Әпкеме арнау

Апке менің аяулымсың,ардағымсын ,
Жанымдағы жанашыр қорғанымсың.
Әпкетайым жалғандағы жалғысымсың,
Әпкем менің гүлдей болған жанбысың.

Апке сенсің жетелейтін болашаққа,
Ақыл айтып жеткізгейсің сол шаққа.
Әпке сенің басып келем іздеріңді,
Өзіңнен ғана алармын тәлімімді.

Жүрші аман әрдайым әпкетайым,
Сабыр берсін Аллам саған әрдайым.
Жеңіп келдің бойыңдағы сабырлықпен,
Жүректегі үлкен бір батылдықпен.

Әпкем менің жүр әрдайым құлпырып,
Гүлдей жайнап армандағы гүл болып.
Бұл әнімді әрнаймын бір өзіңе,
Алғысым деп қабылдайсың осы әнімді.

 

Турапова Сымбат (JOURNALISTAR медиа-мектебінің оқушысы)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *