«Мен қазақша сөйлеймін» атты акция өтті

Акция «Мен қазақша сөйлеймін!»

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 29 қазаннан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция басталды. Осыған орай Севастополь  ауылында   «Мен қазақша сөйлеймін!» атты  акциясы өтті. Бұл шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, оның қоғамдағы беделін арттыруға, халықтың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын тудыруға және азаматтарымыздың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Шараға ауылдың  барлық мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары,  және ауыл тұрғындары қатысты. Акция барысында Севастополь ауылының ортасында  мемлекеттік тілде   «Мен және сен қазақша сөйлейміз» атты  сайысы өтті. Сайыс бірнеше кезеннен өтті.

1-сайыс «Таныстыру»

2 -сайыс «Ұйқасын тап»

3 -сайыс: «Өз жұбыңды тап» мақал-мәтелдер сайысы

Аталған шара өте қызықты және  жоғары деңгейде өтті. Ауыл тұрғындарына  сайыс өте ұнады. Өз бағын сынауға 15 адам қатысты. Сайысқа  қатысқан ауыл тұрғындары   тәтті  сыйлықтармен марапатталды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *