Бақытжан Қаратаевтың большевиктік “Орал” газетіндегі “Ашық хаты”: тарихи сипаты мен мәні
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті,1-курс студенті
Нұрғалиқызы Жібек
“Орал” газеті-1907 жылдың 4 қаңтарынан 27 сәуіріне дейін Орынбор қаласында жарық көріп тұрды. Редакторы Хусайн Ямашев болды. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді.31-нөмері шыққан кезде патша үкіметі тиым салды.
Газет,ислам дініне қарсы атеистік көзқарас танытқан болатын.Мысалы,басылым өзінің 3-нөмерінде былай деп жазды: ”Россиялық мұсылмандар дүние жүзіндегі барлық ұлттар сияқты қай дінде екендігіне,қай ұлтқа жататындығына қарамастан топқа бөлінеді.Мұсылмандар арсында помещиктер де,капиталисттер де бар.Сондай-ақ,диқандар мен өзінің күшін жалға беретін жұмысшылар бар.Экономикалық мүдделері бар адамдар бір тап болып есептеледі.Ол өзінің күшін жалға беретін жұмысшының мүддесі оның күшін пайдаланатын қожайынның мүддесінен мүлдем басқаша болады ”.
Еңбекшілерді осылай саналыққа тәрбиелеуге ұмтылған газет саяси бостандыққа және 8 сағаттық жұмыс күніне жету үшін,жер алу үшін барлық ұлттардың еңбекшілері самодержавиеге қарсы бірлесе күресуі керектігін ұран етіп көтерді.Оның бетінде қазақ еңбекшілерінің орыс халқына жолдаған “Ашық хаты” басылды.Хатқа “Қырғызды уполномочныйың деп қол қойған.Профессор Б.Кенжебаев мұны жазған Бақытжан Қаратаев болуы мүмкін деген болжам айтады.Бұған себеп “Ашық хат” жарияланғаннан кейін,яғни Думаның 1907 жылғы маусым айында өткен мәжілісінде Б.Қаратаев сөз сөйлеген.Ондағы айтылғандардың мазмұны “Ашық хатпен” үндес келеді.
Дума жиналысында Б.Қаратаев 10 минуттай сөйлеп,10 минут ішінде барлық мәселелерді қозғап,сыйдыра білді.Б.Қаратаевты осы негізде халық үшін жайдың атқан тасындай екені көрініп тұр.Біз білетіндей,сол заманда шындықты айта білу-бұл ержүректікпен тән болатын.Б.Қаратаевтың жібі түзу адам екенін және қазақ халқына адал заңгер екенін дәлелдеген десем де болады.
«Ашық хаттың» басты мақсаты:
1) ұлы державалық-большевиктік орыстандыру саясатына тосқауыл қойып, үлттық экономикалық-мәдени даму жолын таңдау;
2) қазақ жерінің бөлшектеніп кетуіне жол бермеу;
3) қазақ ұлтының автономиялық дербестігін нығайту, қазақтың тарихи шекарасын қалпына келтіру, біртутас мемлекет ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) қазақ автономиясы негізінде мемлекеттік басқару жүйесін күшейту;
5) әрбір қызметкердің азаматтық-отаншылдық сезімін оятып, қазақ елінің іргетасын қалауға белсене ат салысуға шақыру еді.
«Ашық хатта » патша чиновнкитерінің қазақ еңбекшілерін ежелгі атамекендерінен қуып,жерлерін тартып алғаны туралы мәселе қозғалған.”Біз жоғарыда жазылған сөздерді орыс халқына дұшпандықпен айтып отырғанымыз жоқ.Орыс халқы бізге дұшпан емес.Біздің бәріміздің дұшпанымыз бір,ол әуелден самодержавное правительство дүр” деп жазылып,жер мәселесін әр халықтың мүддесіне сай шешуді талап еткен және Думаның олай шеше алмайтынын,патша үкіметі жойылмай,жер мәселесінің халық талабына сай шешілмейтінін ашық айтқан.
Сонымен қатар, «Ашық хатта» құтты мекенді қоныс аударушылардың иелегіне беріп қоймау үшін Ресей халқы мен мемлекеттің назарын аударды. Патша өкіметі өз уақытында халықты «көші-қон халық» деп есептеген. Қаратаев халықтың көшпелілері де, отырықшылары да бар екенін, солтүстігінің құнарлылығынан егін егіп, кірпіштен үйлерін тұрғызып, өз жерлерінде жайлы тұрып жатқандығын сөз етеді..
Қорытындылай келе, Ашына жазылған «Ашық хат» «Орал» газетінің жабылуына себеп болған дүниенің бірі болса да, әділдік пен шындықтың туын биіктете білді. Қазақстанның азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін ақылын, ерік-жігерін аямай, бар өмірін сарп еткен мемлекет қайраткерлерінің алдыңғы сапында әрқашанда Бақытжан Бисәліұлы Қаратаевтың есімі аталып, оның жарқын бейнесі халықтың есінде сақталмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қ.Аллаберген , Ж.Нұсқабайұлы , Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 жж.)-Алматы: Білім, 2010.-308 бет
- Қ.Бекхожин “Қазақ баспасөзінің даму жолдары”