Кәсіби журналистің шеберлігі!
Журналистердің кәсіби шеберлігі және этикалық принциптері мен нормалары қатарына іздену, сапалы дәлелдер мен дәйектер, нақты фактылар, профессионалдық, тапқырлық, идеяға толы материалдар жазу, тақырыпты толықтай аша алу, өз саласының лидері болу.
Ал қазіргі журналистер осы критерийлер мен нормаларға сай ма?
Журналистер — билік пен бұқара арасындағы жаңалық жаршысы, төртінші билік өкілдері, шығармашыл тұлғалар. Ақпаратты халыққа тез әрі бірінші болып жеткізу ол журналистің ең басты міндеті. Кәсіби журналистің шеберлігі дегенімізде осы. Біріншіден, ол мақаласын нақты дәлелдерге, фактырларға сүйене отырып жазу, іздену, тереңірек ақпарат бере алуы керек. Екіншіден, журналистің мақаласы тақырыбымен халықты қызықтырып, мақаланы оқуға деген қызығушылығын арттыра алу керек. Үшіншіден, жоғарыда айтқандай ең бірінші болу, яғни ақпарат таратуда болсын мақала жазуда болсын ондағы түпкі идеяны журналистің бірінші болып жеткізуі.
Қазіргі таңда кейбір журналистер ақпаратты толық зерттемей, тек болжамдармен халыққа ұсынады немесе ақпараттағы түпкі ойды толық аша алмайды осыдан ақпаратты түсінбеу, ақпаратты қабылдай алмау туындайды. Тақырып қояр кезде де мазмұнынан ауытқып кетіп жатады. Қоғамда болып жатқан бір өзекті мәселені алып соның төңірегінде барлығы бір ойды хабарлайды. Бір жаңалық барлық арналарда қайталанып талқылана береді. Журналист тек экономика саласында ғана емес бизнесте, саясатта, ғылымда, құқықта, денсалулық сақтау саласында да және тағыда басқа салаларда да жанжақты бола алу керек. Бұл журналистке қойылатын талап.
Үнемі ізденіс пен жанжақтылықты талап ететін бұл саланың қызметкерлері өздеріне қойылған талаптар үдесінен шыға алады деген ойдамын.
Карибай Жаннұр, 2-курс.