Маған ұнайтын жыл мезгілі. Оқиғаның ретін белгілеймін

Сейтжанова Дамира Макеновна

Білім   беру   саласы:  «Таным»

Оқу  іс – әрекетінің    қызметі:  Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру.

Сабақтың  тақырыбы:  Маған ұнайтын жыл мезгілі.  Оқиғаның ретін белгілеймін.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Балаларға  жыл  мезгілдері  туралы,  ондағы  өзгерістер  мен  ерекшеліктер жайлы  мағлұмат  беру.

Тәрбиелік: Табиғаттың  әсем  көрінісін  қызықтай  білуге,  қоршаған  ортаны  сүюге, қорғауға  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларға  жыл  мезгілдері  жайлы  мағлұмат  бере  отырып дүниетанымын,  ой – өрісін,  сөздік  қорларын  дамыту.

Сабақтың  типі: Жаңа  сабақты  меңгерту

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі: Әңгімелеу,  түсіндіру,   жұптық,   жеке  жұмыстар,  сұрақ – жауап

Сабақтың  көрнекілігі:  үлгі  суреттер,  интерактивті  тақта,  үлестірмелі  материалдар

Пәнаралық  байланыс: сөйлеуді  дамыту,  жапсыру

Іс – әрекет  кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І.Ұйымдастыру  кезеңі:

1) Оқушылардың  оку – құралдарын  түгендеу.

2) Оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару.

Балаларды  шеңбер  жасауға  шақырады:

Шаттық  шеңберін  орындау:  Үш  тілде

Сәлеметсіңбе  Алтын  күн,

Сәлеметсіңбе  Көк  аспан.

Сәлеметсіңбе  Жер  ана,

Сәлеметсіңбе  достарым.

 

Здравствуй солнце золотое,

Здравствуй небо голубое.

Здравствуй волный ветерок,

Здравствуй маленький дуб

Мы живем в одном краю –

Всех я вас приветствую.

 

Good moning all the sun

Good moning blue the sky

Good moning for my friends

 

Топқа  бөліну 1,2,3,4 реттік санау арқылы.

«Мозайка  құрастыру» арқылы топтың  атын  анықтау.

І – топ  Күз,  ІІ – топ  Қыс,  ІІІ – топ  Көктем, IV – топ   Жаз.

Топ   ережесімен таныстыру.

  1. Әдемі көтеріңкі  көңіл күй.
  2. Тыныштық сақтау.
  3. Бірлесе жұмыс  жасау.
  4. Уақыттан аспаймыз.

Ұйымдастыру — ізденушілік

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

«Суреттер сөйлейді» Слайд.

-Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл- қыс-зима-winter.

-Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл – көктем-весна- spring.

-Күн шығып тұр. Айнала жап-жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл-жаз-лето- summer.

-Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл-күз-осень-.autumn.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін бір сөзбен қалай айтатынын білесіңдер ме?

-Өте жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты екен.

— Сабағымыздың тақырыбы «Маған ұнайтын жыл мезгілі.Оқиғаның ретін белгілеймін» деп аталады.

Әліппе – дәптерімен  жұмыс

«Елші әдісі»  топпен  жұмыс.

1-тапсырма. Жыл мезгілін ата.Жыл мезгілін сәйкес суретпен сызып қос.

Сергіту сәті.

Ішік,пима,қолғаптар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қалың малақай

Біз тоңбаймыз алақай !

2-тапсырма . Бастырып сыз және боя. Өз беттерінше  орындайды.

«Ойлан тап» дидактикалық ойыны:

Ойын барысы: Барлық ойыншыларға жыл мезгілдеріне сәйкес киінген балалардың суретін көрсете отырып осы маусым бойынша сәйкес келетін заттарды таңдап біріктір.

3-тапсырма. Жыл мезгіліне сәйкес заттарды таңда.Сызып қос.

Қорытынды:

«Серпілген сауал әдісі» арқылы доппен лақтырып допты тосып алған балалар өз ойларын айтады сабақта не үйрендік, не білдік, не ұнады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *