Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу

 

Математика    Уақыты: Кабинет: Мұғалім:Темирбаева Ж.Т.
Сабақтың тақырыбы Толық ондықтар мен жүздіктерді  көбейту және бөлу
Сілтеме Математика   оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

білімділік: кестеден тыс көбейту амалда-рымен таныстыру; есептеу дағдыларын жетілдіру.

дамытушылық: байқағыштық зейіндерін арттыру. Ізденушілік, логикалық ойлауды дамыту.

тәрбиелік: өсімдіктерді күте білуге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, логикалық  (дәлелдеу), көрнекі-лік, ізденушілік

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:  жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке дара

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Екі топқа бөліп отырғызу , топ аттарын таныстырады.

1топ- «Қосынды»  тобы

2топ- «Айырма» тобы.

Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

 

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Қызығушылықты ояту

 

1-топ

3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз.
Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2854106 шығады.
2-топ

Он — оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: — Қанша асық ұттың? – дейді. Ол:
— Онша көп ұтқыза коймаппын, сегіз асығым қалыпты, — дейді.
– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
– Ең көп асық ұтылғаны мен болдым, — дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан соң кімде неше асық қалды?
Жауабы: 2 бала 10 – 2 =8 асық: 3 бала 10+8=18 асық; 1 бала 30 — 8 — 18=4 асық

Жаңа сабақ Жаңа тақырыпты түсіндіру   

20 4 = 20+20+20+20 =80 немесе

20 .4 =2 онд. . 4 = 8 онд. = 80

—  Қайсысын есептеуге тиімді?

4  . 20 = 4 . 2 онд. =8 онд.= 80

200 . 4  = 2 жүзд. . 4 = 800 жүзд.=800

80: 4 = 8 онд.: 4=2 онд. = 20

. 200 = 4 . 2 жүзд.= 8 жүзд.= 800

80: 20 =8 онд. : 2 онд.= 4 онд. =40

800: 4 = 8 жүзд. : 4 = 2 жүзд. =200

800: 200 = 8 жүзд. : 2 жүзд. =4 жүзд. =400

Оқулықпен жұмысы. Тапсырмаларды топтарға бөліп тастау.

1-топ №1,2

2-топ №3,4

№5 тақтада орындалады

Сергіту сәті Бір топ бала

Бір топ бала тоғаннан

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды,

Тиді әркімге үш балық.

Ой толғаныс Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік,не білдік?

-Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы №69-бетте Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *