Кәсіби журналисттің шеберлігі!
Журналисттердің кәсіби шеберлігі және этикалық принциптері мен нормалары қатарына іздену, сапалы дәлелдермен дәйектер, нақты фактылар, профессионалық, тапқырлық, идеяға толы материалдар жазу, тақырыпты толықтай аша алу, өз саласының лидері болу.
Ал қазіргі журналисттер осы критерийлермен нормаларға сай ма?
Журналисттер — билік пен бұқара арасындағы жаңалық жаршысы, төртінші билік өкілдері, шығармашыл тұлғалар. Ақпаратты халыққа тез әрі бірінші болып жеткізу ол журналисттің ең басты міндеті. Кәсіби журналисттің шеберлігі дегенімізде осы, біріншіден ол мақаласын нақты дәлелдерге, фактырларға сүйене отырып жазу, іздену, тереңірек ақпарат бере алу. Екіншіден журналисттің мақаласы тақырыбымен халықты қызықтырып, мақаланы оқуға деген қызығушылығын арттыра алу керек. Үшіншіден жоғарыда айтқандай ең бірінші болу, яғни ақпарат таратуда болсын мақала жазуда болсын ондағы түпкі идеяны журналисттің бірінші болып жеткізуі.
Қазіргі таңда кейбір журналисттер ақпаратты толық зерттемей, тек болжамдармен халыққа ұсынады немесе ақпараттағы түпкі ойды толық аша алмайды осыдан ақпаратты түсінбеу, ақпаратты қабылдай алмау туындайды. Тақырып қояр кезде де мазмұнынан ауытқып кетіп жатады. Қоғамда болып жатқан бір өзекті мәселені алып соның төңірегінде барлығы бір ойды хабарлайды. Бір жаңалық барлық арналарда қайталанып талқылана береді. Журналист тек экономика саласында ғана емес бизнесте, саясатта, ғылымда, құқықта, денсалулық сақтау саласында да және тағыда басқа салада да жанжақты бола алу керек бұл журналистке қойылатын талап.
Үнемі ізденіс пен жанжақтылықты талап ететін бұл саланың қызметкерлері өздеріне қойылған талаптар үдесінен шыға алады деген ойдамын.
Карибай Жаннұр, 2-курс.