Қазақ тілі.

Тіл-бұл әрбір халықтың қазынасы, рухани байлығы. Әрбір, халықтын өз ата-бабасының жалғасып, мұра ретінде келе жатқан қазынасы. Сондай-ақ әлемдегі сегіз млрд адамның өз тілдері бар. оны өз жандарынан артық көріп құрметтеп, қастерлейді.

Адамды мұратқа  жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздіңде өзімізге тәң ана тіліміз, қазақ тіліміз бар. Тіл-тәуелсіздіктің айнасы. Йа, екеуі қатар ұғым, тәуелсіздігіміз болмаса тілімізде, жерімізде болмайды. Бұл тілімізді, жерімізді мұра етіп тастаған ата-бабамызға рахмет. Ал, осы жерді, тілді қаншама қиындықтан соң ата-бабамыз бізге мұра етіп қалдырды. Бірақ бұл тілді біз келешек ұрпаққа жеткізе аламызба?

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы біз яғни, қазақ жастары. Демек, біздің мақсатымыз — қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының»Қазақ пен қазақ қазақша сөйлесін»-деген сөзі еске түсері анық. Бірақ біз дәл осы сөзді ескеріп келе жатырмыз ба?- деген көкейде үлкен күдік тұр. Яғни, қазіргі таңда Қазақстан тұрғындарының 53 пайызы ғана қазақша сөйлеп, жаза алады. Ал, қалған пайызы өзге ұлт өкілдері. Оның ішінде орыс тілі басымырақ. Қазіргі қоғамда қазақ тілі жайлы естіп, біліп жатсақ орыс тілі қатар айтылады. Бұл жағдайдың себебі, қазіргі қазақ жастарының қазақ тіліне деген құрметінің біршама азайуы. Қазіргі жастар қазақ тілін ауылдық тіл деп ойлайды ал, орысша тілді сөйлесе тіпті өз тілінде сөйлеп жатқандай жайланады. Осындайда орыс тілі қазақ тілімен  қатар айтылып жатса Б. Момышұлы атамыздың «Екі қазақтың бірін-біріне орысша сөйлеп отырғанынаң қорқамын»-деген сөзі ойға сап ете қалары анық. Міне, дәл сол сөз жәймен орындалып келе жатқан секілді. Осы жағдайдың алдын алып қазақ тілінің, қазақ жеріндегі мәртебесін көтере білуіміз керек. Мысалы: шетелден келетін туристерге, қазақ тілін үйреніп келуі талап етілсін, екіншіден теледидардағы бағдарламалардың көпшілігі халыққа  қазақша ұсынылсын , үшіншіден тіл туралы қатаң заң енгізілсе екен. Егер ауқымды түрде айтылатын болса көп ережелер енгізілуі қажет. Бірақ, жоғарыда айта кеткен ережелер, кеңестер негізгі кеңестердің бірнешеуі ғана.

» Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте «-дегендей қазақ тіліннің мәртебесін көтеруге үлкен үлес қосайық. Йа, қазіргі қоғамда бір емес бірнеше тілді үйренуге еш шек қоймайды, дегенменде өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *