Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері

Мырзабаева Дина Жұмабайқызы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1.В. Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Облыс: Атырау

Қала: Атырау

Мектеп: №15 Абай атындағы орта мектеп

Мамандық: математика

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мырзабаева Дина Жұмабайқызы
Сынып: 8

Пәні:  Геометрия

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың

қасиеттері мен белгілері

Оқу мақсаты 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
Сабақ мақсаты Барлық оқушы:

Тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын біледі;

Басым бөлігі:

Тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамалары қасиеттерін қолданып, сызбалар мен кескіндерін өз беттерінше сала алады;

Кейбір оқушы:

Тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамалары мен қасиеттерін қолданып салыстыра алады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата алады;

Бағалау критерийлері Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:

·         Тіктөртбұрыштың, ромбтың, шаршының анықтамалары мен қасиеттерін есептер шығаруда қолданады.

·         Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданып, есептер шығарады

·         Ромбтың қасиеттері мен белгілерін қолданып, есептер шығарады.

·         Шаршының   қасиеттері      мен     белгілерін      қолданып, есептер шығарады.

Тілдік

мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тіктөртбұрыш, ромб, шаршы

Диалогта қажетті сөз тіркестері:

Тіктөртбұрыш, ромб, шаршының ұқсас қасиеттері — …

Тіктөртбұрыш, ромб, шаршының қасиеттерінің айырмашылығы — …

Құндылықтарды дарыту Белсенді қарым – қатынас, өзіндік шешім қабылдауға үйрену, өзара түсінушілікке баулу, бір – бірінің пікірін сыйластықпен тыңдау, ойлау – зерттеушілік дағдысын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар Сызу пәні
Алдыңғы  білім Төртбұрыш, шаршы ұғымдары мен сызбаларын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

1. Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша. Мұғалім Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында айтылады.

2. Топтарға бөлу. «Пазлдар» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру, жеміс – жидектер берілген суреттегі бөліктерді жылдам жинау.

1 – топ «Шаршы»

2 – топ «Ромб»

3 – топ «Тіктөртбұрыш»

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

«Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

«Жылдам сұрақ» тәсілі бойынша қобдишаға сұрақ қойылған қағаз салынады. Қобдишадағы сұрақты алып, оқушылар жауап береді.

 

1. Параллелограмм дегеніміз не ?

2. Тұрмыста төртбұрышты заттар неге көп кездеседі ?

3. Ромб пішінді заттар тұрмыста, өмірде қайда кездеседі ?

 

Қалыптастырушы бағалау қол шапалақтау.

 

1 – тапсырма. Топтық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі

 

Жаңа сабақты ашу мақсатында әрбір топтағы оқушыларға жұмыстар орындауға тапсырма кескінделген кеспе қағаздар үлестіру.

 

Тапсырма мақсаты: Тіктөртбұрыш, ромб, шаршының анықтамалары мен қасиеттеріне сүйене отырып бос орындарды толтыру.

 

 

Дескриптор:

—          тіктөртбұрыш, ромб, шаршының анықтамалары мен қасиеттерін, белгілерін үйренеді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі. (топтар бір – бірін бағалайды)

 

Интерактивті тақтағы тапсырмаларды және сәйкес дескрипторларды көрсету.

 

2 – тапсырма. Жеке жұмыс. «Ойлан, тап» әдісі

 

Ромбтың диагоналы оның бір бұрышын, бірі екіншісінен 4 есе артық болатындай, бұрыштарға бөледі. Ромбтың барлық бұрыштарын табыңыз.

 

Дескриптор:

·         сызбасын салады;

·         ромб диагональдарының қасиеттерін қолданады;

·         ромб бұрышының қасиеттерін қолданады;

·         ромб бұрыштарын табады.

 

Кері байланыс: Смайликтермен оқушылар өз – өздерін бағалайды.

 

3 – тапсырма. Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдіс

 

Егер тіктөртбұрыштың диагональдары перпендикуляр болса, онда тіктөртбұрыштың шаршы болатынын дәлелдеңіз.

 

Дескриптор:

·         сызбасын салады;

·         тіктөртбұрыштың диагональдарының қасиеттерін қолданады;

·         үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданады;

·         өз тұжырымын дәлелдейді.

 

Кері байланыс: «Бір медаль, бір миссия». Жұптар бірін – бірі бағалайды.

 

Саралау тапсырмасы. «Түйіндеу» әдісі

1 – топ. Тіктөртбұрыш диагональдарының арасындағы бұрыштардың қатысы, 2:7 қатынасындай. Тіктөртбұрыштың диагональдары мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды табыңыз.

2 – топ. Ромб диагоналы бір қабырғасымен жасайтын бұрышының шамасы 4 : 5 қатынасындай. Ромбының бұрыштарын табыңыз.

3 – топ. Квадрат диагоналдарының қиылысу нүктесінен оның бір қабырғасына дейінгі қашықтық 5 см тең. Квадраттың периметрін табыңыз.

 

Дескриптор:

·         сызбасын салады;

·         тіктөртбұрыштың, квадраттың, ромбтың диагональдарының қасиеттерін қолданады;

·         сыбайлас бұрыштардың қасиетін қолданады;

·         тең бүйірлі үшбұрыш қасиеттерін қолданады;

·         тіктөртбұрыштың диагоналы мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды анықтайды.

 

Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі

Үлестірме қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кескінделген кеспе қағаздар

 

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

4 минут

 

Сабақ соңында оқушыларға «Венн» диаграммасы әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау:

1 – топ: Тіктөртбұрыш пен ромб

2 – топ: Ромб пен шаршы

3 – топ: Тіктөртбұрыш пен шарщы

«Венн» диаграммасы әдісінде топ оқушылары геометриялық фигуралардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата, салыстыра алады.

 

Кері байланыс: «БҮҮ стратегиясы» әдісі

 

БҮҮ стратегиясы              орындаған:__________

 

Білемін Үйрендім Үйренгім келеді
     

 

Үйге тапсырма беру.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Кеспе қағаздар
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақта білім алушылардың қамтылуын қадағалай отырып, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдан отырып, SMART мақсатын сараладым. Сыныптың деңгейін сараладым. Әрбір білім алушының жеке қажеттіліктеріне, деңгейлік тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделендіре отырып, білім алушылардың қажеттілігіне қарай сараладым, диалог жасап, оларға қолдау көрсеттім, топқа бөлуді сараладым. Әдіс – тәсілдерді бағыттауда айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, дағдылары қалыптастырамын. Білім алушылар үйренгенін тексеруді үздіксіз кері байланыс жүргізе отырып, қателерін түзетуге мүмкіндік жасау, жақсы жауаптарын мадақтау.

Тапсырманы орындау барысында қалыптастырушы бағалау

тәсілдері арқылы оқушылар: «Пазлдар», «Жылдам сұрақ», «Ой қозғау», «Ойлан, тап», Ойлан, жұптас, талқыла», «Бас бармақ», «Бір медаль, бір миссия», «Түйіндеу», «Үш шапалақ», «Венн» диаграммасы, «БҮҮ стратегиясы» әдістері арқылы бағаланды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында смайликтер тарату, қолдану арқылы кері байланыс алу, жұмыс аяқталған кезде ол мақсаттарға қаншалықты қол жеткізгені туралы ойланады. Өз бетімен жұмыс істей алу және топ ішінде белсенділік қабілеттерін арттыруға ықпал етеді.

АКТ мен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін ескертіп отыру, сызғыш және қаламды дұрыс қолдану, оқу жақсарту мақсатында, шаршауын басу үшін, ширату жаттығуларын жасатамын.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты дұрыс құрылған. Барлық оқушылар бүгінгі сабақта белсене араласып, оқу мақсатына жетті. Сабақбарысында саралаудұрыс жүргізілді. Сабақ уақыттары жоспарланған минут кестелеріне сәйкес нақты сақталды.
Сынып оқушылары өз беттерімен берілген тапсырмаларды орындау қабілеттерін көрсете білді. Сынып оқушылары топта жұмыс жасау барысында өздерінің белсенділіктерін көрсете білді. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасты. Келесі сабақтарда жекеленген оқушылардың қабілеттерін анықтай түсетін тапсырмалардың көлемін арттыруды мақсат етемін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *