Шытырманда

Бұл сабақ жоспары 11 жаратылыстану- математикалық бағыттағы қазақ әдебиеті пәніне арналған. Сабақ «Апгрейд» технологиясы арқылы жасалған.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

_______ «Алмалыбақ ауылындағы ОМГ»_______________

(білім беру ұйымының атауы) 

         

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

 

Бөлім: 2-бөлім: Ғасырлық туынды
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты: Есеналиева Гульсим Серикжановна
Күні:
Сынып: 11Т1 Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Шытырманда
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 11.1.4.1-көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
Сабақтың мақсаты: көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдануды біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

АПГРЕЙД

«Отыр- тұр» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасайды.

 

Оқушылар әдісті жарыса отырып орындайды. Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Жаңа сабаққа кіріспе

 

 (Ұ) «Миға шабуыл»

«Тайм робин раунд» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Оқушыларға өткен сабақты еске түсіру үшін пікірлесуді ұсынады.

Оқушылар 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Абай Құнанбаев туралы басқа қандай романдарды білеміз?

 

Қазіргі таңда қыздар қалай ұзатылады?

 

Күйеу жігіттің жоралғылары қандай болады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.
Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Қанатты сөз, дәйексөз дегеніміз туралы түсіндіріп өтемін.

Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3 – 4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді. Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» десе де болады.

1-тапсырма. Шытырманда бөлімінен қанатты сөздер немесе мақал мәтелдер бар?

2-тапсырма.  Алған қанатты сөзді пайдаланып,  бірінші қатар кейіпкерге хат, екінші қатар эссе, үшінші қатарға әңгіме жаздырады. Уақыт 25 минут.

Тапсырмадан соң кері байланыс береді.

Оқушылар бөлімнен қанатты сөздерді іздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар алған қанатты сөзді пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс орындайды.

Бағалау: көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдануды біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:   

қанатты сөздерді теріп жазады.

 

 

 

Дескриптор:   

-Эссе құрылымын сақтап жазады;

Әңгімеде кемінде екі кейіпкерді қолданады;

Хаттың құрылымын сақтайды;

Шығармашылық жұмыстың ішінде қанатты сөзді қолданады.

Жұмыс дәптерлері

Абай жолы романы

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

 

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:  — бүгінгі сабақта мен….түсіндім, …білдім, ….көзімді жеткіздім.

— бүгін сабақта қуантқаны…..

— мен өзімді…..үшін мақтар едім.

— маған ерекше ұнағаны…..

— сабақтан соң маған……..келді

— бүгін маған……….сәті түсті.

— қызықты болғаны…..

— ……қиындық тудырды.

— менің түсінгенім…..

— енді мен……аламын.

Мұғалім оқушыларды  «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

 

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *