайды? (Суреттерін тауға жапсыру).

3.      Үш бұрыш пен төртбұрыштан не құрауға болады? (Үйдің суретін тауға жапсыру).

4.      Бүгінгі оқу қызметімізді қалай бағалайсыңдар? (Смайликтерді тауға жапсыру).

Мадақтау: Күн сыйлау.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *