«Қазақтың жаңа жылы»
Қазақ ұлттында ұлттық мерекелерінің түр-түрі бар. Бірақ қазақтың ең маңызды мерекелерінің бірі Наурыз. Наурыз мерекесі-астрономиялық күн күнтізбесі бойынша көктемнің келуі және көктемгі күн мен түннің мерекесі болады. Ол бір жылдың циклдің аяқталуын және жаңасының туылуын білдіреді.
Наурыз мерекесі неге маңызды және нені білдіреді? Бұл мереке таза үйге және жақсы иесіне кірсе, сонда оның ауруы, өмірден сәтсіздіктері және қиыншылықтары айналып өтеді деп есептеледі.
Мерекенің ең басты дәстүрі ол Наурыз көже. Көже 7 түрлі тағамдармен дайындалады. Олар ет, су, ұн, сары май, тары( күріш немесе жүгеріге ауыстыруға болады) тұз және сүтпен тойымдылығы мол көже болып дайындалады. Қазақта «Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!» деген сөз бар, сондықтанда тағамды толық және тойып жеу керек. Себебі содан кейін жыл жақсы болып өтеді деп есептеледі. Көженің әрбір құрамдас бөлігі жеті өмірлік қағиданың бірін білдіреді, олар:өсу, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық және Құдайдың қамқорлығы.
Осылайша, жеті саны Наурыз мерекесін тойлауда ерекше маңызды.
Наурыз мерекесінде наурыз көжемен бірге қазақтың ұлттық ойындары ойналады. Оның ішінде халық күресі «қазақша күрес», логикалық ойын «тоғыз құмалақ», және атты ойындар «қыз-қуу», «бәйге», «көкпар» сынды ойындар ойналады
Абдирова Адина
(JOURNALISTAR медиа-мектебінің оқушысы)