Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы.

Жауғашты ауылы №27 орта мектебі жалпыға бірдей білім беру айлығында өткізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясын қарқынды өткізуде. Мектеп бойынша 15 оқушы тізімге ілінді. Тізім округ әкімімен келісіліп, сұраныстар таратылды. Тізімдегі оқушыларға демеушілеріміздің көмегімен көмек берудеміз. Атап айтсақ Іле аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Естеусизова Гульнар Таутаевна. Жалпы көрсетілген көмектің баға саны – 40 000 тенгені құрады. Бұл сомаға ААҚҚ оқушыға (мектеп формасы, спорттық форма, туфли, спорттық аяқ-киім, сумка, оқу құралдары) материалдық көмек көрсетілді.

Осы тұрғыда мектеп директоры Оспанов Серік Әлібекұлы және мектеп ұжымы, ауыл тұрғындарыда елеусіз қалып жатқан жоқ. №27 орта мектеп әкімшілігі демеушілерімізге, мектеп ұжымына және ауыл тұрғындарына алғысын білдіреді. «Мектепке жол» акциясы қыркүйек айының 30 күніне дейін жалғасады. Ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесемін деген ақ ниетті азаматтар болса, 87714019940 телефонына хабарласып, қол ұшын беруге болады.

 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагинбекова Жазира Сабетбековна.

Әлеуметтік педагог Баятанова Айнұр Еламановна

Жауғашты ауылы № 27 орта мектеп

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *