Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы публицистикалық ақпарат
Талгатова Алия
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика 1-курс студенті
Қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын, шоқтығы биік, тарихи-революциялық тақырыптағы тұңғыш туынды- «Тар жол тайғақ кешу» романы. Роман авторы ақын, жазушы әрі мемлекет қайраткері- Сәкен Сейфуллин. Шығарма 1922 жылдары жазыла бастап, 1927 жылы кітап болып шықты. Қаламгер өз туындысында өзінің бастан кешкен оқиғалары мен 1916-1919 жылдардағы кезеңді сипаттайды.
Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында өзі негізін қалаған «Тіршілік» газеті де көрініс тапқан. Мемлекет қайраткерінің алдымен «Жас қазақ» ұйымының Тіршілік газетінің демеушісі болғаны белгілі еді. Революцияшыл радикалды бағытты ұстанған қаламгер өз шығармасында қазақ баспасындағы газеттерді атап, олардың бағытының бәрі бірдей екенін жазады. Әрі бұл газеттерден «Тіршілік» газетінің бағыты ерекшеленетінін де елеп өтеді.Негізінен Тар жол тайғақ кешу романында тарихи, әдеби ақпараттар ғана емес публицистикалық елеулі ақпараттарда жазылған. Өйткені романнан «Тіршілік» газетінің мақсаты мен құрылуы жайлы құнды ақпараттармен таныса аламыз.
«Тіршілік» — Қазақстандағы тұңғыш кеңестік газеттердің бірі. 1917 жылғы сәуірден, 1918 жылғы шілдеге дейін шығып тұрды. Романда жазылғандай газеттің ресми редакторы Рақымжан Дүйсенбаев, ал идеялық жетекшісі С.Сейфуллин болды. Газетте А.Асылбеков және Б.Серікбаев сынды саяси қайраткерлердің мақалалары жарияланды. “Тіршілік” халықты кеңес үкіметі үшін күресте жұмылдыруда маңызды атқарды. Еркіндік, бастандық және саяси мәселелер жөнінде қарапайым бұқара арасында революциялық үгіт-насихат жүргізді.
Сейфуллин шығармасында: «Әр жерде-ақ газет шығара бастадық. Ақмолада – «Тіршілік» газеті, Орынборда – бұрынғы белгілі «Қазақ» газеті» деп жазады.
Сондай ақ қоғам қайраткері шығарма негізігі бөлігінде атақты азабын, Анненков вагонын, риторикалық-публицистикалық стильде шебер суреттеп шығады.
«Тар жол тайғақ кешу» шиеленіскен тақырыптарға толы, әдеби, тарихи әрі публицистикалық тұрғыдан аса құнды, қазақ ұлты бастан кешке 20 ғасырдағы оқиғаларды баяндайтын көркем шығарма.