«Тәрбиеші болу — бақыт» эссе

Шымырбаева Нұрлыгыз Зиябековна

Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиеші болу. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі.   Бала отбасы аясында  түлеп өседі. Оңы мен солын таниды, ол алғашқы  адамгершілік  қасиеттерді де , еңбек әліппесінің  бетін  де осы  ортасында   ашады. «Гүл күнге қарап өседі» дегендей  бала да алдындағы  ересектерге  қарап бой түзейді. Сондықтан біз ата аналармен бірлесе түрлі сауалнама жүргізіп отырамыз.
Менің мақсатым: Балалалардың алған білімін қорытындылау, алғыр да тапқыр баланы  анықтау, үлгілі де тәрбиелі, дені сау болып өсуге тәрбиелеу.Ақыл -ойын,  жылдам ойлауын , ептілігін, шығармашылығын дамыту.  Баланың  бойындағы мүмкіндігі  мен қабілетін анықтап, соған сәйкес  бағдарлы тәрбие беру.Болашаққа өз үлесін  қоса білетін  ізденімпаз  ұрпақ тәрбиелеу,  туған тілімізді  сүюге , өзге тілдерді қадір тұтуға, жан жақты  білімділікке  бәсекеге қабілетті  жеке тұлға қалыптастыру,  дарынды  озық болуға  жетілдіруге тырысамын.
«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана  тәрбиеші  болып  жұмыс  істей алады. Ондағы уақытпен санаспай  өзін  ұстаз ретінде  емес , тәрбиеші  ана ретінде  кірісуі абзал.  «Жұмыс  уақыты  біткенше тобымдағы балалардың  өміріне жауаптымын» деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі.Тәрбиеші балаларды бауырына басып , басынан сипап , еркелететін жерде еркелетіп, ақыл айтып , жан дүниелерін  түсінуі керек.
Тәрбиеші еңбегінің жарасымдығын қамтамасыз ету үшін нақтылы шаралар белгілеп , оны іс- жүзіне асыру қажет. Соңғы уақытқа дейін тәрбиешіге қойылған талаптар балаларды пәндік дағыларға үйрету, ойын, оқу еңбегіне жаттықтыру жағы басым болады да тәрбиешінің де балалардың да жеке бастарың қалыптастыру жағы бір шама артып келеді. Баланың жеке басының адам болып қалыптасуына  көңіл бөле отырып, оның жеке басының ерекшеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптастыру. Осыған қарай тәрбиешінің міндеті -баланың қалыпты дамып,оның ұнамсыз жағын тезге салуға ықпал жасауына жағдай туғызу қажет болады.Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.

Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік- білім беру мекемесі –тәрбиеші.Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр мен әдеп- ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын  ұдайы жаңғыртып отыру қажет.Бала таза ақ парақ секілді не жазсаң, бойында сол қасиет қалады.Тәриеші өмір бойы  ізденіс үстінде  жүріп, жыл сайын  тәжірбиесін жаңартып, өзіңе тансық нәрселерді үздіксіз ізденіп , білгенін  үйретіп  білмегеін үйреніп жатса, нұр үстіне  нұр болады деп ойлаймын. Балғын  бөбектер мен тәрбиешілерге өмірде тек сәттілік тілеймін.
Көптеген қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Көптеген жылдар бойы тәрбиеші болып жүріп,түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басы бүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *