XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

Сабақ тақырыбы: XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
Сабақ мақсаттары: XVIII ғасырдың бірінші шиіріндегі қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатын, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық, елімізді; жерімізді қорғау жөніндегі білімдерін кеңейтіп қорытындылап-жинақтау.
Бағалау критерийлері Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын түсіндіреді
Тілдік мақсат Елім-ай, батырлар, жұт, аманат, жырау, қайың сауған.мағынасын біледі
• жеке, жұппен, топпен мәтінді оқиды.
• сәйкестендіру кестесін толтырады.
• видеороликтер көріп тыңдайды.
• Бейнежазба мен мәтіндегі ақын-жыраулардың туындылары және Елім-ай әнінің шығу тарихын ауызша сипаттайды.
Құндылықтарға баулу Оқушылардың жүрегінде патриоттық сезім оята отырып,
отанды сүюге,туған жерді қорғай білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс география, әдебиет пен музыка.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологияларының стратегиялары,сұрақ-жауап, баяндау, пікір алмасу
Көрнекілігі Тақырыпқа байланысты суреттер.Қазақстан картасы .тарихи тұлғалардың суреттері, тірек сызбалар.маркер,үлестірмелер
Жоспар:
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басы
1-кезең (8-10 мин)
Кіріспе. 1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу,білімгерлерді түгелдеу,сынып ішіндегі тазалықпен білімгерлердің сабаққа қатысымын қадағалау.
2.«Ақ тілек » атты шаттық шеңбері сәтін өткізу.
Мақсаты:сыныптың қарым-қатынасын,сенімділігін,жағымды кері байланыс орнату.
Оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
Ынтымақтастықты қалыптастыру
Топтарға бөлу:
Хандар,батырлар,билер.(өтілетін тақырыппен байланыстырып топқа бөлінеді,топтардың аттары слайттарда жазылады,
Суреттер қимасы арқылы оқушыларды 3топқа бөлу.
1-топ «хандар»
2-топ «батырлар»
3-топ «билер».
3.Үй тапсырмасын«иа»немесе« жоқ» ойын арқылы қорытындылау.
4.Жаңа сабақ:
1.Миға шабул:
• Құлақ салып көрейікші, қандай әуен естіледі? («Елім-ай» әні)
• Аталмыш ән қай кезеңде дүниеге келген?( Жоңғар шапқыншылығы)
• Олай болса, сұмдық сипатымен қазақтың есінде өшпестей болып қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ақ мешін», «қайын сауған» кезеңін еске түсіріп, төмендегі тапсырмаларды орындайық
• Бейнетаспадан үзінді көрсету.
Дискриптор : бейнебаян арқылы тақырыпты болжайды.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды:
әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті.
қазақ-жоңғар қатынасы шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін бір орталыққа бағындыру жүзеге аспай қалды.
елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.
Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.
Видеоролик көрсету
Оқулық ,интернет материалдары.
Авторлары:
З.Е.Қабылдинов, А.Т.Қайыпбаева.

1-топ: хандар
2-топ:билер
3-топ:батырлар

Стикер, маркер, плакаттар.

http:// www.e-history.kz

https://www.youtube. com/watch?v=A1 SZJ1iYP3k
Ортасы
2-кезең
(20-25)
минут

Постер қорғау
1-топ.Қазақ хандығының жағдайы (Венн диаграммасы)

2-топ «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» (Дара диаграммасы)

3-топ. «Жоңғар шапқыншылығының салдары (Ассосиация)

Әр топ
Басшысы тақырыпшаларды таңдап алады, топта талқылайды. Берілген әдіс бойынша жұмыс жасайды.

Плакат,маркер, стикер,

Ортасы
( 20-25) мин Сергіту сәті.Аты –жөнімен оқитын жерін,мамандығын латынша жазу.
№ 1 Картамен жұмыс.
3топқа картамен жұмыс.Қазақ халқының жоңғарлармен соғысқан және құрылтай болған орындарын көрсетеді.
Түркістан,Торғай,Балқашкөлі,Іле,Сырдария,Ордабасы,Жайық Карта
тақта
постер

Сабақтың соңы
(12 мин)

XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдері және айтыс өнеріне тоқталып өту
Жоңғарларды бейнелейтін иллюстрациялар көрсетемін.. Білімгерлерден суреттегі кейіпкерлер кімдер, олар сіздер көрген бейнероликке қандай қатысы болуы мүмкін деп сұраймын
«Жаңа сабақты бекіту кезеңі». Ал, енді балалар, жаңа сабағымызды бекіту үшін«Тарих дөңгелегі» ойынын ойнайық.«Тарих дөңгелегі» төрт бөлікке бөлінген.
1. Тұлғалар бөлімі: тарихи тұлғаны табуға арналаған сұрақтар.
2. Түсіндір бөлігі: оқиға мәнін, себебін анықтауға арналған сұрақтар
3. Қанатты сөздер бөлігі: бір тарихи тұлғаның қанатты сөзі жасырылған.
4. Даталар бөлігі: дата, уақыт, санға сәйкес сұрақ жасырылған
№1.Тұлғаны таны?
1.Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,- деп жырлаған жырау?
2.Жекпе –жекте жеңіп шыққан әрі батыр, әрі хан?
3. Абылай ханның кеңесшісі?
№2.Түсіндір бөлігі:
Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығы кезіндегі жағдайы
3. Түсіндір бөлігі:
Жақсы жердің қадірін-(қожа менен құл білер)
Жаңбырменен жер көгерер- (батаменен ел көгерер)
Жері байдың-(елі бай)
Жер тозса тақыр-(Ер тозса пақыр)
№3.Қанатты сөздер бөлігі.
№4.Даталар бөлігі:
Сөзжұмбақ шешу.
Қорытынды :
Қазақ жері кең байтақ әрі өте бай жер. Өзінің жер, суларымен ол көптеген елдерді қызықтырды. Бірақ біз ұзақ жылдар бойы күресу нәтижесінде өзіміздің белсенділігімізді сақтап қалдық. Біз әлі де көптеген елдерді қызықтырудамыз, бірақ бес саусақты бірге жұмылдырсақ бізге қарсы ешкім тұра алмасы айдан анық.
Рефлекция
Бағалау :бағалау парақшасы арқылы бағаланады Сабақтан алған әсерлері жайында стикерлер арқылы көрсетеді
Үйге тапсырма: XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. Қазақстанның Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі маңызды оқиғалардың хронологиясын жазу.

берілген мәліметтер арқылы өз ойларын айтады

Өзін-өзі топпен бағалайды
Ұсынылған стикерді толтыру

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *