Білімі терең, өркениеті кең әлем

Жиенбаев Анарбек Нурлыханович

«Адам ұрпағымен мың жасайды», осы ұлағатты сөздің астарында қаншама терең сыр жатқанын шын жүрекпен сезіне аламыз ба? Бүгінгі күннің ұрпағы ертеңгі жарқын болашаққа жол салушылар емес пе? Ал, олардың салған жолдарының жарқын болуына кепілдік бере аламыз ба? Міне, осындай сипаттағы сан алуан сауалдар кімді де болса, ойландырмай қоймас. Осындай сыни тұрғыдағы сауалдар төңірегінде ойлану, оған жауап беруде іске асқан жұмыстардың астарынан дәлел іздеп тапқандаймын. Ұрпағымыз саналы тәртіп пен сапалы білім негіздерімен қаруланған кезде ғана еркін тыныс алармыз. Менің басты мақсатым: мектеп өміріне қайткен күнде бүгінгі күн талабын қанағаттандыратындай бетбұрыс жасауға бағыт беру. Мектептегі әріптестерімнің жаңа бағыттағы дұрыс жасаған іс-әрекеттері менің ойымды алысқа жетелеп, қиял әлеміне енгізіп жібергендей. Әсіресе мектепішілік шаралардың қызықты өтуі, ата-аналардың сенімінің артуы сенімділік пен ынтымақтастықтың бірігуіне жол ашты. Деңгейлік курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің өткізген сабақтарының тартымдылығы оқушылардың жауапкершілік дағдыларын  бойларына сіңіруіне, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға оң ықпалын тигізуде. Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алатын , бүгінгі күннің майталмандары алдымызда отырған шәкірттер. Қайтсек те , тек қана алға ұмтылу , болашақ қамын орнықтыру үшін келелі мәселелердің шешімін табу жолында белсенділік таныту , тапқырлық әрекеттер жасау әрқайсысымыздың парызымыз деп білемін. Тамырын тереңге тартқан кең өркениет әлеміне сұғына ену үшін шәкірттеріміз шабытты, білімді, өжет, қайсар мінезді болуы шарт. Ол үшін, алдымен мұғалімдер қауымы Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңа сатыға көтеріп,қарқынды қадам жасауы тиіс екеніне көзім жетті. Айналама қарап,мені қоршаған әлемдегі сан алуан өзгерістерге шаттана қуанып,қанатымды кеңге сермеп,шабыттана түскендеймін. Алдымыздағы үлкен асуға – біліктілік  пен ұстаздық шеберлігімізді ұштастыра отырып, шәкірттерімізді ,мынау кең әлемді мойындататын рухани биік шыңға шығару міндеті тұр. Терең ойларға беріліп, сенім жүгінің ауыр екендігін сезіндім.     Бірақ, мен көшбасшымын, қандай  кедергілер болмасын көзін тауып,  шешімін табуға  дайын болуым керек… Ол менің көшбасшылық ұстанымым.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *