Кәсіби журналистің шеберлігі

Кәрібай Жаннұр,

Журналистика факультетінің

2-курс студенті

   Журналистердің кәсіби шеберлігі, этикалық принциптері мен нормалары қатарына іздену, сапалы дәлелдәйектер, нақты факты, кәсібилік, тапқырлық, идеяға толы материал жазу, тақырыпты толықтай аша алу, өз саласының лидері болу.

   Ал қазіргі журналистер осы критерийлер мен нормаларға сай ма?

   Журналист – билік пен бұқара арасындағы жаңалық жаршысы, төртінші билік өкілдері, шығармашыл тұлға. Ақпаратты халыққа тез әрі бірінші болып жеткізу ол журналистің ең басты міндеті. Кәсіби журналистің шеберлігі дегеніміз де осы. Біріншіден, мақаласын нақты дәлелге, фактіге сүйене отырып жазу, іздену, тереңірек ақпарат бере алуы керек. Екіншіден, журналист мақала тақырыбымен халықты қызықтырып, оқырманның оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек. Үшіншіден, ең бірінші болу, яғни, ақпарат таратуда, мақала жазуда болсын ондағы түпкі идеяны журналистің бірінші болып жеткізуі.

   Қазіргі таңда кейбір журналистер ақпаратты толық зерттемей, тек болжамдармен халыққа ұсынады немесе мақаладағы түпкі ойды толық аша алмайды. Осыдан мағлұматты түсінбеу, қабылдай алмау туындайды. Бірақ бұл барлығына бірдей қатысты емес мысалы, газет және телеарналарда нақты сандармен, дәлелдермен, уақытпен толық ақпарат беріледі. Екінші критерий тақырып қоюға тоқталатын болсақ, көбіне тақырып мазмұнынан ауытқып кетіп жатады. Әрине бәріне бірдей ұнайтын қызықты тақырып таңдау оңай емес, бірақ мақаланың атауы және мазмұны бір-біріне сай әрі толықтырып тұру керек. Отандық телеарналардың, сайттардың 60-70 пайызы қоғамда болып жатқан бір өзекті мәселені алып соның төңірегінде барлығы бір ойды хабарлайды. Бір жаңалық барлық арналарда қайталанып талқылана береді. Ескере кететін болсақ, елімізде 25-30 телеарналар, 15-20 шақты ақпарат тарататын сайттар бар. Журналист тек экономика саласында ғана емес бизнесте, саясатта, ғылымда, құқықта, денсаулық сақтау саласында да жан-жақты бола алу керек. Бұл журналистке қойылатын талап.

   Үнемі ізденіс пен жанжақтылықты талап ететін бұл саланың қызметкерлері өздеріне қойылған талаптар үдесінен шыға алады деген ойдамыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *