Физика сабақтарындағы дарындылық белгілерін қалай анықтаймын?

Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың мақсаты — білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгерту;

2) білім  алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін, физикалық экспериментті және  зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;

3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физиклық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған  тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:

  • ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі);
  • түрлі денелердің созылуын  зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі);
  • жұмыстың мәнін график  бойынша  анықтау  («Кинематика  негіздері» бөлімшесі);
  • ауырлық күші мен  үйкеліс  күшінің  жұмысын  салыстыру («Динамика негіздері» бөлімшесі);
  • көлік түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі);
  • үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу заңдары» бөлімшесі);

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» деп Л.Толстой айтқан-дай, «Дәлел – іс-әрекетті қалай жасау жөніндегі  нұсқаулық емес,  бірақ мәсе-лелерді зияткерлікпен шешудегі және де білім беру саласындағы біздің мақ-саттарды анықтаудағы болжам болып табылады» (Дж. Дьюи).

Осы қағиданы басшылыққа алып, оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып, күндегі дәстүр амандасу тренингісінен бастаймын. Әр сабағымда ынтымақтастық орнату үшін тренингтер, сергітулерді жиі пайдаланамын. Сабақтарымның барысында оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында  әртүрлі психологиялық тренингтер  өткіземін.

«Біз екеуміз ұқсаспыз» деген тренинг арқылы мен оқушыларымның бұрын білмеген қырларын, қасиеттерін білдім. Мәселен,Шынарай өзіне Асемді ұқсатады екен, мінездері ашық және екеуі де жасыл түсті ұнатады, ал Олжас мен Ақнұрдың туған жылдары мен айлары бірдей екен.Азамат пен Аяжанға келер болсақ ол екеуі туыс, яғни рулас болып шықты.Нұржан мен Исламбек-тің аналары бір жерде жұмыс жасаса,Билол мен Сұлтанның сөмкелері бірдей екен. Ануар мен Жансаяның таңдаған спорт түрлері бірдей болды.Осындай тренингтерде  оқушылар өздерінің ұқсас жақтарын анықтауда бір-бірінен аса түсіп, қайталандайтындай етіп тапқырлық көрсетіп отырды. Сергітуге арналған жаттығулар «Молекулалар», «Капитандар» ойыны  т.б. тапсырмалар  оқушылардың  бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, сабаққа деген құлшыныстарының оянуына ықпал етті.

Оқушыларға «дөңгеленген үстелдер» тренингін өткіздім. Онда оқушылар дөңгеленіп столдарға отырып, алдындағымен артындағы оқушының қолынан ұстады, орындықтарды алып тастап 15-ке дейін санадым, бір-бірінің қолдарын жібермей ұстап ауызбіршіліктері мен татулық  қарым-қатынастарының жақсы екенін көрсетті. «Оқушы қандай болу керек?»  деген тақырыпта  өз ойларын ортаға салып, жұмыстарын  қорғады. Өткізген тренингтер арқылы оқушылардың ынтымақтастық атмосферасы  қалыптасып, қарым-қатынасы нығайды. Класта психологиялық көңіл-күй орнағаннан кейін оқушылар топқа бөлінді. Оқушыларды  физикадан өткен механикалық қозғалыстар үшін жер көлігі-машиналар,  жаңа  тақырып бойынша ауа көлігі –тікұшақ және су көлігі –кеме сияқты транспорттар арқылы үш топқа бөлдім. Сабақта  оқушыларды  топтастырдым, сыныпта құрылған ережелерді  қайталата отырып, есте сақтау қабілеттерін тексердім. Топ белсенді толықтыру арқылы әрекет етіп, бірін бірі қолдау арқылы сұхбат құруға үйренеді. Оқыту-ды үйретудің қозғаушы күші бар ол-  метатану, басқаша айтқанда оқу бар , сонымен қатар оқуды үйрету де бар адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті (нұсқаулық, 32 бет). Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін дәлелдеді. Оқушылар топпен жұмыс жасай алды. Топ басшылары көшбасшы бола отырып, тобынғы үндемейтін оқушыларды сөйлете білді. Оқулықты пайдалана отырып, тапсырмаларды  орындады.

Үй тапсыпмасын тексеру барысында  үйге берілген есептерді «Білімді мыңды жығар» ойыны бойынша жұптасып, топтасып, тексере отырып,  есеп шығару барысында интербелсенді тақта арқылы «қара, жап, жаз, тексер» деп, формулаларды  есте сақтау  үшін мнемоника әдісі бойынша тапсырма  берілді. Жанардың, Шынардың, Еркебұланның (7асыныбы),Дананың,Диастың,Дінмұхамбеттің(7бсынып),Анастасияның,Аділдің,Дилярамның(7гсынып)оқушылардың есте сақтау қабілеті жоғары екенін аңғардым. Оқушылардың қарым-қатынасы жақсы болып, топпен бірлесе отырып жұмыс жасады.Және «Бинго»  ойыны арқылы оқушылардың шапшаңдық, тапқырлық қасиеттерін анықтадым. Интерактивті тақтада берілген физикалық шамалардың белгілері мен өлшем бірліктерін оқушылар өздеріне таратылған бинго парақшалары-нан тауып белгілейді. Барлық бингоның жауаптары табылған  топ жеңімпаз атанып, ойыншық көлік түрлерімен бағаланды. Ситуациялық сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын  оқушылар өздері ашты.  Интерактивті тақтадағы бейне көрініс арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылды, диалог арқылы сыни ойлауға шақырдым.«Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуде көздеген белгілі-бір өзара әрекеттестік үлгілер зерттеушілік әңгіме, ойлау қабілетінің дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті.Александердің 2001-2008 «диалогтік оқыту» сөзін негізге ала отырып, кластер  кұрып, оқулықпен жұмыс жасады.Ғылыми зертеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызыды рөл атқаратындығын  көрсетті. Оқушылар әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде жаңа сабақты сыни тұрғыдан ойлана отырып, диалогтік әңгіме туғызу арқылы  өзара ой бөлісті. Ең оңтайлы тәсіл- балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Осы тәсілдерді негізге ала отырып, топтық жұмыс жүргіздім. Топтың қарым-қатынасы нығайып,  бірлесе жұмыс жасауға тырысты. Әр топ берілген тапсырманы постер арқылы түсіндірді.Жаңа тақырып бойынша оқушылар мағынаны тану барысында  жана ақпаратпен танысады, жаңа ақпаратты өзінде бұрын бар біліммен, тәжірибе алмасады, кластер әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасайды. Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беріледі.Әр топқа жаңа тақырыппен танысу үшін кодтық тапсырмалар берілді.Жаңа тақырып «Ареометрлер. Су көлігі. Ауада ұшу». Үш топ кодтық тапсырма бойынша өздеріне берілген тақырыптарды бөліп алды.Топтар бөлінген тақырыптарды оқып, жұптасып, топтасып бір-біріне түсіндірді. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер, 1995; Александер, 2008) мета-сана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Флейвелл,1976; Выготский,1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларын негізге ала отырып, іс-тәжірибемде үйренген әдіс-тәсілдерімді қолдандым. Қалай оқудың жолын үйрету (өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын бақылау), диалог (сыни тұрғыдан ойлауға үйрету) арқылы (талантты және дарынды балаларды) оқыту, оқытуда өзін-өзі және бір-бірін бағалау, АҚТ тәсілдерін қолдану;  диалог негізінде білім беру мен білім алу-да мұғалім мен оқушы арасындағы диалог пен оқушылардың өзара сұхбат-тасуын дамыту; деңгейлеріне сай оқыту мен оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауын дамыту; сыни тұрғыдан ойлауды  және көшбасшылықты дамыту тәсілдерін қолдандым. Диалогтық әңгімелесуді топтар өзара әрекеттесіп жұмыс жасаған кезде талқылауға болады. Әңгімелесу әдісі балалардың оқуға деген ынтасын оятады. Сыныптағы диалогті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасын арттыруға болатынын ескердім.Оқушыларға материалды ұғу үшін сабақта «Бетпе-бет», 1 кезеңінде үйренген әдістерді пайдалануға тырыстым. Дұрыс қолданылған әдістер оқушылардың зейінін аударумен қызығушылығын, ынтасын арттырады.Постер қорғау арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылды, оқулықпен жұмыс жасап, өзара пікір алысты.Физика  заңы  бойынша «қауіпсіздік техникалық ережесін» құрды, оны плакат бетіне түсіріп қорғады. Сабағымда зерттеушілік әңгіме негізінде «физика  өмірде қажет пе, қажет емес пе?» деген сауалдар қою арқылы оқушылармен пікір алыстым. Оқушылардың барлығы физиканың өмірде қажет екендігі туралы бірнеше дәлелдер айтты. Мысалы: Шлемов Данил,Ахметжан Аяулым,Қоблан Зарина «физика  өмірде қажет деп санаймын. Ол болмаса жылу, жарық көздерін, ток көздерін қайдан аламыз?» десе,Бекжан,Темірлан: «Табиғат сырын ұғынған, физика ғылым патшасы, еңбектерін сіңірген, ғалымдардың қаншасы» деген сияқты өлең жолдарымен де мысалдар келтіріп кетті. Осы пікірталас барысында оқушылардың сөздік қоры молаяды, ойын жинақтайды, өздерінің дәлелдемелері арқылы дау-дамай туындайды, сабақты өмірмен байланыстырады.Зерттеу жұмысын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Зерттеушілік әңгіме барысында өз сыныптастарымен шағын топтарда  жұмыс істей алады. Мен оқушылардың шығармашылық әрекеттерін анықтай отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс  бердім.1-топ: жаңа  тақырып бойынша «Слайд жасау», 2- топ:  «Көзбен көру айғақтары арқылы топтастыру» , 3-топ: ареометрлер арқылы «Қызықты тәжірибелер» жасау. Осы тапсырма арқылы оқушылардың арасында дарынды оқушыларым анықталды. Интернет желісінен ізденіс барысында Орынбасар Қуаныш алдына жан салмады. Өзінің жаңа технологияны  өте керемет меңгергендігін тағы бір мәрте дәлелдей отырып, топпен бірге презентация жасау барысында да шапшаңдық пен тапқырлық көрсете білді. Осы топтағы Мәди және Шынар,Жанар деген оқушыларда өздерінің презентация жасау барысындағы шеберліктерін байқатты. «Көзбен көру айғақтарын топтастыруда» 2- топ бойынша Тоқан Еркебұлан суретті өте жақсы салса, үлгерімі төмен оқушым Масақбай Алихан суреттерді топтастырып жабыстырып, ол да өзінің үлесін тобына қоса білді.Оқушылар көздерімен көре отырып, ауыздарымен түсіндіре отырып, қолдарымен жасайды.Физика пәні эксперименттік ғылым, сол себепті сабақтың негізгі бөлімінде бірнеше тәжірибелік  жұмыстар жасалынды. 3- топ  «Қызықты тәжірибелер» бойынша ареометрлермен жұмыс барысында Дана,Диас пен Дінмұхамбет тәжірибелерді жасай отырып, өлшеу қателіктерін  және есептеулерді дәл және нақты орындады. Сол сияқты  балаларға диалог арқылы мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойылды.  Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі  «Сиқырлы сандықша» арқылы кері байланыс орната отырып, сабақты қорытындыладым. Қорытындылау нәтижесінде, Шәкәрім, Еркебұлан, Әділет,т.б.сияқты оқушылар көшбасшылық танытып, жоғарғы дәрежелі сұрақтарға жауап берсе,Мадияр,Алихан сияқты үлгерімі нашар оқушыларым төменгі дәрежелі сұрақтардың төңірегінде жұмыс жасады Сабағымдағы бұрынғы дәстүрлі тәсілдеріме қарағанда қазіргі сабақтарыма өзгеріс енгізу арқылы, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданып әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы  сабақтарымда қойған мақсатыма және оқушыларымның мынадай өзгерісін анықтадым: оқушылар өз пікірлерін қысылмай айтып, кеңестер сұрап отырды. Сабақ соңында оқушылар ашық журнал тәсілімен өзін-өзі бағалады.  Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етті. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі қалыптасты, жаңа тапсырманы сеніммен қолға алды, өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы айта алды. Диалог арқылы оқытуда дарынды балалар анықталды, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасты. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылды, АҚТ-ны қолданды, тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздеді.Оқушылар бір-бірінен үйренді. Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтады. Бір-бірін және өзін-өзі бағалауды үйренді. Оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасты. Балалар топтық жұмыс кезінде өз идеясын алға тартуды үйренді, өз арасында талқылау арқылы сыни ойлауы дамыды. Ақпарат алу кезінде дереккөздерді табуға үйренді. Ал өзімнің өзгерісіме келетін болсам:Бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда Кембридж бағдарламасы негізіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтадым. Сабақты түрлендіріп оқытуда нәтиженің жоғары болатынын, оқушы қабілеттерін түрлі тәсілдер арқылы ашуға болатынын түсіндім.Оқушыны бағалауда басқа да бағалау тәсілдерін қолдануға болатынын білдім.Деңгейлеп әдісін қолдану арқылы оқушының ойлау-логикалық қабілетін дамыттым.Ойлауды дамыту үшін мәртебесі жоғары  сұрақтарды пайдаландым.Бұрынғы сабақтарымда менің рөлім басым болса, тиімді тәсілдерді үйреніп қолдану арқылы оқушылардың сабаққа араласуы олардың қызығушылығын оятатынын және жоғары нәтижеге қол жеткізетінін білдім.Оқушыларға өз жұмысым арқылы және білім беруді білімді ұсыну емес, өзінің жеке білімін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беру керек және мұны  жүзеге асыру қажет ойладым.Сабақтың  қорытынды  нәтижесі: тақырып бойынша ойын өзектендіре алды, тақырыпты өз бетінше тәжірибелер жасай отырып,  зерттеулер жүргізе алды, өз ойын еркін жеткізе білді, сыныптастарымен қарым қатынас нығайды.Сабағымның сәтті өткен тұстары: шығармашылық жұмыс барсында «Көзбен көру айғақтарын» керемет  топтастыруы, қызықты тәжірибе жасау барысында оқушылардың өлшемдер мен қателіктерді нақты табуы, физика пәнінен жақсы оқитын оқушылардың сабақтың «білімді мыңды жығар» есептер шығару кезеңінде көшбасшылық қасиеттерімен таныла білгендігі.Сәтсіз өткен тұстары: жаңа сабақты кодтық тапсырмалар арқылы бір-біріне түсіндіргенде кейбір  оқушылардың қиналғандығы, жоғарғы дәрежелі, төменгі дәрежелі сұрақтар кезінде оқушылардың қате жауап бергендігі.Болашақта жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді дамыта отырып, жұмыстың жаңа жолдарын іздеймін.Тәжірибені ары қарай өзгерту бойынша идеялардың тиімді жақтарын көру нәтижесінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Менің пікірімше дарындылық – тұлғалық қасиет, әр оқушы өз алдыңда дарынды, ол туа біткен қабілет және бейімділік.Біздің міндетіміз, оқушы бойындағы осы беймділік пен қабілеттерді дер кезінде анықтап, оны дамыта отырып дарындылыққа айналдыру.Менің осы тұрғыдағы ұстанымым әр бала дарынды. Бірақ, ол дарындылықты мұғалімдер айқындай алмай қалатыны өкінішті. Ерекшеліктерді ескере келе өзіме төмендегі міндеттерді қойдым: — іс-тәжірибе барысында дарынды балаларды анықтау; — өзіндік шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызғушылықты қалыптастыру; — ақпараттық кеңістік көлемін кеңейту; — олимпиадалық деңгейдегі тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту; — зерттеушілік әрекетіне баулу. Мектепте оқитын оқушылардың барлығы  бірден осы оқушы физикадан, математикадан, басқасы тілден дарынды деп бірден айту қиын. Жалпы, дарынды оқушыларды анықтаудағы мен кездескен қиындықтар: дарынды оқушыларды анықтау – әр оқушы мен нақты бірнеше оқушылардың дамуына сараптама жасаумен байланысты ұзақ мерзімге жоспараланатын үрдіс; дарынды оқушыны қандайда бір критерий арқылы бағалауда қателік ықтималдығының болуы: қандайда бір көрсеткіштің жоғары болуы әр қашанда дарындылық белгісі болып табылмайды. Ал қандайда бір критерийдің төмен болуы бұл қасиеттің оқушы бойында мүлдем жоқ деп кесіп айтуға мүмкіндік бермейді.Зият туралы психометриялық тестегі жоғары көрсеткіш оқушының дұрыс әрі өз ісін реттейтін оқушылардың көрсеткіші де болуы мүмкін.Мұғалім тарапынан сен «дарындысын», сен «дарынсызсың» деп оның тағдырына сырттан бағдар беруден аулақ болған жөн. Осы қиындықтарды ескере және мектеп психологымен ақылдаса отырып, 7 сыныптарда дарындылықты анықтау диагностикасын өткіздім. Ол үшін түрлі әдістерді қолдандым. Алдымен, Гарднер көптік зият теориясына сәйкес, тест жұмысын өткіздім. Нәтижесін сараптай келе осы үш оқушыны таңдап алдым (алдағы уақыттарда А1-А, А2-В, Д3-С деп шартты түрде белгілейік). Оқушыларды таңдау көп қиындық тудырды, себебі көріп отырғанымыздай, барлық оқушыларда көбінесе 50 ден жоғары, тіпті 60-70 кездеседі. Айтарлықтай алшақтық байқалмайды. Гарднердің көптік зият теориясына сәйкес А – музыкалық, тұлға аралық, әртістік, спорттық ақыл-ойға ие екендігі байқалса, В оқушы — моторикалық-қозғалыс, вербалды лингвистикалық және ақындық ақыл-ойға ие оқушы. С-оқушы, логикалық, ішкі және тұлғалық, математикалық және зерттеушілік ақыл-ой иесі болып отыр. Бір таңқаларлығы С оқушның ақындық ақыл-ойы 3 болса, А оқушының математикалық ақыл-ойы 8 болып тұр.

Екінші Брунер бойынша анықтап көруге тырыстым Кесте-1: № Оқушы Пән бойынша Символдық ойлау Белгілік ойлау Бейнелік ойлау Креативті ойлау 1 А 9 3 7 10 8 2 В 5 9 3 3 8 3 С 13 14 10 10 3 Кесте-1 Кестеден көріп отырғанымыздай пән бойынша, символдық ойлау С оқушысында А мен В қарағанда жоғаоы дәрежеде. Осы орайда мектеп психологының өткізген мектеп оқушыларының ақыл-ой дамуынының тесті (ШТУР) нәтижесімен таныстым: А оқушының пән бойынша тапсырманы орындау 32 %; В оқушының 16 %; С оқушының көрсеткіші 74 %. Зерттеу барысында таңдалған оқушылардың эмоционалдық тұрғыдан дамуына назар аудардым. Себебі, дарынды оқушыларды негізінен жинақталған, өзін-өзі реттей алатын, қажеттіліктерін білетін, байсалды, өзіне сенімді, қиындықтардан қашпайтын оқушы деп сипаттасақта, кейбір оқушылар жағдайға байланысты қобалжулары басым екендігі анықталды. Бұл қасиет тұлғалық қобалжуға ауысуы әбден мүмкін. Яғни, қандайда бір қысылшаң жағдайға (емтиханда, олимпиада жұмыстарын орындауда) бұл көрсеткіш өзін-өзі реттеу деңгейін төмендетіп, нәтижеге кері әсер етуі мүмкін. 7 сынып оқушылары өз жауаптарында еркіндік деңгейінің төмендігін және қобалжуы басымдығын көрсетті. Мен бұны діл (менталитетік) ерекшелігінің әсері және 7 сынып биыл оқудың жаңартылған бағдарламасы бойынша оқытылып жатқандықтан әлі де бейімделудің төмендігі болар деп ұйғардым.

Оқушылардың қобалжу деңгейін Ч.Д. Спилбергер әдісі арқылы анықтаудың нәтижесінен А оқушыда «тұлғалық» қобалжу деңгейі төмен болса, В мен С оқушыда жоғары. Ал «жағдайлық» қобалжу А оқушыда орташа болса, В мен С жоғары. Осы оқушыларды В.Х. Ряховскийдің қарым-қатысқа тез түсу, (тез тіл табысып, араласып кету) деңгейі бойынша тест нәтижесінен А ортадан жоғары болса, В орташа, ал С ортадан төмен.

Жалпы көріп отырғанымыздай, оқу әдебиеттерінде танысқан теориялық мәлемттер диагностикалық сипаттарға сәйкес келетіндігін байқадым. Физика сабағында дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың жалпы түрлері: Жоғарыда анықталған А,В,С типтегі оқушылар барлық топта да кездеседі және әр сыныпта бар. Сондықтан, өз сабағымда осы оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бес қағидасын айқындадым: 1) тұлға ретінде дамуына мол мүмкіндік жасау; 2) сабақтан тыс уақыттағы жұмысқа да жұмылдыра білу (қызықты үй тапсырмалары); 3) жеке-даралық және дифференциялдап оқыту қағидасы; 4) сабақ барысындағы мұғалім тек бағыттаушы жетелеуші. 5) оқушылардың тапсырманы таңдаудағы еркіндігі. Сабақ барысында дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде басты туындаған сұрақ: әр сабағымды барлық оқушылар үшін қалай тиімді, әрі өнімді түрде жүргіземін? Дарынды оқушылар жалықпас үшін, оқу материалын қалай ұсынған тиімді. Сабақтың тиімділігі бірқатар факторлардан тәуелді. Сабаққа жоспар жасамас бұрын төмендегі жағдайларды жеке-жеке қарастырып аламын. Ол үшін әр сабақтың тақырыбы мен типін, сабақтар арасындағы байланысты, өткізетін тақырып көлемін, белгіленген уақыт, бекіту материалдарының тиімділігін мұқият зерделеймін. Сабақтар қызықты болуы үшін, оларды түрлі формада өткіземін: кіріктірілген сабақтар (физика-математика, физика-биология, физика-химия, физика-музыка); конференция сабағы, сот сабағы, дебат сабағы және т.б. Сабақ барысындағы жұмысты да әр түрлі ұйымдастырамын: ролдік тренингтер, «миға шабул», ақыл-ой марафондары. Дарынды оқушылар үшін қиындық деңгейі жоғары бірақ, сыни көзқарас пен шығармашылықты талап етін тапсырмаларды құрастырамын. Мұндай тапсырмаларды негізінен мәлімет және ақпаратпен, кестемен жұмыс, тірек сызбалар жасау, эксперимен тәжірибелерін жасау, есептер шығару. Дарынды оқушылармен жүргізген жұмыстарымның нәтижелері мені қуантады, себебі менің оқушыларым мектепке бейімделіп, өз білімдері мен қабілеттеріне саналы түрде көз-қарастарын қалыптастыра алды. Дарындылықты анықтау және оны дамыту бір жылдың жұмысы емес, және ол бірден нәтиже береді деп те айту қиын. Бұл жылдар бойы үздіксіз жүргізілетін үрдіс. Мен жұмыс барысында (бір жыл көлемінде) тек осы үш оқушына ғана емес толық сынып бойынша зерттеулер жүргізіп, келемін. Сынпта осы типтегі оқушылар кездеседі. Алдағы жылдары осы жұмысты жалғастыру, оларды олипиадалар мен ғылыми жұмыстар сайыстарына жиі қатысуына жағдай жасап, ынталарын арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер: Говард Гарднер. Структура разума: теория множественного интеллекта. – М.: ООО «И.Д. Вильямс», 2007. – 312-314 б. Дж. Брунер. Психология познания. За пределами непосредственной информации. Пер. с англ. — М.: Прогресс, 1977. – 415 б. Одаренные дети (1991). Под ред. Г.В. Бурменской, В.М. Слуцкого. М.: Прогресс, -56 б. Выготский Л.С. (1982 а). О психологических системах//Собр. соч. Т. 1. М.:Педагогика. С. 109-131. Үрей және қобалжушылық. В.М. Астапов. – СПБ.: Питер. 2001 – 256 б.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *