Көбелек

Қыпшақова Қымбат  Қуанышқызы

Білім  беру  саласы:  Шығармашылық

Бөлім: Жапсыру

Тақырыбы:  Көбелек

Мақсаты:

  1. Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі.
    2. Бейнелі ойлауын, зейінің, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын
    дамыту.
    3. Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.

Қажетті  құрал-жабдықтар:

Көрнекілігі: Көбелектің суреті

Қостілділік  компонент:  көбелек —

 

Оқу  кезеңі Тәрбиешінің  қызметі Балалардың  қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Жылулық  шеңбері

Сәлемдесу

А. Сәрсеновтің «Көбелек» өлеңін оқып беру:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп.
Тақиямның астына,
Тығыла ғой, көбелек.

 

Сәлемдесу  сөздерін тәрбиешіден кейін қайталап айтады

 

Тәрбиешінің сұрағына байланысты, балалар өлең мазмұнын әңгімелеп береді

Ұйымдастыру-іздестіру Ұйымдастыру кезеңі
Д/о «Кім тапқыр»
Мақсаты
Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. олар көрмейді екен және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді.

Ал, балалар кім көбелек туралы тақпақ біледі, тыңдап көрелік

Көк көйлек, көк көбелек
Көздері дөп дөңгелек
Гүл көрсе күлімдейді
Қолыма ілінбейді
Көк шөптің арасынан
Түр — түсі білінбейді

Көбелек — ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ұстап сені не керек
Ойнамайсың күлмейсің

Көріп жаздың қызығын
Гүлден — гүлге самғаймын
Гүлдің ерке қызымын
Гүлден өзім аумаймын

Д/о Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Неге?
Барысы: Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді, бала қолына көбелек бейнесі беріледі
Сәйкес суретті тауып орналастырады, түсінік береді.

Ал енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз қағаз бетіне жапсырып, досымызға силық жасайық
1. Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма.
Әр столдағы 4 балағы көбелектің 4 қанаты беріледі, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелекті құрастырып, жапсырып шығамыз.
2. Қатты қағаздар, көбелек бейнесі, желім, сулықтар қажет.

 

 

Тәрбиешіні ынтамен тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қойған  сұраққа жауап  беріп Айсұлумен танысады

 

Сөздерді бірнеше рет қайталап айтады

 

 

 

 

 

Айсұлудың киімін  тамашалайды

 

«әдемі»  сөзін қайталайды

 

 

 

 

 

Ойынның  сөзін тыңдап тәрбиешіден кейін қайталайды

 

 

 

 

 

 

Ойынды ынтамен ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік Бекіту:
Балалар жұмысы тақтаға ілінеді. Қай жұмыс ұнайды?
— Пікірлері сұралады. Неліктен осылай ойлайсың?
Қимылды ойын ««Үшінші артық»
Тапсырма. Сен неге бұл гүлді таңдадың?.
Балалар екі шеңбермен тұрады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді

 

Күтілетін  нәтиже:

 

Нені  білу  керек Жыл мезгілінің ерекшелігін, көбелектің тіршілік ортасын.
Нені  игереді Көбелек мүшелерін, қанаттарының ерекшелігін, жеке бөліктерді біріктіре жапсыруды.
Нені  біледі Жапсыру әдістерін үйренді, ұқыптылыққа, жұмыс жасауға дағдыланды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *